Page 14 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Д. Локк. БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЕКІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
бақыт пен қауіпсіздіктің қандайлық деңгейіне жеткізетінін, Цейлон туралы таяуда ғана
айтылған әңгімемен танысқан адам оңай көре алады.
93. Шынында да, дүниеде орын алып отырған өзге басқару пошымдарындағы сияқты,
абсолютті монархияда да, бодандардың заңға жүгіну құқығы бар, ал қазылар бодандардың
өздерінің арасында, бір-бірінің арасында байқалуы мүмкін кез-келген дауды шешуге және
кез-келген зорлықты тежеуге ерікті. Мұндай жағдайды кез-келген адам қажетті деп
санайды және оны құртып жібермекші болған адам қоғам мен адамзаттың барып тұрған
қас жауы екендігіне сенеді. Бірақ бүл адамзат пен қоғамға шынайы сүйіспеншіліктен және
біз бір-бірімізге көрсетуге тиіс жанашырлықтан туындай ма – бұған күмәндануға болады:
өйткені бұл өзінің құдіретін, пайдасын немесе ұлықтығын сүйетін әрбір адам жасай
алатын және, әрине, жасайтын нәрсе – тек соның рахаты мен пайдасы үшін жұмыс істеп,
бел жазбайтын жануарлардың бір-біріне зиян келтіруіне немесе бірін-бірі өлтіріп
тастауына жол бермеуден артық ештеңе де емес; және сондықтан оларға қамқорлық
жасалғанда, бүл қожайынның оларды жақсы көретіндігінен емес, қожайынның өзін-өзі
жақсы көретіндігінен және сол жануарлар оған түсіретін пайдадан. Осындай ахуалда
осынау абсолютті иенің тарапынан жасалатын зорлық пен езіп-жаншуға қарсы қандай
қорғау, қандай араша бар деп сұрау жеткілікті ғой? Мұндай сұрақ қоюдың өзіне мұрсат
беріле қоймас. Олар сізге қауіпсіздік туралы өтініштің өзі үшін өлім жазасына кесіледі деп
жауап беруге әзір. Бодан мен боданның арасында, деп келісе кетеді олар, олардың өзара
тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін ережелер, заңдар және қазылар болуы керек. Ал бірақ,
билеушіге қатысты істің бәрінде ол абсолютті болуға тиіс, және ол барлық осындай
жағдайлардан биік; оның көбірек нұқсан келтіру және көбірек жамандық жасау билігі
болғандықтан, ол, бұларды істегенде әділетті жасайды дейді. Егер сіз осы ең мықты күш
иесі жасап отырған жақтан келетін зияннан немесе нұқсаннан қалай қорғануға болады деп
сұрасаңыз, мұны қылмыстың немесе бүліктің үні деп санайды. Адамдар жаратылыстық
ахуалды тастап, қоғамға кіргенде, біреуінен басқасының бәрі заңмен тежелуге тиіс, бірақ
сол біреу бұрынғысынша жаратылыстық ахуалдың билікпен бірге ұлғая түскен және
жазаланбау салдарынан жүгенсіздікке айналған бүкіл бостандығын сақтауға тиіс, деп
келіскен сыңайлы. Бұл адамдардың ақымақтығы соншалық, олар сасықкүзен немесе
түлкілерден шегетін зиянынан арылуға тырысады, бірақ өздерін арыстандар жеп жатқанда
ырза болып, тіпті өздерін қауіпсіз санайды деп ойлағанмен бірдей.
94. Адамдардың ақылын алдарқату үшін жарамсақтар қалай сайраса да, бүл адамдардың
сезінуіне кедергі жасамайды; олар қандай да бір адамның, оның қандай орын
алатындығына қарамастан, өздері өмір сүретін азаматтық қоғамның шекарасынан шығып
кеткенін, және де ол адам өздеріне жасауы мүмкін жамандықтан қорғауды өтініп
жүгінетін адам жер бетінде жоқ екендігін байқағанда, олар өздері жаратылыстық ахуалда
деп санайтын адам жөнінде өзіміз де сондай ахуалдамыз деп ойлай бастайды, және
қолдарынан келгенше, азаматтық коғамдағы қауіпсіздік пен қорғанышты барынша тез
табуға тырысады, әу баста өздері үшін құрылған және тек сол үшін олар соның құрамына
кірген. Міне сондықтан, бәлкім, әу баста (осынау толғамның бұдан кейінгі бөлімінде
неғұрлым жан-жақты көрсетілетіндей) басқалардың арасынан көзге түскен әлдебір ізгі де
тамаша адам, бойындағы жақсы қасиеттері мен ізгілігіне құрмет ретінде өзіндік бір табиғи
беделі деп саналып, оған билік тізгіні, сондай-ақ олардың арасындағы даулар бойынша
бәтуа жасау тізгіні, оның әділдігі мен даналығына сенімділіктен басқа ешқандай сақтық
шарасынсыз, үнсіз келісіммен берілген де болар, дегенмен, алғашқы ғасырлардың салдыр-
салақтығы мен аңғал бейғамдығының арқасында туындаған салттарға бедел мен
(кейбіреулер бізді сендіргісі келетіндей) қасиеттілік беретін уақыт басқа тұрпаттағы
ізбасарларды туғызған кезде, халық ондай басқару тұсында өз меншігінің қауіпсіздікте
еместігін (ал басқарудың бірден-бір мақсаты соны сақтау) байқайды, және сенат,