Page 26 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Д. Локк. БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЕКІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
қосқанға дейін) таралатындықтан, онда осы пайдалануға байланысты олардың
әрқайсысына жүктелетін міндеттеме — үкіметке бағыну пайдаланумен бірге басталып,
бірге аяқталады', осылайша, үкіметке өзінің үнсіз келісімінен басқа ештеңе бермеген жер
иесі аталған иеліктен сыйлау, сату немесе өзгеше жолмен бас тартқанда, онда ол кетіп,
кез-келген мемлекетке қосылуға немесе жер бетінің өзі бос деп тапқан және ешкімге
тиесілі емес кез-келген бөлігінде жаңа in vaculis locis негізін қалауға ерікті. Ал, кезінде
нақты келісім немесе айқын еркін білдіру арқылы қандай да бір мемлекеттің мүшесі
болуға өзінің келісімін берген адам, қандай да бір апат салдарынан ол бағынатын үкімет
ыдырап кетпесе немесе ол қандай да бір жария актысымен мұны бұдан әрі осы қоғамның
мүшесі болып қалу құқығынан айырмаса, мәңгілік және айнымай осы мемлекеттің боданы
болып қалуға тиіс және енді ешқашан да жаратылыстық ахуалдың еркіндігін қайтадан
пайдалана алмайды.
122. Бірақ егер адам қандай да бір елдің заңдарына бағынып, тыныш қана өмір сүрсе және
осы заңдардың артықшылықтарын пайдаланып, қорғауында болса, бұл әлі де оны аталған
қоғамның мүшесі етпейді; бұл небәрі барлығы үшін міндетті және соғыс ахуалында
болғанда кез-келген басқа мемлекеттің аумағында жүретіндердің барлығынан күтілетін
жергілікті қорғау мен бағыну ғана, өйткені мемлекеттің барлық бөліктеріне де оның
заңдары қолданылады. Алайда бұл қандай да бір себептермен біреудің отбасында біршама
уақыт тұрған адам, қаншалықты соның боданы болатын дәрежеден артық осы қоғамның
мүшесі, осы мемлекеттің мәңгілік боданы етпейді; бұлай түру кезінде ол өзі тап болған
елдің заңдарына мойынсұнып, басқаруына бағынуға міндетті екендігіне қарамастан солай
болады. Шынында да, шетелдіктердің бүкіл өмірін басқа үкіметтің билігінде өткізетінін
және оның артықшылықтары мен қорғауын пайдаланатынын және, тіпті ұждан бойынша
да, олар үкіметтің әмірлеріне жергілікті тұрғындардай бағынуға міндетті болғанымен,
олардың осыған байланысты аталған мемлекеттің боданы немесе мүшесі болмайтынын
көріп жүрміз. Адамның өзінің оң міндеттемесін, тікелей білдірілген уәдесі мен шартынан
басқа ештеңе де адамды ондай ете алмайды. Саяси қоғамдардың бастауына тап осы
жатады және тап осындай келісім кез-келген адамды қандай да бір мемлекеттің мүшесі
етеді деп санаймын.
ІХ тарау
Саяси қоғам мен басқарудың мақсаттары туралы
123. Егер адам жаратылыстық ахуалда, біз айтқандай соншалық бостан болса, егер ол оз
басы мен иеліктерінің абсолютті қожайыны болса, бұл жағынан ең ұлы адамдарға тең
болса және ешкімге бағынышты болмаса, онда ол бостандығынан неге айрылады, неге сол
империясынан бас тартып, өзін қандай да бір басқа күштің пәрмені мен басшылығына
бағындырады? Бұл сұраққа ең айқын жауап мынадай: жаратылыстық ахуалда ол сондай
құқыққа ие болғанымен, оны пайдалану соншалықты сенімсіз және оған басқалардың
қаскүнемдігі үнемі қатер төндіреді. Өйткені барлығы да оның өзі сияқты дәрежедегі
билеуші болатындықтан, әрбір адам оның теңі болатындықтан, ал адамдардың көп бөлігі
теңдік пен әділетті соншалықты қатаң сақтамайтындықтан, бұл ахуалда қолында бар
меншікті пайдалану тіпті де қауіпсіз емес, тіпті де сенімді емес. Бұл оны бостан болса да,
қорқыныш пен үздіксіз қатерге толы ол ахуалдан ықыласпен бас тартуға итермелейді;
сондықтан ол өздерінің өмірін, бостандықтары мен иеліктерін (мұның бәрін мен "меншік"
деген жалпы атаумен атаймын) сақтау үшін біріккен немесе бірігуге дайындалып
жатқандардың қоғамын бекерден бекер іздеп, бекерден бекер қосылуға әзір болмайды.