Қазақстанның ашық кітапханасы
ал заң шығарушы өкімет қоғамның барлық бөліктері және әрбір мүшесі үшін оларға
мінез-құлық ережелерін жазып және олар бұзылған жағдайда жазалау үшін күш
беретіндіктен қоғамда ғана заң шығарушы бола алатындықтан, заң шығарушы өкімет
қажетіне қарай жоғарғы өкімет болуға тиіс және қандай да бір мүшелер немесе қоғамның
бөліктері арқылы қалған өкімет содан туындап, соған бағынады.
151. Заң шығарушы орган ылғи жұмыс істей бермейтін, ал атқарушы өкімет өзі де заң
шығарушы органға қатысатын бір адамға сеніп тапсырылған кейбір мемлекеттерде сол бір
кісіні зордың күшімен жоғарғы өкімет деп атауға болады. Мұның өзі сол адам жоғарғы
өкімет болып табылатын заң шығару билігіне бір өзі ие болатындықтан емес, оның өзінің
жоғарғы атқару құқығына ие екендігіне, бағынышты билік түрлері немесе, бері салғанда,
төмен тұрған барлық мансап иелері ие болып отырған олардың басым бөлігі содан
туындайды; оның үстінен қарайтын жоғарғы заң шығарушы орган болмағандықтан, оның
келісімінсіз жасалуы мүмкін заң болмағандықтан, - оны күндердің күнінде заң шығарушы
органның қалған бөлігіне бағындыратын заң болар деп күтуге бола қояр ма екен, — ол
мұндай жағдайда жоғарғы билік деп әділ түрде атала алады. Бірақ оған ант және
адалдыққа серт берілетін болса да, ол оған жоғарғы заң шығарушы ретінде емес, оның
және басқалардың бірлескен пәрменімен жасалған заңды жоғарғы атқарушы ретінде
беріледі; серт дегеніміз небәрі заңға сәйкес бағынушылық қана; ол осы заңды бұзған
кезде, ол бағынуды талап ете алмайды және заң билігі берілген қоғам қайраткері ретінде
болмаса, басқаша жағдайда оны талап ете алмайды; сондықтан оны мемлекеттің бейнесі,
елесі немесе қоғам заңдарында жария етілген соның еркімен әрекет ететін өкілі деп санау
керек; демек, оның заңдағыдан басқа еркі де, билігі де жоқ. Бірақ ол осы өкілдіктен, осы
қоғамдық еріктен айрылып, өзінің жеке еркі бойынша қарекет еткен кезде, ол төмендеп,
небәрі билігі жоқ, еркі жоқ, бағындыруға құқығы жоқ жеке адам болып шығады; қоғам
мүшелері тек қоғамның еркіне ғана бағынуға міндетті.
152. Кімнің де болса қолында болып, бірақ заң шығарушы органға қатысатын адамның
қолында болмайтын атқарушы билік заң шығарушы өкіметке бағынышты және соған
есепті болатыны және сол өкіметтің қалауы бойынша өзгертіле немесе орнынан босатыла
алатыны анық; бұл бағыныштылықтан жоғарғы атқарушы билік емес, бір адамға сеніп
тапсырылған жоғары атқарушы билік бостан заң шығарушы органға қатыса отырып, онда
өзі бағынатын және есеп беретін жоғары тұрған жеке заң шығару органы болмайды, оған
өзі қаншалықты қосылып, келісім беретін дәрежеде ғана бағынышты болады деген соз;
осылайша, оның бағыныштылығы өзі қажет деп тапқан шамадан коп болмайды, ал мұның
өзі ең елеусіз шамадағы ғана бағыныштылық деп кесіп айтуға болады. Мемлекеттегі басқа
министрлік және бағынышты өкіметтер туралы айтып жатудың қажеттілігі жоқ, өйткені
олардың көптігі және жекелеген мемлекеттердің түрлі салттары мен мекемелерінде сан
қилы түрде орын алатыны соншалық, олардың барлығы туралы егжей-тегжейлі беру
мүмкін емес. Біз небәрі біздің мақсатымыз үшін қажеттісіне ғана тоқталамыз және
олардың белгілі бір тарту әрі тапсырма ретінде берілгенінен басқа бір де біреуі биліктің
қандай да бір түріне не еместігін, олардың барлығы мемлекеттегі қандай да бір басқа
билік алдында есеп беретіндігін атап өтеміз.
153. Заң шығарушы органның үздіксіз жұмыс істеуінің ешқандай қажеттігі жоқ, тіпті одан
келетін зор ыңғайлылық та жоқ. Алайда мұның өзі атқарушы өкімет үшін абсолютті
қажет: жаңа заң шығаруға мұқтаждық ылғи бола бермейді, бірақ жасалған заңдарды
әрдайым орындап отыру керек қой. Заң шығарушы орган өзі шығарған заңдардың
атқарылуын басқалардың қолына бергенде, онда тиісті бір себеп болса, оны басқалардың
қолынан қайтып алып, заңдарды бұзатын кез-келген жаман басқару үшін жазалау билігі
қалады. Бұл федерациялық өкімет жөнінде де әділетті, өйткені ол да, атқарушы өкімет те