Қазақстанның ашық кітапханасы
етіп алады да, біздің бір-біріміз жөніндегі міндеттерімізді соған құрады, сөйтіп содан
әділет пен жанашырлықтың ұлы принциптерін шығарады. Ол былай дейді: "Тап осындай
жаратылыстық талпыныс адамдарды өз жақындарын өзіндей сүю өздерінің парызы
екендігін түйсінуге алып келді; өйткені, тең болып табылатын заттарды түйсіну үшін
баршада бір өлшем болуы қажет; егер мен әрбір адам өзіне жақсы қарауды қаншалықты
қаласа, маған соншалықты шамада жақсы қарауын қаламай тұра алмасам, онда мен,
барлық адамдардың жаратылысы бірдей болғандықтан, басқа адамдарда да туындайтыны
күмәнсіз өзімнің осындай тілегімді белгілі бір дәрежеде қанағаттандыруға тырыспасам,
оңда мен өзімнің осы тілегімді қанағаттандыруға қалай дәмелене аламын? Егер оларға осы
тілекке қайшы бірдеңе ұсынылатын болса, онда бұл оларды барлық жағынан тап мендей
ренжітетіндігі күмәнсіз; осылайша, егер де мен жамандық жасасам, онда мен қасірет
шегуге дайын болуым керек, өйткені, маған басқа адамдардың мен оларға көрсеткеннен
көбірек сүйіспеншілік көрсетуіне ешқандай да негіз жоқ; ендеше, менің жаратылысынан
өзіме тең адамдар тарапынан мүмкіндігінше көбірек сүйіспеншілік тілеуім маған менің
оларға қатысты да қуаты соншалық сезімде болудың жаратылыстық міндетін жүктейді;
біз және бізге ұқсастар арасындағы осы теңдік қатынасынан жаратылыстық парасат
өмірде қолдану үшін әрбір адамға белгілі бірнеше ереже мен өсиетті шығарған" (Шіркеу
саясаты. I кітап).
6. Бірақ бұл дегеніңіз бостандық ахуалы болғанымен, бұл дегеніңіз ойына келгенді істеу
ахуалы емес адам бұл ахуалда өзінің жеке басына және меншігіне билік етудің шектеусіз
бостандығына ие болғанымен, онда өзін немесе өзінің иелігіндегі қандай да бір тіршілік
иесін жойып жіберу бостандығы жоқ, бұған, әрине, ол игілікті құр сақтаудан гөрі
анағүрлым ізгі мақсатта пайдалану жағдайы кірмейді. Жаратылыстық жағдайдың өзін
басқаратын және әркім үшін міндетті табиғат заңы бар; және осы заң болып табылатын
парасат, өзімен санасуды қалаған барлық адамдарды, барлық адамдар тең әрі тәуелсіз
болғандықтан, олардың бір де біреуі басқаның өміріне, денсаулығына, бостандығына
немесе меншігіне залал келтірмеуге тиіс деп үйретеді; өйткені барлық адамдарды бір ғана
құдіреті күшті әрі кемеңгер жасаған жаратқан; олардың барлығы – бір жоғарғы иенің
қызметшілері, дүниеге соның бұйрығымен, соның ісімен жұмсалған; олар өздерін
жаратқанның меншігі және олардың тіршілік етуі өздеріне емес, жаратқанның қаншалық
қалауына байланысты; және де, бірдей қабілетке ие болып отырған және ортақ иелігімізде
баршамызға берілген бір ғана табиғат бар, біз өзіміздің ортамызда, тіршілік иелерінің
төменгі тұқымдары біз үшін жаратылғаны секілді, біз біреуімізді екіншіміз пайдалану
үшін жаратылғандай, бір-бірімізді жоюға құқық беретін бағынушылық бар деп біле
алмаймыз. Біздің әрқайсымыз өзімізді сақтауға және өз орнымызды өз қалауымызбен
тастап кетпеуге міндетті болғандықтан, өзіміздің өмірімізге қауіп төнбеген кезде, дәл сол
себеппен адамзаттық қалған бөлігін, қолынан келгенінше, сақтауға міндетті және,
қылмыскер жөнінде қазылық жасағаннан басқа кезде, басқаны өлтірмеуге, оған қастандық
жасамауға, дәл сол секілді оның өмірін, бостандығын, денсаулығын, дене мүшелерін
немесе меншігін сақтауға жәрдемдесетін нәрсенің бәріне қастандық жасамауға тиіс.
7. Адамдардың барлығын басқалардың құқығына қол сұғудан және бір-біріне нұқсан
келтіруден тежеп ұстау және тыныштық пен барша адамзаттың сақталуын талап ететін
табиғат заңын сақтау үшін, табиғат заңын сол күйінде жүзеге асыру әрбір адамның
қолына берілген, осының салдарынан осы заңды бұзатындарды оны бұзуға жол бермейтін
дәрежеде жазалау құқығы әрбір адамда бар. Егер осы жаратылыстық ахуалда бұл заңды
жүзеге асыру билігіне және сол арқылы кінәсіздерді қорғап, заң бұзушыларды ауыздықтау
билігіне ешкім ие болмаса, табиғат заңы, осы дүниедегі адамдарға қатысты басқа барлық
заңдар сияқты, пайдасыз болып шығар еді; және егер осынау жаратылыстық ахуалда әркім
басқа біреуді жасаған кез-келген жамандығы үшін жазалай алатын болса, онда әркім де