Қазақстанның ашық кітапханасы
мен соған өкілетті белгілі қазылар арқылы әділ сот жүргізуге және боданның құқықтарын
белгілеуге міндетті. Өйткені, жаратылыстық заңы жазып қойылған заң емес және оны
адамдардың ақылынан басқа еш жерден табуға болмайтындықтан, нәпсісі мен жеке
мүддесінің арқасында оны бұрмалайтын немесе теріс қолданатындардың қателіктеріне,
егер сол үшін қойылған қазы болмаса, олардың көзін жеткізу оңай бола қоймайды ғой.
Бүл жағдайда заң өзінің күші жүретіндердің құқықтарын айқындап, меншіктерін сақтау
ісіне қызмет етпейді, ал заң соған қызмет етуге тиіс, әсіресе, әркім сол заңның (өз ісінде
де) қазысы, тәпсіршісі және орындаушысы болатын жерлерде; солай және құқығы бар
адамда әдетте тек өзінің жеке күші ғана болады, яғни, өзін жәбірлеуден қорғау үшін
немесе қылмыскерлерді жазалау үшін жеткілікті күші болмайды. Жаратылыстық
ахуалдағы адамның меншігін қожыратуға жетелейтін осынау қолайсыздықтардан құтылу
үшін адамдар қоғамға бірігеді, мұны өзінің меншігін сақтап, қорғау және оны анықтайтын
тұрақты заңдары (солардың арқасында әркім өзіне не тиесілі екендігін біле алады) болуы
үшін бүкіл қоғамның біріккен күшіне сүйену мақсатында істейді. Бұл үшін адамдар
өздерінің бүкіл табиғи билігін өздері кіретін қоғамға береді, ал қоғамдастық заң шығару
билігін өзі лайықты деп тапқандардың қолына тапсырады; бұл ретте адамдар өздері жария
етілген заңдардың көмегімен басқарылады деп үміттенеді, керісінше болса, олардың
тыныштығы, бейғамдығы мен меншігі жаратылыстық ахуалдағыдай бұрынғысынша
дүдамал жағдайда болады.
137. Абсолютті деспоттық өкімет, немесе белгіленген тұрақты заңдарсыз басқару қоғам
мен үкіметтің мақсаттарына тіпті де сәйкес бола алмайды, өйткені адамдар сол мақсаттар
үшін, яғни тек өздерінің өмірін, бостандығы мен меншігін сақтау үшін және құқық пен
меншік туралы белгіленген заң қағидаларының көмегімен өздерінің тыныштығы мен
алаңсыздығын қамтамасыз ету үшін жаратылыстық ахуалдағы бостандығынан бас тартып,
өздерін тиісті дәнекерлермен матаған. Олар, тіпті қолынан келетін болғанның өзінде,
өздерінің жеке басы мен игіліктері жөніндегі абсолютті деспоттық билікті қандай да бір
адамға немесе бірнеше адамға беріп, ол өздері жөнінде шектеусіз жүгенсіздік жасауы
үшін билікті соның қолына тапсыруға ниеттенді деп ойлауға болмайды. Бұл өзін
жаратылыстық ахуалдағыдан да жаман жағдайға ұшырату болар еді, өйткені бүл ахуалда
оларда өз құқықтарын басқалардың қаскүнемдігінен қорғау бостандығы және бір немесе
бірден көп адамның шабуылына ұшырағанда оны қорғап қалу үшін күші болған. Егер де
біз олар өздерін абсолютті деспоттық билікке және бір заң шығарушының ырқына
бағындырды деп ойлайтын болсақ, онда олар өздерін қарусыздандырып, оны
қаруландырған болып шығады, сондықтан да ол кез-келген сәтте оларды өзінің олжасы
ете алады. Қарамағында 100000 адам бар бір адамның деспоттық өкіметіне тәуелді адам,
жекелеген 100000 адамның деспоттық өкіметіне бағынған адамға қарағанда, әлдеқайда
ауыр жағдайда болады ғой; өйткені осындай билігі бар адамның ырқы, мейлі оның күші
100000 есе артық болса да, басқа адамдардың ырқынан артық екендігіне ешкім де кепіл
бола алмайды ғой. Ендеше, мемлекеттің пошымы қандай болса да, билік жүргізуші өкімет
оқыс шығарылған бұйрықтар мен дүдамал шешімдердің көмегімен емес, жария етілген
және белгіленген заңдардың көмегімен басқаруға тиіс. Өйткені, егер адамзат, бір адамды
немесе біраз адамдарды көптің біріккен күшімен бағындыруға мәжбүр ету, осынау көпті
олардың мүмкіндік шегінен шығып кететін шамадан тыс және жүгенсіз, кенет ойына
келген талаптарының жүгенсіздігіне немесе билеп-төстеушілердің қарекеттерін бағыттап,
оларды ақтай алатын қандай да бір белгіленген өлшемдер жоқ кезде, ештеңемен
шектелмеген әрі осы сәтке дейін беймәлім ырыққа бағынуға мәжбүр ету үшін
қаруландырса, жаратылыстық ахуалдағыдан әлдеқайда нашар жағдайға тап болады.
ортақ заңдарына сәйкес және Қасиетті кітаптың белгілі бір заңына қайшы келмейтіндей етіп жасалуы керек.
Керісінше болса, бұл заңдардың нашар жасалғаны" (Гукер. Шіркеу саясаты, III кітап, 9-бөлім).