Қазақстанның ашық кітапханасы
көрсете алмайды немесе оған біріккен барлық жекелеген адамдар келіскендей біртұтас
бүтін, біртұтас қоғамдастық болып қала алмайды; осылайша, осы келісімнің арқасында
әркім көпшілікке бағынуға міндетті. Міне сондықтан дұрыс заңдардың пәрменімен
билікке ие болған заң шығарушы жиналыстарда, оларға билік берген дұрыс заңда
көпшіліктің саны көрсетілмеген болса, олардың қарекеті бүтіннің қарекеті деп
саналатынын және, әлбетте, бүтіннің табиғат пен парасаттың заңы бойынша ие болатын
күшін айқындайтынын кереміз.
97. Осылайша, басқа біреулермен бірге бір үкіметке бағынатын біртүтас саяси организм
құруға келіскен әрбір адам өзіне осы қоғамдастықтың әрбір мүшесінің алдында
көпшіліктің шешіміне бағыну және оны түпкілікті шешім деп санау туралы міндеттеме
алады; өйтпеген күнде ол басқалармен бірге бір қоғамға кірген бастапқы шарттың
ешқандай мәні болмайды және, егер ол адам бостан күйінде, жаратылыстық ахуалдағы
кезіндегі дәнекерлерден басқа ешқандай дәнекерсіз қалса, бүл мүлде шарт болмайды.
Онда кез-келген шарт қалай көрінбек? Егер адам қоғамның кез-келген қаулыларымен
өзіне қаншалықты ыңғайлы болса, соншалықты ғана байланысты және бұған өзі келісім
берген болса, бұл қайдағы жаңа міндеттеме болмақ? Олай болған күнде ол осы шарт
жасалғанға дейін немесе өзі ұмтылып, егер өзіне сәйкес келеді деп есептесе, кез-келген
қарекетке келісе алатын жаратылыстық ахуалдағы адам қандай бостандықты пайдаланса,
сондай бостандықты пайдалана береді ғой.
98. Егер көпшіліктің келісімі бүтіннің қарекеті ретінде парасатты қабылданбаса және
әрбір жеке адам үшін міндетті болмаса, онда, әрбір жеке адамның келісімін қоспағанда,
ештеңе де әлденені бүтіннің қарекеті ете алмайды, бірақ егер біз адамдардың едәуір
санына, бүл сан қоғамның барлық мүшелерінің санынан әлдеқайда аз болса да, науқастану
немесе іс жағдайы жалпы жиналысқа қатысуға мүмкіндік бермейтінін ескерсек, мұндай
келісімге қол жеткізу мүмкін бола қояр ма екен. Егер бұған адамдар бірге жиналған кезде
болмай қоймайтын пікірлердің әр алуандығы мен мүдделер қарама-қайшылығын қосатын
болсақ, мұндай жағдайларда коғам құру небәрі бас сұғып кету үшін ғана келген Катонның
театрға келуін еске түсіретін болады. Мұндай құрылыс алып Левиафанның ғұмырын ең
әлсіз деген тіршілік иелерінен де азайтып, ол тіпті өзінің туған күнінен асып өмір сүре
алмайды, ал бұлай деп, біз егер парасатты тіршілік иелері қоғамды ыдырау үшін ғана
құруды қалайды деп ойлай алатын болсақ қана, болжай аламыз; егер көпшілік барлығы
үшін шеше алмайтын болса, онда мұндай қоғамдар біртүтас бүтін ретінде бой көрсете
алмайды, ендеше, олар кешікпей-ақ қайтадан ыдырайды.
VIII тарау
Саяси қоғамдардың пайда болуы туралы
95. Бұрын да айтылғандай, адамдар жаратылысынан бостан, тең, тәуелсіз болатындықтан,
ешкім де жеке өзінің келісімінсіз бұл ахуалдан шығарылып, басқа біреудің саяси билігіне
бағындырыла алмайды. Кім-кімнің де өзінің жеке бостандығынан бас тартып, азаматтық
қоғамның қамытына мойынсұнатын жалғыз жол – өз меншігін алаңсыз пайдаланып, қоғам
мүшесі емес әлдекімге қарағанда неғұрлым қауіпсіздікте тұрып, ыңғайлы, аман-есен және
тыныштықта бірлесе өмір сүру үшін қоғамдастыққа бірігу туралы басқа адамдармен
жасалған келісім. Мұны қанша адам болса да жасай алады, өйткені бұл жерде
бұрынғысынша бостандықтың жаратылыстық ахуалында қала беретін басқа адамдардың
бостандығына жасалатын нұқсан жоқ. Адамдардың белгілі бір саны қоғамдастық немесе
мемлекет құруға осылайша келіскенде, олар осынысы арқылы бірігіп, біртұтас саяси