Page 25 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Д. Локк. БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЕКІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
осы елге қарсы бағытталған соғыс қимылдарына қатысқаны үшін қай кезде, қандай адам
сатқын немесе қашқын деп саналып еді? Осылайша, мемлекеттердің өздерінің
практикасынан, сондай-ақ есті парасат заңдарына сүйенсек, нәресте қандай да бір елдің
немесе үкіметтің боданы болып тумайтыны мүлдем анық. Ол кәмелетке толғанға дейін өз
әкесінің қорғауы мен билігінде болады; ал сосын ол қай үкіметтің билігіне бағынғысы
келетінін және қандай мемлекеттік организмнің мүшесі болғысы келетінін таңдауға ерікті
азамат болады. Егер ағылшынның Францияда туған баласы ерікті болып, осылай істей
алатын болса, онда оған әкесінің белгілі бір корольдіктің боданы болуына байланысты
ешқандай міндеттер жүктелмейтіні анық; дәл осылай ол ата-бабалары жасасқан
шарттардың ешқайсысымен маталмайды. Олай болған күнде, оның ұлы, мейлі басқа
жерде туса да, тап осындай себептермен неге осындай еркіндікке ие бола алмайды? Әкесі
балаларына жасайтын билік балалар қай жерде туса да, бірдей ғой, әрі жаратылыстық
міндеттеме дәнекерлері де корольдіктер мен мемлекеттердің шекараларымен шектелмейді
ғой.
119. Көрсеткеніміздей, әрбір адам табиғаты бойынша бостан, әрі оны ештеңе де өзінің
келісімінсіз жер бетіндегі қандай да бір билікке бағынышты ете алмайды; адамның қандай
да бір үкіметтің заңдарына бағынуына апарып соғатын не нәрсені адам келісімінің
жеткілікті көрініс табуы деп санауға болатынын қарастыруымыз қажет. Әдетте білдірілген
және үнсіз келісімді бөліп көрсетеді, оны біз қазір қарастырамыз. Қандай да бір қоғамға
кіретін әлдебір адамның өзі білдірген келісімі оны осы қоғамның шынайы мүшесі, оның
үкіметінің боданы ететіндігіне ешкім де күмәнданбайды. Қиындық мынада: үнсіз келісім
деп нені түсінеміз және оның қаншалықты дәрежеде міндет жүктейтіні, яғни адам бүл
мәселе бойынша ешқандай мәлімдеме жасамаса, оны келісті және сонысымен қандай да
бір үкіметке бағынды деп қалай санау керек? Бұған менің айтарым сол, қандай да бір
мемлекеттің қандай да бір бөлігіне иелік ететін немесе оны пайдаланатын адам
осынысымен өзінің үнсіз келісімін береді және ол осы жерді пайдаланатын кезеңде осы
үкіметтің заңдарына, бұл иелікке не жататынына – оған және оның мұрагерлеріне
мәңгілікке бекітіліп берілген жер ме, немесе бір аптаға жалдаған тұрғынжай ма, немесе ол
жолдармен тегін жүру құқығы ма – ештеңеге қарамастан, осы үкіметтің билігіне қарайтын
кез-келген басқа адам сияқты, мойынсұнуға міндетті; іс жүзінде ол осы мемлекеттің
аумағы шетінде кез-келген адамның тіршілік етуінің өзіне де қолданылады.
120. Мұны жақсырақ түсіну үшін алғаш рет қандай да бір қоғамдастыққа кіретін және
оған қосылатын әрбір адам қоғамға өз иелігіндегі немесе сатып алатын және қандай да
болса басқа мемлекетке әлі де тән емес жерлерді де қосатынын және қоғамға
бағындыратынын ескеру керек. Егер кімде-кім қоғамға меншігін қорғау және реттеу үшін
басқалармен бірге кіре тұрып, сонымен бірге оның жері, меншігі қоғам заңдарымен
реттелуге тиіс адамның жері осы жер несінің өзі боданы болып табылатын үкіметтің
құзырына жатпайды деп санаса, бұл барып тұрған қарама-қайшылық болар еді ғой. Демек,
бұрын бостан болған әлдекім өзінің жеке басын мемлекетке қосатын актымен, тап сол
актымен бірге осы мемлекетке өзінің иелігіндегі бұрын бостан болған жерлерді де қосады;
сосын оның екеуі де, адамның өзі де, оның иелігі де осы мемлекеттің үкіметі мен
өкіметіне бағынышты болып шығады. Осыдан келіп мына нәрсе шығады: мұрагерлік,
сатып алу, рұқсат алу немесе қандай да бір өзге жолмен, осылайша қосылған және сол
мемлекеттің билігіндегі жердің қандай да бір бөлігін пайдаланатын әрбір адам, ол өкіметті
осымен байланысты міндеттемелермен бірге мойындап, яғни, осы жер қарайтын
мемлекеттің үкіметіне, осы мемлекеттің әрбір боданы секілді, бағынып қабылдауға тиіс.
121. Бірақ үкімет тек жерге ғана тікелей құзырлы болғандықтан және де бүл құзырлық
оның иесіне ол осы жерде тұрып, оны пайдаланатын кезге ғана (ол өзін іс жүзінде қоғамға