Қазақстанның ашық кітапханасы
сайланғаннан, Массифте тайпалар оған құрмет көрсеткеннен кейін оны өздерінің патшасы
еткісі келмегендердің бүл адамның бойында өздерін қорғайтындай жеткілікті әскери
қабілеттері жоқ болғандықтан, өздерінің патшасы болуға лайықсыз деп айтқылары
келгендей, "Бізді құтқаратын осы ма?" (10, 27) дегеннен басқа қарсылық білдірмегені міне
содан. Ал Құдай билікті Дәуітке беруге ұйғарғанда, бүкіл патша билігі бейне бір олардың
қолбасысы болуға саятындай, бұл туралы мынадай сөздермен хабарлайды: "Енді сенің
патшалығыңның күні қараң; Құдай өзіне ұнайтын адамды табады, сөйтіп Құдай оған өз
халқының көсемі болуды бұйырады" (13,14). Саулдың әулетіне адалдығын сақтаған және
Дәуіттің билігіне қарсы болған рулар, Хевронға келіп, өздерінің Дәуітке бағынатынын
мәлімдей отырып, өздерінің оған өз патшасы ретінде бағынуының басқа себептерінің
ішінде Саул басқарған кезде мұның шын мәнінде өздерінің патшасы болғандығын, ендеше
тап қазір оны өздерінің патшасы ретінде танымаудың еш негізі жоқ екендігін атап
көрсетеді. "Кеше ғана, - дейді олар, және алдыңғы күні, Саул біздің үстімізден патшалық
құрып тұрғанда, сен Израильді шығарып, кіргіздің; сосын Құдай саған: "менің
Израилімнің халқын сен бағасың, Израильдің көсемі сен боласың" дейді.
110. Демек, қалай болғанда да — отбасы біртіндеп өсіп, мемлекет болып, әкенің билігі
үлкен ұлға берілсе, және өз кезегінде әркім осы биліктің астында өсіп, үн-түнсіз оған
бағынса, ауыр болмағаны және алаламауы ешкімді ренжітпей, бұл салт ежелден келе
жатқандықтан, уақыт мұны бекітіп, мұрагерлік құқығын бекіткенге дейін әркім сонымен
келіссе де; немесе бірнеше отбасы немесе әлдебір кездейсоқ жағдаймен, немесе көрші
болғандықтан, немесе іскерлік мән-жайлармен бірге болып шыққан бірнеше отбасының
ұрпақтары қоғамға бірлесіп, бұлар оның басшылығымен соғыста өздерін жаудан қорғай
алатын қолбасының қажеттігі және адамдардың осынау кедейшілікті, бірақ қайырымды
дәуірінде бір-біріне деген орасан үлкен сенімі оның қарапайымдылығы мен
шынайылығына байланысты (кейіннен ұзақ уақыт жасайтын мемлекеттер құрылған кезде
дәуірлердің барлығы дерлік осындай болады) мемлекеттердің алғашқы негізін
қалаушыларды билікті істің сипаты мен басқару мақсаты талап еткеннен басқа қандай да
бір нақты шекаралар мен шектерсіз бір адамның қолында жинақтауға ұмтылдырса да; осы
себептердің қайсысы бойынша да биліктің бастапқыда бір қолға берілгеніне қарамастан,
ол кімге сеніп тапсырылса да, бұның бар болғаны қоғамның игілігі мен қауіпсіздігі үшін
жасалғаны күмәнсіз және мемлекеттердің сәбилік жасында, осындай билікке не адамдар
билікті әдетте сол мақсаттарда пайдаланған. Ал егер олар өйтпеген болса, жас қоғамдар
тіршілік жасай алмас еді; осындай қоғам игілігіне қамқор әрі жанашыр асыраушы-әкелері
болмаған барлық мемлекеттер өздерінің сәби кезінің әлсіздігі мен ауруларынан тоз-тозы
шығар еді; билеушісі де, халық та көп ұзамай бірге опат болар еді.
111. Алтын ғасырда (бос атаққұмарлық пен amor sceleratus halendi, қара ниет адамдар
ақылын азғындатып, билік пен намыс туралы қате ұғымды қалыптастырғаннан бұрын)
ізгілік көбірек болып, содан да жақсы билеушілері болғанымен, сол кездің өзінде, сонда,
бір жағынан халықты қанау үшін билікті асыра пайдалану болған жоқ, соның салдары
ретінде, екінші жағынан, мансап иелерінің билігін азайту немесе шектеу үшін қандай да
бір артықшылықтар туралы дау да болған жоқ, сөйтіп билеушілер мен халықтың арасында
басқарушылар туралы немесе басқару туралы дау да болған жоқ; сөйтсе де, бұдан кейінгі
ғасырлардағы атаққұмарлық пен асып-тасқан салтанат бұл билік не үшін берілгенді
істемей, билікті уыстан шығармай, ұлғайта түсуді асқындырған жарамсақтық көмегімен
билеушілерді өздерінің жеке, халықтан бөлек мүдделері болуына үйреткен кезде, адамдар
үкіметтердің шығуы мен құқықтарын неғұрлым мұқият зерделеу және заңсыздықты
шектеу тәсілін табу, өздері басқа қолға өз игілігі үшін берген, бірақ олар өздеріне зиян
келтіру үшін пайдаланыла бастаған билікті асыра пайдаланудың алдын алу қажет деп
тапты.