Қазақстанның ашық кітапханасы
оқшау саяси қоғамға біріккен және қалған адамзаттан бөлек қандай да бір мемлекетке
кірген кезде биліктің осы екі түрінен де бас тартады.
129. Бірінші, яғни, өзін және адамзаттың қалған бөлігін сақтау үшін қажет деп
санағандықтан бәрін де жасайтын биліктен ол мұның қоғам оның өзін және осы қоғамның
қалған бөлігін сақтау қажет ететін шамада жасаған заңдармен реттелуі үшін бас тартады;
ал қоғамның бұл заңдары оның табиғат заңы бойынша өзінде болған бостандығын көп
жағынан шектейді.
130. Екіншіден, жазалау билігінен ол толығымен бас тартады да, өзінің (бұған дейін
табиғат заңын орындау үшін қажет деп тапқан кезде жеке өзінің шешімі бойынша
пайдалана алатын) жаратылыстық күшін қоғамның атқарушы билігіне заң талап еткен
шамада көмек көрсету үшін пайдаланады. Енді еңбегінің, қоғамдастықтың басқа
мүшелерінің көмегінің және аралас-құралас болуының арқасында көптеген игіліктерді
және оның барлық күшінің қорғауын пайдаланатын жаңа ахуалда ол қоғамның игілігін,
гүлденуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қай шамада талап етілсе, сол шамада
өзінің жаратылыстық бостандығымен қоштасуға міндетті; бұл қажет қана емес, әділетті
де, өйткені қоғамның басқа мүшелері де осындай қадам жасайды.
131. Адамдар қоғамға кірген кезде жаратылыстық ахуалда өздеріне тиесілі болған
теңдіктен, бостандықтан және атқарушы биліктен бас тартып, одан әрі заң шығарушы
билік қоғам игілігі қанша шамада талап етсе, соншама пайдалана алатындай етіп, оларды
қоғамның қолына берсе де, дегенмен әркім мұны өзін, өзінің бостандығы мен меншігін
неғұрлым жақсырақ сақтап қалу ниетімен (қандай да бір парасатты тіршілік иесі өзінің
жағдайын саналы түрде нашарлатады деуге болмайды ғой) істейді. Қоғамның немесе
адамдар құрған заң шығарушы органның билігі ешқашан ортақ игілікке қажеттен әріге
тарала алмайды, бұл билік жоғарыда айтылған және жаратылыстық ахуалды соншалық
сенімді де қауіпсіз етпейтін үш қолайсыздыққа жол бермей, әркімнің меншігін сақтауға
міндетті. Және кез-келген мемлекетте заң шығару немесе жоғарғы билікке кім не болса да,
ол заматта шығарылған жарлықтар арқылы емес, халық жариялаған және халыққа белгілі
бекітілген тұрақты заңдарға сәйкес басқаруға міндетті; дауларды сол заңдар арқылы
шешуге тиісті бейтарап және әділ қазылардың көмегімен басқаруға, қоғамдастықтың
күшін елде тек осындай заңдарды орындау кезінде ғана, ал шет елдерде – залалдың алдын
алу немесе соның өтемін алу үшін және қоғамдастықты басып алулар мен
шапқыншылықтардан қорғау үшін қолдануға міндетті. Және осының бәрі ешқандай өзге
мақсат үшін емес, халықтың бейбітшілігі, кауіпсіздікті және қоғамдық игілігі мүддесінде
жүзеге асырылуға тиіс.
Х тарау
Мемлекеттің пошымдары туралы
132. Адамдардың қоғамға біріккен сәтінен бастап, жоғарыда көрсетілгеніндей, көпшілік
қоғамдастықтың бар билігіне не болғандықтан, ол осы билікті оқтын-оқтын
қоғамдастыққа қажет заңдар шығару үшін және олар тағайындаған лауазымды адамдар
бүл заңдарды жүзеге асыруы үшін майдалана алатын еді; бұл жағдайда басқару пошымы
мінсіз демократия болады; немесе ол заң шығарушы билікті сайланған бірнеше адамның
және олардың мұрагерлерінің немесе ізбасарларының қолына бере алады, сонда бұл
олигархия болады; немесе бір адамның қолына бере алады, сонда бұл монархия болады;
егер оның және оның мұрагерлерінің қолына беретін болса, онда бұл мұрагерлік монархия