Page 21 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Д. Локк. БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЕКІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
бәрінен де лайықтырақ осындай басқару құрылымын құрғанында тұрған таңқаларлық
ештеңе жоқ екендігі міне содан. Адамдардың қалау-тілектері әрқайсысының шағын ғана
меншігінің тар шеңберімен шектелетін қарапайым, кедей өмір салты барлығы үшін бірдей
болған кезде дауласу үшін себептер де аз болатын, яғни, оларды шешу үшін көп заңның да
қажеттігі болмайтын. Сол кезде әділ сот жүйесі де қажет болмаған, өйткені қылмыстар да,
қылмыскерлер де аз болатын. Демек, бір-біріне соншалық ұнаған адамдардың бір қоғам
болып бірігуді қалағаны олардың бір-бірімен таныстығымен немесе достығымен және бір-
біріне сенімімен байланысты еді деп ойламауға болмайды; олар бір-бірінен гөрі
басқалардан әлдеқайда көбірек қауіптенді және осылайша, олардың ең алдымен
ойлағандары мен алғашқы алаңдаған мәселесі өздерін шет жерлік күштерден қалай қорғау
керек деген мәселе болды деп ойламауға болмайды. Олар үшін осы мақсатқа ең жақсы
қызмет ететін басқару пошымын жасау және соғыстарда өздеріне басшылық жасап,
оларды жауға қарсы бастау үшін ең дана әрі ең ержүрек адамды сайлауы және өздерінің
билеушісі болуы негізінен осыдан екені әбден түсінікті.
108. Мәселен, біз америкалық үндістерде ел үшін халық саны тым аз болып, тұрғындар
мен ақшаның жоқтығы адамдарды өздерінің жер иеліктерін ұлғайтуға немесе
пайдаланатын жерлерінің аумағын кеңейтуге итермелемеген Азия мен Еуропадағы
алғашқы ғасырлардағыдай жайт әлі де болып, корольдер олардың армияларының
генералдарынан сәл-ақ ілгері екенін көріп отырмыз; соғыста олардың билігі абсолютті
болғанымен, үйде және бейбіт күндерде олардың билігі де, егемендігі де шамалы ғана;
бейбітшілік пен соғыс туралы шешімді, әдетте не халық не кеңес қабылдайды, ал
соғыстың өзі, ол билік жүргізушілердің көп болуына жол бермейтіндіктен, әрине, билік
жүргізуді тек корольдің қолына ғана береді.
109. Сондай-ақ Израильдің өзінде де қазылар мен алғашқы патшалардың негізгі шаруасы,
тегінде, соғыста қолбасылар мен армиялар сардарлары ретінде көріну болған секілді; бүл
Иеффай тарихынан (олар соғысқа өз әскерлерін бастап барып, бастап қайтты дегенді
білдіретін "халықтың алдына шығу және кіру" деген сөздер тікелей осыны көрсетеді) ап-
анық көрінеді. Аммониттіктер Израпльге қарсы соғыс ашып, Галаадтың халқы
қорыққанынан өз отбасының некесіз туған ұрпағы, өздері қуып жіберген Иеффайға адам
жіберіп, егер ол аммониттіктерге қарсы күресте көмектессе, онда бұлар оны өздерінің
билеушісі ететіндігі туралы шарттасады; бүл мынадай сөздермен беріледі: "Халық оны
өзінің бастығы әрі көсемі етіп қойды" (Сот. 11, 11), сірә, бұл қазы болғанмен барабар
болуы керек. "Иеффай алты жыл Израильдің қазысы болды" (Сот. 12, 7), яғни, олардың
көсемі болды. Және Иофам сихемиттерді жазғырып, олардың қазысы және билеушісі
болған Гидеонга қаншалықты қарыздар екендігін еске салғанда былай дейді: "Менің әкем
сендер үшін шайқасты, ол өзінің жанын аямай, сіздерді Мадианиттерден құтқарды" (Сот.
19, 17). Ол туралы оның колбасы ретінде жасағандары ғана айтылады: және шынында да,
оның тарихынан немесе Қазылар кітабының басқа бөліктерінен біз осыны ғана табамыз.
Ең зор дегенде қолбасы ғана болса да, Авимелех те негізінен патша деп аталады.
Смайылдың ұлдарының есерсоқтығынан қажыған Исраиль перзенттері "басқа халықтар
сияқты: ақ-қарамызды патшамыз айырып, алдымызда жүреді және соғыстарымызды
жүргізеді" (1 Патшалық. 8, 20) деп патшалы болуды қалаған кезде, құдай олардың тілегін
қанағаттандырып, Смайылға былай дейді: "Мен саған Вениамин жерінен шыққан бір
адамды жіберемін, сен оны менің халқым - Исраильге билеуші етіп май жағып, батаңды
бер, сонда ол менің халқымды филистимдіктердің қолынан құтқарады" (9, 16), бейне бір
патшалардың жалғыз шаруасы - олардың армияларын басқарып, оларды қорғап, шайқасу
сияқты; Смайыл да Саулға май жағу кезінде, оның үстіне құмырадан елей (шіркеуде
қолданылатын зәйтүн майы ауд.) құйып тұрып, оған былай дейді: "Жаратқан сені өз
мұрасының билеушісі етіп майлайды" (10, 1). Саул салтанатты түрде патша болып