Page 17 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Д. Локк. БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЕКІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
организмді құрайды, онда көпшілік қалғандары үшін қарекет жасау және мәселе шешу
құқығына ие болады.
96. Адамдардың белгілі бір саны жекелеген әрбір адамның келісімімен қоғамдастық
құрған кезде, олар осынысы арқылы бұл қоғамдастықты біртүтас организм ретінде бой
көрсету құқығы бар біртұтас организм етеді, бұл тек көпшіліктің ықтияры мен шешімі
бойынша ғана жасала алады. Қандай да бір қоғамдастықты іске қосатын нәрсе тек оны
құрайтын адамдардың келісімі ғой, ал біртұтас бүтін бір бағытта ілгерілеуі керек
болатындықтан, бұл бүтін өзін көпшіліктің келісімін құрайтын зорырақ күштің
жетектеген жағына қарай ілгерілеуі қажет: өйтпеген күнде ол біртұтас бүтін ретінде бой
көрсете алмайды немесе оған біріккен барлық жекелеген адамдар келіскендей біртұтас
бүтін, біртұтас қоғамдастық болып қала алмайды; осылайша, осы келісімнің арқасында
әркім көпшілікке бағынуға міндетті. Міне сондықтан дұрыс заңдардың пәрменімен
билікке ие болған заң шығарушы жиналыстарда, оларға билік берген дұрыс заңда
көпшіліктің саны көрсетілмеген болса, олардың қарекеті бүтіннің қарекеті деп
саналатынын және, әлбетте,бүтіннің табиғат пен парасаттың заңы бойынша ие болатын
күшін айқындайтынын көреміз.
97. Осылайша, басқа біреулермен бірге бір үкіметке бағынатын біртұтас саяси организм
құруға келіскен әрбір адам өзіне осы қоғамдастықтың әрбір мүшесінің алдында
көпшіліктің шешіміне бағыну және оны түпкілікті шешім деп санау туралы міндеттеме
алады; өйтпеген күнде ол басқалармен бірге бір қоғамға кірген бастапқы шарттың
ешқандай мені болмайды және, егер ол адам бостан күйінде, жаратылыстық ахуалдағы
кезіндегі дәнекерлерден басқа ешқандай дәнекерсіз қалса, бұл мүлде шарт болмайды.
Онда кез-келген шарт қалай көрінбек? Егер адам қоғамның кез-келген қаулыларымен
өзіне қаншалықты ыңғайлы болса, соншалықты ғана байланысты және бұған өзі келісім
берген болса, бұл қайдағы жаңа міндеттеме болмақ? Олай болған күнде ол осы шарт
жасалғанға дейін немесе өзі ұмтылып, егер өзіне сәйкес келеді деп есептесе, кез-келген
қарекетке келісе алатын жаратылыстық ахуалдағы адам қандай бостандықты пайдаланса,
сондай бостандықты пайдалана береді ғой.
98. Егер көпшіліктің келісімі бүтіннің қарекеті ретінде парасатты қабылданбаса және
әрбір жеке адам үшін міндетті болмаса, онда, әрбір жеке адамның келісімін қоспағанда,
ештеңе де әлденені бүтіннің қарекеті ете алмайды, бірақ, егер біз адамдардың едәуір
санына, бүл сан қоғамның барлық мүшелерінің санынан әлдеқайда аз болса да, науқастану
немесе іс жағдайы жалпы жиналысқа қатысуға мүмкіндік бермейтінін ескерсек, мұндай
келісімге қол жеткізу мүмкін бола қояр ма екен. Егер бұған адамдар бірге жиналған кезде
болмай қоймайтын пікірлердің әр алуандығы мен мүдделер қарама-қайшылығын қосатын
болсақ, мұндай жағдайларда қоғам құру небәрі бас сұғып кету үшін ғана келген Катонның
театрға келуін еске түсіретін болады. Мұндай құрылыс алып Левиафанның ғұмырын ең
әлсіз деген тіршілік иелерінен де азайтып, ол тіпті өзінің туған күнінен асып өмір сүре
алмайды, ал бұлай деп, біз егер парасатты тіршілік иелері қоғамды ыдырау үшін ғана
құруды қалайды деп ойлай алатын болсақ қана, болжай аламыз; егер көпшілік барлығы
үшін шеше алмайтын болса, онда мұндай қоғамдар біртұтас бүтін ретінде бой көрсете
алмайды, ендеше, олар кешікпей-ақ қайтадан ыдырайды.
99. Демек, егер адамдар жай көпшіліктен асатын қандай да бір сан туралы нақты келісіп
алмаған болса, жаратылыстық ахуалдан қоғамдастыққа бірігетін адамдардың барлығы
өздері қоғам болып біріккендегі мақсаттарды жүзеге асыру үшін қажетті кез-келген
биліктен осы қоғамдастықтың көпшілігінің пайдасына бас тартады. Және мұның барлығы
небәрі біртұтас саяси қоғамға бірігуге келісу арқылы ғана жасалады, ал мұның өзі