Қазақстанның ашық кітапханасы
саяси қоғамға кіру бостандығын тартып алмайтыны дәлелденген болатын. Бірақ қалай
болған күнде де, бұл адамдардың шын мәнінде бостан болғаны айдан анық; және қазір
кейбір саясаткерлер олардың қайсысына қандай артықшылықты телісе де, олардың өздері
мұндайды талап етпеген, бірақ келісу бойынша олар, тап осы келісумен өздеріне
билеушілерді белгілегенге дейін, бәрі де тең болған. Осылайша, олардың саяси
қоғамдарының барлығы өздерінің билеушілері мен басқару пошымдарын таңдауда еркін
қарекет жасайтын адамдардың ерікті одағынан және өзара келісімінен басталған болатын.
103. Және де мен, Юстин айтқандай (III кітап, 4-тарау), Спартаны Фалантпен бірге тастап
шыққандардың бір-біріне тәуелсіз, бостан адамдар болуына рұқсат етіліп, өздерінің
келісімі бойынша мемлекеттік басқару құруына мүмкіндік берілген деп үміттенемін.
Осылайша, мен жаратылыстық ахуалдағы бостан адамдар жиналып алып, бірігіп,
мемлекеттің негізін құрағанына тарихта болған бірнеше мысал келтірдім. Ал егер мұндай
мысалдардың болмауы мемлекеттік құрылыс бұлай басталмаған және басталуы мүмкін
еместігін дәлелдейтін уәж бола алса, онда әкелік империяны қорғаушылардың мұндай
дәлелдеуге жүгінбегені және оны жаратылыстық бостандыққа қарсы қоймағаны жөн деген
ойдамын. Өйткені, егер олар тарихтан мемлекеттердің әкелік құқық негізінде
құрылғандығы туралы сонша коп мысал келтіре алатын болса (бірақ, әрі кеткенде, не
болғаны арқылы іс жүзінде не болуы керектігі туралы дәлелденетін уәждің коп күші
болмаса да), соншалық қауіптенбей-ақ, бұл мәселеде олардан жеңіле салуға болар еді деп
ойлаймын. Алайда, бүл жағдайда менен кеңес беру сұралса, мен онда олардың
мемлекеттің пайда болу көзін өздері іс жүзінде бастап та қойғанындай, тым қатты іздеп,
тырыспай-ақ қойғандары дұрыс болар еді, әйтпесе олар бұл мемлекеттердің көпшілігінің
негізі қаланған кезде бұлар жүргізетін идеяға және бұлар қорғайтын билікке соншалықты
қолайлы емес әлденелерді тауып алады ғой.
104. Қорыта келгенде: парасаттың бүтіндей біздің жақта екендігі айдан анық, және де ол:
адамдар табиғаты бойынша бостан, ал тарихи мысалдар жер бетінде бейбіт жолмен пайда
болған мемлекеттер осы негізден бастау алған және адамдардың келісімімен құрылған
дейді. Шындық кімнің жағында немесе алғашқы мемлекеттер құрылған кездегі
адамзаттың пікірі мен практикасы қандай болды деп күмәндануға орын аз қалады.
105. Егер біз мемлекеттің пайда болу бастауларына тарих бізге қаншалықты мүмкіндік
бергенінше үңіліп қарайтын болсақ, әдетте біз олардың бір адамның билігі мен
басқаруында болғанын байқайтынымызды жоққа шығармаймын. Мен сондай-ақ өздігінен
күн көре алуы үшін отбасының құрамы жеткілікті мол болған және әдетте жері көп, адамы
аз жерлердегі сияқты, топтасқан бүтін ретінде басқалармен араласпай-ақ тіршілік ете
берген жағдайларда, басқару әдетте әкеден басталған деп ойлауға бейіммін. Өйткені әке,
табиғат заңы бойынша, кез-келген адам сияқты - өзінің ойы бойынша қажетті жағдайларда
бүл заңды бұзғаны үшін жазалау билігіне ие бола отырып, - соған сәйкес өзінің
бағынбайтын балаларын олар ересек және өздігінен өмір сүре алатын кездерде де жазалай
алатын болған; және олардың әке берген жазаны ләм-мим демей қабылдауы әрі
қылмыскерге қарсы сонымен бірігіп кетуі, сөйтіп өз кезегінде осынысымен әкелеріне
қандай да бір шалыс қадам жасағанда әкенің өз үкімін іске асыру билігін беруі әбден
мүмкін, мұнысымен олар оның отбасы құрамында қалғандардың барлығының іс жүзінде
заң шығарушысы әрі әміршісі ететін. Оған басқалардың бәрінен де көбірек сенуге
болатын; әке махаббаты оның қарауындағы олардың меншігі мен мүдделерін қорғайтын;
ал бала кезден оған бағыну әдеті басқалардан гөрі, оған бағынуды жеңілдететін. Демек,
оларға өздерін басқаратын біреу керек болса, өйткені бірге тұратын адамдардың ішінде
басқару болмай қоймайды, онда немқұрайдылық, қатыгездік немесе қандай да бір басқа
рухани немесе тән кемістігінен бұлай етуге жарамсыз болмаса, мұндай басқарушы