Page 30 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Д. Локк. БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЕКІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
оның мүшелерінен алған билік негізінде болмаса, заң шығаруға ешкімнің де құқығы жоқ.
Демек, кез-келген адам ең салтанатты міндеттемелер арқылы көрсетуге міндетті бүкіл
бағыну ақыр соңында осы жоғарғы өкіметте аяқталып, ол шығаратын заңдармен
бағытталып отырады. Қандай да бір шетелдік державаға берілген ант та, ешқандай
отандық бағыныштағы билік те қоғамның кез-келген мүшесін қоғамның сенімі бойынша
жұмыс істейтін заң шығарушыға бағынудан босата алмайды; тап сол сияқты қоғамның
кез-келген мүшесін осылайша шығарылған заңдарға қарсы бірдеңеге бағынуға немесе заң
белгілегеннен көп мөлшерде бағынуға міндеттеуге болмайды; әлдекім қоғамда жоғарғы
өкімет болып табылмайтын қандай да бір өкіметке толығымен бағынуға міндетті болуы
мүмкін дегенді ойлаудың өзі күлкілі.
135. Заң шығарушы билік ол бір адамның немесе бірнеше адамның қолында
шоғырланғанына, үздіксіз немесе белгілі бір үзілістермен жүзеге асырылатынына
қарамастан, ол әрбір мемлекеттегі жоғарғы билік болса да, дегенмен:
Біріншіден, халықтың өмірі мен игілігі жөнінде ол абсолютті деспоттық билік болып
табылмайды және, тегінде бола да алмайды. Өйткені ол небәрі қоғамның барлық
мүшелерінің заң шығарушылар болып табылатын адамдарға немесе жиналысқа берген
құрама билігі ғана; ол жаратылыстық ахуалда болған осы адамдар, қоғамға кіріп, осы
билікті қоғамдастыққа бергенге дейінгі кезде ие болған биліктен артық бола алмайды.
Өйткені ешкім де басқаға өзінде бар биліктен асырып ештеңе де бере алмайды және
ешкімнің де өзіне немесе басқа біреуге өзін өлтірерліктей немесе басқа біреуді өмірінен
немесе мүлкінен айырарлықтай бағындыратын абсолютті деспоттық билігі жоқ.
Дәлелденгеніндей, адам өзін басқа біреудің деспоттық билігіне бағындыра алмайды; және
де жаратылыстық ахуалда оның басқаның өміріне, бостандығына немесе меншігіне
деспоттық билігі болмағандықтан, табиғат заңы небәрі оның өзі мен адамзаттың қалған
бөлігін сақтау билігін ғана беретіндіктен, оның мемлекетке, сол арқылы заң шығарушыға
беретіні немесе бере алатыны сол ғана, сондықтан заң билігі бұдан артық ештеңеге не
бола алмайды. Бұл билік өзінің ең шеткі шектерінде қоғамдық игілікпен шектелген. Оның
[қоғамды] сақтаудан өзге мақсаты жоқ, демек бодандарды қырып-жою, құлдыққа салу
немесе қасақана қайыршылыққа ұшырату құқығына ешқашан не бола алмайды . Табиғат
заңының міндеттемелері қоғамда тіршілік етуін тоқтатпайды, бірақ көптеген жағдайларда
олар неғұрлым анық білдіріледі және адамдардың заңдарына сәйкес оларды сақтауға
мәжбүр ету үшін оларға белгілі бір жазалар ілесе жүреді.
Осылайша, табиғат заңы барлық адамдар үшін, заң шығарушылар үшін де, басқа адамдар
секілді, мәңгілік басшылық ретінде көрінеді. Олар басқа адамдардың іс-қимылдарын
бағыттау үшін шығаратын заңдар олардың өздерінің қарекеттері мен басқа адамдардың
қарекеттері секілді жаратылыстық заңына, яғни, құдайдың ырқына сәйкес болуы керек, ол
соның көрінісі; табиғаттың негізгі заңы адамзатты сақтау болып табылатындықтан, егер
бұған қайшы келетін болса, ешқандай да адам рұқсаты ізгілікті немесе негізді бола
алмайды.
136. Екіншіден, заң шығарушы, яки жоғарғы өкімет өзіне жүгенсіз деспоттық жарлықтар
6
арқылы билеп-төстеу құқығын ала алмайды; керісінше, ол жарияланған тұрақты заңдар
келсек,егер біз бір бөлігі болып табылатын қоғам бір кездерде бұған келіскен болса және кейіннен тап
сондай ортақ шешіммен бұл келісімнің күшін жоймаған болса, онда келісеміз.
6
"Адамдардың заңдары қарекеттерін солар бағыттап отыратын адамдар жөніндегі өлшем болып табылады;
алайда олар осындай өлшем болса да, сондай-ақ олар үшін де оларды өлшейтін жоғарғы заңдар бар, бұл
заңдардың саны екеу: құдайдың заңы және жаратылыстың заңы; демек, адамдардың заңдары табиғаттың