Page 29 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Д. Локк. БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЕКІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
болады; егер билік оған ғұмырының ақырына дейін беріліп, оның қазасынан кейін оның
ізбасарын тағайындау құқығы көпшілікке қайтарылатын болса, онда бұл сайлаулы
монархия болады. Және осыған сәйкес қоғамдастық, өзі нені жақсырақ деп санағанына
қарай, басқарудың күрделі және аралас пошымдарын орната алады. Егер заң шығару
билігін көпшілік бастапқыда бір немесе бірнеше адамға небәрі ғұмырының ақырына дейін
немесе белгілі бір шектеулі уақытқа ғана берген, содан кейін жоғарғы билік көпшілікке
қайтарылуы керек болса, осындай жағдай туған кезде қоғамдастық оны тағы да өзіне
қолайлы қолға беріп, сөйтіп, басқарудың жаңа пошымын жасай алатын. Өйткені, басқару
пошымы заң шығару билігі болып табылатын жоғарғы билік кімнің қолында екендігіне
тәуелді (төменгі биліктің жоғарғы билікке нұсқау бергенін немесе жоғарғы биліктен басқа
біреудің заң шығаруын елестету мүмкін емес); осыған сәйкес мемлекеттің пошымын заң
шығару билігі кімде болса, сол айқындайды.
133. Мемлекет дегенде мен үнемі демократияны немесе басқарудың қандай да бір өзгеше
пошымын емес, латындар "civitas" деп нобайлаған кез-келген тәуелсіз қоғамдастықты (any
independent community) айтамын; бұл сөзге біздің тіліміздегі "мемлекет" (commonwealth)
деген сөз көбірек сәйкес келеді, ол адамдардың осындай қоғамын нобайлайтын ұғымды
неғұрлым дәл білдіреді, ал ағылшынның "қауым" (community) немесе "қала" (city) деген
сөзі ол мәнді білдірмейді, өйткені мемлекетте оған бағынатын қауымдар болуы мүмкін, ал
бізде "қала" деген сөз "мемлекет" деген сөзден мүлдем өзге мән береді. Қос
мағыналылыққа жол бермеу үшін, мен "мемлекет" деген сөзді, өз байқауымша, король I
Яков қолданған мағынада пайдалануға тырысатыным міне сондықтан, және де мен мұны
осы сөздің шынайы мәнін білдіреді деп ойлаймын; егер кімде-кімге бұл ұнамаса, ол оны
неғұрлым сәйкес сөзбен ауыстырған бойда мен онымен келісуге әзірмін.
XI тарау
Заң шығарушы өкіметтің ауқымы туралы
134. Адамдардың қоғамға кіруінің негізгі мақсаты өзінің меншігін алаңсыз, қауіпсіз
пайдалану болып табылады, ал мұның негізгі құралы мен амалы қызметін қоғамда
орнатылған заңдар атқарады; барлық мемлекеттердің бірінші және негізгі оң заңы заң
шығарушы өкіметті орнату болып табылады; тап сол сияқты заң шығарушы биліктің өзі
бағынуға тиісті бірінші және негізгі жаратылыстық заңы қоғамды және (қоғамдық игілікке
қаншалықты сәйкес шамада) қоғамның әрбір мүшесін сақтау болып табылады. Бұл заң
шығарушы өкімет мемлекеттегі жоғарғы өкімет қана емес, бір кезде қоғамдастық сеніп
тапсырғандардың қолындағы қасиетті де мызғымайтын өкімет болып табылады. Және
кімнің болмасын бірде-бір жарлығы, мейлі ол қандай пошымда ойластырылмасын және
қандай өкімет оны қолдамасын, егер ол халық сайлаған және орнатқан заң шығарушы
органның рұқсатын алмаса, заң күші мен міндеттілігіне ие бола алмайды. Өйткені мұндай
рұқсатсыз аталған заң, шындығында да заң болуы үшін мүлдем қажетті нәрсеге – бәрінен
жоғары тұратын қоғамның келісіміне ие бола алмайды және осы қоғамның келісімі
5
және
5
"Адамдардың тұтас саяси қоғамдарын басқаратын заңдарды шығарудың заңды билігі тұтастай алғанда осы
қоғамдардың нақ өздеріне тиесілі екендігі соншалық, егер жер бетіндегі қандай да бір тақсыр немесе
монарх мұны құдайдан тікелей және жеке алған нұсқау бойынша емес және ең алдымен оның заңына
бағынатын адамдардың келісімі негізінде емес, өз пәрменімен істейтін болса, онда бұның кәдімгі
тираниядан ешбір артықшылығы жоқ. Ендеше, қоғамның мақұлдауын алмаған заңдар заң болып
табылмайды" (Гукер. Шіркеу саясаты, I кітап, 10-бөлім) Осы мәселе бойынша біз ендеше мынаны атап
көрсетуіміз керек: егер адамдар жаратылысынан адамдардың тұтастай саяси қоғамдастықтарына бұйрығын
жүргізудің толық және абсолютті билігіне ие болмаса, онда сондықтан да өзіміздің мүлде келісіміміз
болмай, біз қандай да бір адамның билігінде бола алмаймыз. Ал, бізге бұйрығын жүргізу мәселесіне