Page 24 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Д. Локк. БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЕКІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
қатары күннен күнге көбейген, содан кейін неғұрлым күштісі немесе жолы болғышы
неғұрлым әлсізді өзіне қосып алатын, ал ұлы державалар қайтадан бірнеше бөлікке
бөлініп, шағын иеліктерге айналатын толып жатқан мемлекеттер шыққаны осыдан;
Осының бәрі әкелік басқаруға қар толып жатқан дәлелдер беріп, әу баста мемлекетті
әкенің өз ұрпақтарына өтетін табиғи құқықтары құрмағанын айқын көрсетеді, өйткені
мұндай негізде шағын патшалықтардың соншалық көп санын құру мүмкін емес еді; егер
адамдарда өз отбасынан және өз мемлекетінен, олар қандай болса да, бөліну және
бөлінгеннен кейін жеке мемлекеттер мен өздері жарамды деп есептейтін өзге басқару
пошымдарын құруға бостан болмаса, олардың барлығы ортақ бір монархияның өкілі
болар еді.
116. Дүние жаралғаннан күні бүгінге дейін солай болып келді. Қазір де адамзаттың
бостандығына адамдардың белгіленген заңдары мен тұрақты басқару пошымдары бар
ұйымдасқан әрі ежелгі мемлекеттерде туғаны олардың ну орманда, сондағы ештеңемен
шектелмеген еріп жүрген тіршілік иелерінің арасында туғанынан көп кедергі келтірмейді.
Өйткені, бізді "белгілі бір үкіметтің билігінде туғандықтан, біз, әрине, соның боданымыз"
және жаратылыстық ахуалдағы бостандыққа ешқандай құқығымыз немесе негізіміз жоқ
деп сендіретіндердің (біз жауап берген әке билігі туралы толғамдарды былай қойғанда),
біздің әкелеріміз бен аталарымыз өздерінің жаратылыстық бостандығынан бас тартты,
сонысымен олар өздерін де, өздерінің ұрпақтарын да өздері бағынатын үкіметке мәңгілік
бағыныштылыққа мәжбүрледі дегеннен басқа дәлелдері жоқ. Әділеті сол, кімде-кім өзінің
атынан қандай да бір міндеттеме алса немесе уәде берсе, ол соны орындауға міндетті,
бірақ ол мұны өзінің балаларына немесе өзінің ұрпағына ешқандай шартпен істете
алмайды. Өйткені оның ұлы кәмелетке толған соң әкесі сияқты бостан болады да, әкесінің
кез-келген қарекеті оның ұлының бостандығын басқалардың бостандығынан көбірек
шектей алмайды. Әкесі қандай да бір мемлекеттің боданы ретінде өзі пайдаланған жерді
иеленуді шынында да осындай бір шарттармен баласына қалдыра алады, және де бүл
шарттар, егер ол әкесіне тиесілі жерлерді иеленгісі келсе, осы қоғамдастыққа кіруге
міндеттеуі мүмкін; аталған жерлер – әкесінің меншігі болғандықтан, ол өз қалауынша
билеп-төстей немесе кез-келген талаптар қоя алады.
117. Бұл мәселеде қателікке ұрындыратын себеп те әдетте осы; мемлекеттер өздерінің
белгілі бір бөлігі кесіп алынуына немесе қандай да бір бөлігін осы қоғамдастыққа
мүшелерден басқа әлдекімнің пайдалануына рұқсат бермейтіндіктен, әдетте ұлы әкесінің
иелігіндегі болған жерлерді әкесі пайдаланған шарттармен, яғни, қоғамның мүшесі болып
қана пайдалана алады; осы арқылы ол өзін, осы мемлекеттің кез-келген азаматы секілді,
өзі орнатылған деп білетін үкіметке бірден бағынышты етеді. Осылайша, қандай да бір
үкіметтің билігі кезінде туған бостан адамдардың келісімі ғана оларды осы мемлекеттің
мүшесі етеді, және де бұл келісім барлығына бірге емес, әркім кәмелеттік жасқа жеткен
бойда, жеке-жеке кезекпен беріледі; адамдар мұны байқамайды да, бұл жалпы болмайды
немесе бүл міндетті емес деп санайды да, дәл өздері қалай адам екендігі секілді, тап солай,
табиғатымыз бойынша боданбыз деген қорытындыға келеді.
118. Бірақ үкіметтердің өздері мұны басқаша түсінетіні мүлдем айдан анық; олар әкесіне
билік жүргізгендіктен ғана, ұлдарына билік жүргізуге тырыспайды; тап сол сияқты олар
әкелері өздеріне бодан болғандықтан, балалары да бодан деп санамайды. Егер Францияда
тұратын Англия боданы ағылшын әйелден ұл көрсе, ол кімнің азаматы болмақ? Ол
Англия королінің боданы емес, өйткені олай болу үшін оның әлі осыған байланысты
артықшылықтарға ие болуы керек. Дәл сол сияқты ол француз королінің де боданы емес,
солай болса, әкесі оны алып кетіп, өз қалауы бойынша тәрбиелеу бостандығына қалай ие
болмақ? Жалпы, шетелдік әке-шешеден дүниеге келген елді тастап шыққаны үшін немесе