Page 27 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Д. Локк. БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЕКІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
124. Сондықтан да адамдардың мемлекеттерге бірігуінің және өзін үкіметтің билігіне
беруінің басты мақсаты олардың меншігін сақтау болып табылады. Ал бұл үшін
жаратылыстық ахуалда көп нәрсе жетіспейді.
Біріншіден, ортақ келісім бойынша әділет пен әділетсіздік нормасы ретінде мойындалып,
ортақ өлшем ретінде қызмет ететін, соның көмегімен араларындағы барлық даулар
шешілетін орнатылған, нақты, белгілі заң жетіспейді. Өйткені табиғат заңы айқын әрі
барлық парасатты тіршілік иелеріне түсінікті болғанымен, адамдар өз мүдделерін
басшылыққа алады, мұның үстіне оқып-үйренбегендіктен ол заңды білмейді, сондықтан
да оны өздерінің нақты істерінде қолданылуы міндетті заң ретінде қабылдауға ықыласты
емес.
125. Екіншіден, жаратылыстық ахуалда барлық қиындықтарды белгіленген заңға сәйкес
шешу билігіне ие білгір де әділ қазы жетіспейді. Өйткені бұл ахуалда әркім әрі қазы, әрі
табиғат заңын орындаушы болып табылады, ал адамдар өздеріне бұрып тұрады, және
нәпсі де, кек те оларды билеп алып, іс өздеріне қатысты болған жағдайда тым қызбалыққа
бой алдыруға мәжбүр етуі мүмкін; дәл сол секілді салдыр-салақтық пен немқұрайлылық
оларды басқалардың істеріне тым салғырт, үстірт қаратуы мүмкін.
126. Үшіншіден, жаратылыстық ахуалда әділ үкімді қуаттап, қолдап отыратын және оны
орындайтын күш көбіне жетіспейді. Қандай да бір әділетсіздік жасайтындар өздерінің
қолынан келіп тұрғанда, өздерінікін күшпен мақұлдатудан бас тарта қояды деу қиын;
мұндай қарсылық жазаны жүзеге асыруға талпынатындар үшін оны қауіпті, ал көп
жағдайда тажалды етеді.
127. Осылайша, жаратылыстық ахуалдың барлық артықшылықтарына қарамастан, оның
тұсында адамдар жаман жағдайда күн кешеді де, қоғамдарға тез тартылады. Адамдардың
қандай да бір санының сол ахуалда қандай да бір ұзақ уақыт бірге тұрғанын біздің сирек
көретініміз міне сондықтан. Бұл ретте басқалардың теріс тірлігін жазалау үшін әрбір
адамда бар билікті бейберекет және орынсыз қолданудың салдарынан олар тап болатын
қолайсыздықтар оларды үкімет орнатқан заңдар аясынан сая іздеуге мәжбүр етеді де, бұл
жерден олар өз меншігінің сақталу амалын табуға ұмтылады. Нақ осы жазалаудың әркім
ие жеке құқығынан соншалық ықыласпен бас тартуға итермелейді, мұны олар жазаның
сол үшін тағайындалғандар ғана және қоғамдастық немесе соған өкілеттік берілген
адамдар келіскен заңдар арқылы ғана жүзеге асырылуы үшін істейді. Заң шығарушы
өкіметтің де, атқарушы өкіметтің де, дәл солай үкіметтер мен қоғамдардың өздерінің де
бастапқы құқығы мен қайнар көзі де міне тап осы болып табылады.
128. Өйткені жаратылыстық ахуалда адам бейкүнә көңіл көтеру үшін ие болатын
бостандықтан басқа биліктің екі түріне ие болады ғой.
Біріншіден, бүл өзін және басқаларды табиғат зады шеңберінде сақтау үшін қажет деп
тапқанын істеу билігі. Баршаға ортақ осынау заң бойынша ол және қалған бүкіл адамзат
бір қоғамдастық, барлық басқа жаратылғандардан өзгеше біртүтас қоғамды құрайды. Егер
де азғындаған адамдардың іріп-шіруі мен жаманшылығы болмаса, басқа ешқандай ахуал
қажет болмас еді; адамдардың ұлы және жаратылыстық қоғамдастықтан бөлініп, оң
келісімдер арқылы бірқатар кішірек жекелеген бірлестіктер құруының қажеттігі болмас
еді.
Адамның жаратылыстық ахуалда болатын екінші билігі – аталған заңға қарсы жасалған
қылмыстар үшін жазалау билігі. Ол, егер мен солай атай алатын болсам, жекеше немесе