Қазақстанның ашық кітапханасы
ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ
Джон Локк
БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЕКІ ТРАКТАТ
(1632-1704) ағартушылық аталарының бірі, либерализмді дамытудағы басты тұлға
ретінде кеңінен танылған ағылшын философы. 1658 жылы Оксфордта ұстаздық
кызметке кіріскенімен, бұл қызметі 1667 жылы аяқталды. Оның саясат теоретигі
ретіндегі беделі "Басқару туралы екі трактатқа" (1690), философ және эмпиризмнің
негізін қалаушы ретіндегі беделі "Адам парасаты туралы очерктерге" (1689) негізделген.
Оның "Білім беру туралы ойлар" (1693) атты еңбегі де аса құрметтеледі. Оның "Сабыр
туралы хат" (1693), I "Христиандық парасаты " (1695) атты еңбектері де тиісінше
бағаланады.
"Басқару туралы екі трактат'' ресми түрде сэр Роберт Филмер идеясын теріске шығару
үшін жазылған деп саналады. Филмер барлық заңды өкімет, сайып келгенде, Алла адамға
берген абсолютті жоғарғы билікке және бүкіл дүниені дербес меншіктену, оны мура
етіп үлкен ұлына сыйлау құқығына негізделген дейді. Локк саяси билікті ата-аналар
билігінен немесе меншікпен байланысты биліктен мүлдем басқаша етіп бейнелеуге
ұмтылады. Ол тек өкіметті шектеуді ғана емес, өкіметті бөлуді, заң билігін және
кейбір жағдайларда көтерілістің заңды болатынын жақтады.
Біріншісінде, сэр Роберт Филмердің және оның ізбасарларының жалған принциптері мен
негіздері зерттеліп, жоққа шығарылады.
Екіншісі, азаматтық басқарудың шынайы шығу тегі, қарекет салалары мен мақсаттары
туралы тәжірибе.
II тарау
Жаратылыстық ахуал туралы
4. Саяси өкіметті дұрыс түсіну және оның пайда болуының қайнар көзін дұрыс анықтау
үшін біз барлық адамдардың қандай жаратылыстық ахуалда екендігін қарастыруға тиіспіз,
ал бүл дегеніңіз - олардың қарекетіне қатысты және қандай да бір басқа адамнан рұқсат
сұрамастан және әлдекімнің ырқына тәуелді болмастан, табиғат заңының шегінде өздері
үшін лайықты деп санайтын өзінің мүлкі мен тұлғасына билік етуге қатысты толық
еркіндік ахуалы.
Бұл дегеніңіз сондай-ақ теңдік ахуалы, оның тұсында барлық билік және барлық
құзырлылық өзара байланысты болады, – ешкімнің басқадан көп ештеңесі болмайды. Бір
тұқым мен түрдегі тіршілік иелері, дүниеге келген кезінде ешқандай алалаусыз бірдей
табиғи артықшылықтар ала отырып және бірдей қабілеттерді пайдалана отырып, егер тек
жаратқан әрі баршаның иесі өзінің қандай да бір ырқын ашық білдіру арқылы олардың
бірін екіншісінен жоғары болмаса және оны айқын да анық тағайындау арқылы билеп-
төстеуге және жоғарғы билікке ие етпесе, өз араларында қандай да бір бағынушылықсыз
немесе басып-жаншусыз тең болуы керектігінен айқын ештеңе жоқ.
5. Адамдардың бұл табиғи теңдігін парасатты Гукер өзінен-өзі айқын әрі даусыз деп
санайтыны соншалық, оны адамдар арасындағы өзара сүйіспеншілік парызының тұғыры