Қазақстанның ашық кітапханасы
Өйткені үкіметтің барлық өкіметі тек қоғам игілігі үшін тіршілік етеді ғой және
сондықтан ол, қаншалық деспоттық және жүгенсіз болмауға тиіс болса, соншалық
белгіленген және жарияланған заңдардың көмегімен жүзеге асырылуға тиіс, бүл халық та
өзінің міндеттерін біліп, заң шегінде қауіпсіздікте болуы үшін, билеушілер де өз
шектерінде болып қолдарындағы биліктің арқасында оны өздері ашық айтуға батпайтын
мақсатта және солардың көмегімен қолданудан алыс тұруы үшін қажет.
138. Үшіншіден, жоғарғы өкімет қандай да бір адамды оның меншігінің қандай бір
бөлігінен оның келісімінсіз айыра алмайды. Себебі меншікті сақтау үкіметтің мақсаты
болып табылады, адамдар қоғамға нақ сол үшін кіреді; осылайша, қажетіне қарай осыдан
адамдардың меншігі болуы керек деп саналады және талап етіледі, өйткені мұнсыз олар
қоғамға кірген кезде өздерінің кіру мақсаты болған нәрседен .айырылады; бұл тым зор
жөнсіздік, онымен ешкім келісе қоймас. Ендеше, адамдар қоғамда болғанда меншікке ие
болады; олардың мүлікке құқығы қоғамдастықтың заңы бойынша өздерінің меншігі
болады, олардың жиған-терген мүлкін немесе олардың бір бөлігін өздерінің келісімінсіз
алуға ешкімнің де құқығы болмайды; мұнсыз олардың ешқандай меншігі болмайды. Егер
менің меншігімді ойына келген сәтте, менің келісімімсіз тартып алуға басқа адамның
құқығы болса, онда менде шынында да ешқандай меншіктің болмағаны ғой. Осылайша,
кез-келген мемлекеттің жоғарғы немесе заң шығарушы өкіметі ойына келгеннің бәрін
істей алады, бодандарының мүлкіне деспоттық билік жүргізе алады немесе осы мүліктің
бір бөлігін жөнсіз ырқымен ала алады деп ойлау қате. Заң шығарушы орган құрамы
толығымен немесе ішінара үнемі өзгеріп тұратын жиналыстардан тұратын, ал ол
таратылғаннан кейін оның мүшелері басқалар секілді өз елінің ортақ заңдарына тең
дәрежеде бағынатын басқару жүйелерінде бұдан онша қорықпауға болады. Бірақ заң
шығарушы орган тұрақты жұмыс істейтін бір жиналыстан тұратын немесе барлық заң
шығарушы билік абсолютті монархиядағыдай бір адамның уысында болатын басқару
жүйелерінде бұл адамдар немесе адам өздерінің қоғамдастықтың қалған бөлігінен өзге
ерекше мүддесі бар деп санап, ойына келгеннің барлығын халықтан алып, өздерінің
байлығы мен билігін ұлғайтуға бейім болады. Өйткені, егер осы азаматтарға бұйрығын
жүргізіп отырған адамның өз қалауы бойынша кез-келген жеке тұлғадан оның меншігінің
кез-келген бөлігін тартып алатын және оны пайдаланатын, ойына келгенінше әмірін
жүргізетін билігі болса, оның меншігін өзіндей азаматтардың меншігінен бөлетін жақсы
және әділ заңдары болса да, адамның меншігі мүлде қауіпсіз жағдайда болмайды ғой.
139. Бірақ үкімет, кімнің қолында болса да, мен көрсетіп өткендей, адамдардың өз меншігі
болуын және оны қамтамасыз ету шартымен және сол мақсат үшін ғана билікке ие
болады; тақсыр немесе сенаттың бодандар арасында меншікті реттейтін заң шығару билігі
қандай болса да, дегенмен ешқашан бодандардың барлық меншігін немесе меншігінің
қандай да бір бөлігін олардың келісімінсіз алу билігіне не бола алмайды, өйткені бұл іс
жүзінде бодандарды жалпы қандай да бір меншіксіз қалдыру болып шығар еді. Сондықтан
қажет жерінде абсолютті билік те абсолютті бола тұра деспоттық билік болмайтынына,
дегенмен кейбір жағдайларда осы биліктің абсолюттік болуы талап етілетін жағдайлармен
шектелетіндігіне және мақсаттармен айқындалатынына көз жеткізу үшін бізге әскери
тәртіптің әдеттегі практикасын қарастыру жеткілікті. Армияны сақтау, сол арқылы бүкіл
мемлекетті сақтау өзінен жоғары тұрған әрбір офицерге абсолютті бағынуды талап етеді,
және де ең қауіпті немесе ақылға сыймайтын бұйрықтарға бағынбағаны немесе
дауласқаны үшін өлім жазасы қолданылатыны әділ; дегенмен біз солдатқа оның қаза
болуы күмәнсіз зеңбірек өңешіне баруды немесе қорған қабырғасының ойылып түскен
жерінде тұруды бұйыра алатын сержанттың сол солдатқа і и ақшасының бір пенниін болса
да бер деп бұйыра алмайтынын көреміз; тап сол сияқты өзінің орнын өз бетімен тастап
кеткені немесе барып тұрған ақылға сыймайтын бұйрықтарға мойынсұнбағаны үшін оны