Қазақстанның ашық кітапханасы
өлім жазасына кесе алатын генерал, оның өмірі мен өліміне абсолютті билігі бола тұрып,
гол солдаттың меншігіндегі бір фартингке де билік ете алмайды немесе оның мүлкінің
болар-болмас бөлігін иелене майды; дегенмен ол солдатқа қандай да болмасын бұйрықты
бере алады және болар-болмас мойынсұнбаушылық үшін дарға аса алады, өйткені тап
осындай көзсіз бағыну бұл билікке командирдің не болу мақсатына, яғни, басқаларды
сақтауға қол жеткізу үшін қажет; бірақ оның мүлкіне билік ету құқығының бұған
ешқандай қатысы жоқ.
140. Үкіметтерді үлкен шығындар жұмсамай ұстап тұру мүмкін емес екендігі рас, және
өзін қорғау үлесін пайдаланатын әрбір адам оны ұстауға кететін үлесті өзінің мүлкінен
төлеуге тиіс. Бірақ дегенмен бұл оның өз келісімімен, яғни, не тікелей өзі, не өздері
сайлаған өкілдер арқылы беpiлетін көпшіліктің келісімімен жасалуы керек. Өйткені, егер
әлдекім халықтың тарапынан келісімсіз өзінің жеке билігімен салық енгізу және оны
халықтан жинау құқығын талап ететін болса, сонысымен ол меншіктің негізгі заңына
қаскүнемдік жасайды және үкімет мақсатының жүзеге асырылуына кедергі жасайды.
Басқа адам ойына келген уақытта, өз құқығы бойынша ала алатын болса, менің қандай
меншік құқығым болуы мүмкін?
141. Төртіншіден, заң шығарушы орган заң шығару құқығын басқа біреулерге бере
алмайды. Өйткені бұл халық сеніп тапсырған құқық, сондықтан оған ие болған адамдар,
оны басқаларға бере алмайды. Мемлекет пошымын заң шығарушы өкіметті құру және ол
өкіметті ұстайтын адамдарды тағайындау арқылы халық қана орната алады. Және халық:
біз заңның нұсқауларына бағынып, біз үшін осындай адамдар, осындай пошымда жасаған
заңдар арқылы басқарылатын боламыз деп мәлімдейтін болса, - басқа ешкім де халық
үшін заңдарды басқа адамдар жасайды дей алмайды; дәл сол секілді халық та, халық
сайлап, сол үшін заңдар шығару өкілеттігі берілген адамдар шығарған заңдардан өзге
заңдарға матастырыла алмайды. Заң шығару билігі, ол оң көзбен қараған ерікті сый және
орнату арқылы халықтан болғандықтан, осы сый арқылы берілгеннен басқа ештеңе бола
алмайтындықтан, ал ол заң шығарушыларды емес, тек заңдар шығару үшін
жасалғандықтан, заң шығару органы өзінің заң шығару билігін басқа біреуге сеніп
тапсырып, басқаларға бере алмайды.
142. Кез-келген мемлекеттің басқарудың барлық пошымдарында заң шығарушылар
өкіметі үшін қоғам берген өкілеттіктер және құдай мен табиғат белгілеген заң шектері
міне осылар.
Біріншіден, олар жарияланған белгіленген заңдар бойынша басқаруға тиіс, әрбір
жекелеген жағдайда олар өзгермеуге тиіс, керісінше, бай үшін де, жарлы үшін де,
сарайдағы фаворит үшін де, соқа соңындағы шаруа үшін де бір заң болуға тиіс.
Екіншіден, бұл заңдар халық игілігінен басқа ешқандай өзге түпкі мақсатқа арналмауға
тиіс.
Үшіншіден, олар халықтың өзінің немесе өз өкілдері арқылы берген келісімінсіз оның
меншігіне салықты көбейтпеуге тиіс. Және бұл, әрине, тек қана заң шығарушы органы
үздіксіз жұмыс істейтін немесе халық, бері салғанда заң шығарушы билікті белгілі бір
бөлігін оқтын-оқтын өздері сайлайтын депутаттарға беріп қоймаған мемлекеттерге
қатысты.
Төртіншіден, заң шығарушы орган заң шығару билігін халық сеніп тапсырған адамнан
басқа қандай да бір адамға бермеуге тиіс және бере алмайды немесе қайта сеніп тапсыра
алмайды.