Page 15 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Д. Локк. БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЕКІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
парламент немесе басқаша бірдеңе деп атай беруге болатын ұжымдық органның қолына
заң шығарушы билік берілгенге дейін, өзінің қауіпсіздікті де, тыныштықты да пайдалана
алмайтынын, өзін азаматтық қоғамда өмір сүремін деп санай алмайтындығын көрді
3
.
Осының арқасында әрбір жеке адам, басқа, ең құнсыз адамдармен бірге заң шығарушы
органның мүшесі ретінде өзі белгілеген заңдардың боданы болып шыға келді; дәл сол
секілді, заң шығарылғаннан кейін ешкім де өзінің ықтиярымен сол заң күшінен қашып
құтыла алмайтын болды. Сондай-ақ өзінің артықшылығын көлденең тарта отырып, ешкім
де өзінің заң бұзуы немесе жақындарының бірінің заң бұзғаны үшін кеңшілік жасауды
өтіне алмайтын болды. Азаматтық қоғамдағы бір де бір адам үшін сол қоғамның
заңдарынан кеңшілік жасалуы мүмкін емес.
4
Егер қандай да бір адам ойына келгеннің
бәрін істей беретін болса, және сол тараптан өзіне жасалған жамандықты түзету үшін
немесе одан қорғану үшін жүгінетін орган жер бетінде болмаса, мен мұндай адам
толығымен әлі жаратылыстық ахуалда жүрген жоқ па, деген сұрақ қояр едім; бірақ сол
арқылы ол, егер әлдекім жаратылыстық ахуал мен азаматтық қоғам дегеніміз бір нәрсе деп
кесіп айтып жүрмесе, осы осынау азаматтық қоғамның бөлігі де, мүшесі де бола алмайды;
бірақ осы кезге дейін мен анархияның осылай деп табандап тұрып алатын бірден бір
жақтаушысын тапқан емеспін.
VIII тарау
Саяси қоғамдардың пайда болуы туралы
95. Бұрын да айтылғандай, адамдар жаратылысынан бостан, тең, тәуелсіз болатындықтан,
ешкім де жеке өзінің келісімінсіз бұл ахуалдан шығарылып, басқа біреудің саяси билігіне
бағындырыла алмайды. Кім-кімнің де өзінің жеке бостандығынан бас тартып, азаматтық
қоғамның қамытына мойынсұнатын жалғыз жол – өз меншігін алаңсыз пайдаланып, қоғам
мүшесі емес әлдекімге қарағанда неғұрлым қауіпсіздікте тұрып, ыңғайлы, аман-есен және
тыныштықта бірлесе өмір сүру үшін қоғамдастыққа бірігу туралы басқа адамдармен
жасалған келісім. Мұны қанша адам болса да жасай алады, өйткені бұл жерде
бұрынғысынша бостандықтың жаратылыстық ахуалында қала беретін басқа адамдардың
бостандығына жасалатын нұқсан жоқ. Адамдардың белгілі бір саны қоғамдастық немесе
мемлекет құруға осылайша келіскенде, олар осынысы арқылы бірігіп, біртұтас саяси
организмді құрайды, онда көпшілік қалғандары үшін қарекет жасау және мәселе шешу
құқығына ие болады.
96. Адамдардың белгілі бір саны жекелеген әрбір адамның келісімімен қоғамдастық
құрған кезде, олар осынысы арқылы бұл қоғамдастықты біртүтас организм ретінде бой
көрсету құқығы бар біртұтас организм етеді, бұл тек көпшіліктің ықтияры мен шешімі
бойынша ғана жасала алады. Қандай да бір қоғамдастықты іске қосатын нәрсе тек оны
құрайтын адамдардың келісімі ғой, ал біртүтас бүтін бір бағытта ілгерілеуі керек
болатындықтан, бұл бүтін өзін көпшіліктің келісімін құрайтын зорырақ күштің
жетектеген жағына қарай ілгерілеуі қажет: өйтпеген күнде ол біртұтас бүтін ретінде бой
3
"Бастапқыда, күндердің күнінде белгілі бір тәртіп мақұлданған кез¬де, бәлкім, басқару салты туралы
ештеңе ойластырылмай, адамдар іс жүзінде барлық мүдделі тараптар үшін мұның ыңғайсыз екендігіне көз
жеткізгенге дейін бәрі де басқаруға тиіс адамдардың даналығы мен ақылына берілген шығар, сондықтан да
олар дәрі деп білген нәрсе емдеуге тиіс дертті іс жүзінде ұлғайта түсті. Олар адамдардың бір адамның
ырқымен өмір сүру өздерінің барлық қасіреттерінің себебі болғанын байқады. Бүл оларды адамдар өздерінің
міндеттерін алдын ала біліп, оларды бұзғаны үшін қандай жазаға тартылатынын білетін заңдарды жасауға
мәжбүр етті" (Гукер. Шіркеу саясаты, І кітап, 10-бөлім)
4
"Тұтас алғанда мемлекеттің актысы болып табылатын азаматтық заң осы арқылы, осы мемлекеттің
жекелеген бөліктерінің үстінен қарайды" (Гукер. Шіркеу саясаты, I кітап, 10-бөлім)