Қазақстанның ашық кітапханасы
олардың ортақ әкесі болмағанда, басқа кім болмақ? Бірақ, не әке өліп, мұрагер ретінде
жасы толмағандықтан, ақылының, ерік-жігерінің немесе қандай да бір басқа қасиеттерінің
кемдігінен басқару үшін жарамсыз болған, пе бірнеше отбасы кездесіп, бірге өмір сүруді
жалғастырамыз деп шешім қабылдайтын жағдайларда, олардың өздерін жақсы басқару
үшін неғұрлым қабілетті және барынша лайықты деп санаған адамды таңдау үшін
өздерінің жаратылыстық бостандығын пайдаланғанына күмәнданбауға болады. Бұл біз
Америка халықтарынан көретін нәрсе (жаулап алушылардың семсері және екі ұлы
империя – Перу мен Мексиканың кеңейіп келе жатқан үстемдігі жетпейтін жерде тұрып)
осыған сәйкес келеді, олар өздерінің табиғи бостандығынан ләззат алатын, дегенмен
әдетте олар өздерінің марқұм болған королінің мұрагерін артық көретін; алайда олар егер
оны қандай да бір жағынан әлсіз немесе қабілетсіз деп тапса, онда оны айналып өтіп,
өздерінің билеушісі етіп ең мықты және ең ержүрек адамды таңдайтын болған.
106. Осылайша, жер шарына қоныстану туралы мәліметтер сақталған шежірелер мен
халықтар тарихы жол беретіндей өткенге көз жүгірте отырып, біз әдетте басқарудың бір
қолда болғанын байқаймыз, алайда бүл мен айтып отырған саяси қоғамның пайда болуы
жекелеген адамдардың бірігіп, бір қоғам құруға келісуіне байланысты және бұл адамдар
осылайша келісім жасаған кезде, олар кез-келген, олардың пікірінше жарамды басқару
пошымын орната алады деген пікірді жоққа шығармайды. Бірақ бүл адамдардың
қателесіп, басқару өзінің табиғаты жағынан монархиялық, ол әкеге тиесілі болды деп
ойлауына ілік бергендіктен, бұл жерде адамдардың әу баста әдетте осы пошымға неге
тоқталғанын қарастыру орынсыз емес; кейбір мемлекеттерді құрған кезде әкенің үстемдігі
бастапқыда биліктің бір қолда пайда болып, шоғырлануына апарып соқтыруы мүмкін
болса да, дегенмен, бір адам жүзеге асыратын басқарудың бұл пошымын жалғастырудың
себебі әке беделін қадірлеу немесе құрметтеу емес еді; өйткені барлық майда
монархиялар, яғни өзінің бастапқы қалпынан ұзай қоймаған барлық дерлік монархиялар
әдетте немесе тым құрығанда кейде сайланбалы болған.
107. Ең алдымен өзінің ұрпағының балалық шағындағы әкенің басқаруы оларды бір
адамның басшылық жасауына үйретті, содан олар басшылық қамқорлықпен әрі
іскерлікпен, өзінің қарамағындағыларға деген сүйіспеншілікпен әрі бауырмалдықпен
жүргізілетін болса, адамдардың қоғамнан іздеген саяси бақытына қол жеткізу және
қамтамасыз ету үшін осының әбден жеткілікті екендігін бойларына сіңірді. Олардың
басқарудың осы пошымын таңдағанына және дәл соған тап болғанына қайран қалатын
ештеңе жоқ, өйткені олар бала кезінен осындай пошымға үйренген, сондықтан өз
тәжірибесінен оның соншалық ауыр еместігін әрі сенімді екендігін білетін. Егер де біз
бұған монархия дегеніміз басқарудың әртүрлі пошымына не тәжірибесі үйретпеген, не
империяның менменшілдігі мен ұятсыздығы артықшылықтарға қол сұғушылықтардан
қауіптеніп, мұралық монархия талап етуге бейім және соны бұларға күштеп таңуға бейім
абсолютті биліктің қолайсыздықтарынан сақтану керектігін сезіп-білуге алып келмеген
адамдар үшін ең қарапайым және айқын пошым дегенді қоссақ, онда олардың өздерін
билеуге мүмкіндік бергендер тарапынан қандай да бір заңсыздықтарды шектеу әдістері
туралы ойлармен өздерінің жанын соншалықты қинамағандарында және оның жекелеген
бөліктерін әртүрлі қолдарға беріп, үкіметтің билігін теңдестіруге тырыспағандарында
тұрған түсініксіз ештеңе жоқ. Олар тирандық билік тарапынан қанауды сезінген жоқ,
сондықтан оз дәуірінің салт-дәстүрі де, өздерінің иелігіндегі байлық та, өздерінің
(ашкөздік пен атаққұмарлыққа азық бола қоймаған) тұрмыс салты да бұлардың одан
қауіптенуіне немесе одан қорғануына ешқандай себепкер болған емес; олардың өздеріне,
мен айтқандай, ең қарапайым және айқын болғандықтан ғана емес, олардың заңдардың
әртүрлілігіне қарағанда, шет жерліктердің басып кірулері мен шапқыншылықтарынан
қорғауды көбірек қажет болған өздерінің қазіргі кездегі жай-күйі мен жағдайларына