Қазақстанның ашық кітапханасы
алатын болуға тиіс, және бұл органға осы қоғамның әрбір мүшесі бағынуға тиіс.
1
Өздерінің арасындағы қандай да бір алауыздықты шешу үшін жүгіне алатын мұндай
органы жоқ қандай да бір адамдар бар жағдайда, бұл адамдардың барлығы әлі де
жаратылыстық ахуалда болғандығы. Әрбір абсолютті тақсыр өзіне бағыныштылар
жөнінде осындай ахуалда болады.
91. Өйткені сол, тек сол ғана бүкіл билікке, заң шығарушылық та, атқарушы да билікке не
деп есептеледі ғой, және тиісті өкілеттіктері болып, істі әділ де ешкімге бұрмай шешетін
және жүгінген кезде соның шешімінен көмек пен тақсырдың өзінен немесе соның
бұйрығы бойынша шеккен кез-келген нұқсанның немесе қолайсыздықтың есесін
қайтаруға болатын ешқандай қазыны іздеп таба алмайсың. Осылайша, ондай адам, ол
қалай - патша деп немесе жаппар нем сеньор деп, әйтпесе тағы басқаша аталса да, басқа
бүкіл адамзат жөнінде де, өзіне бағыныштылардың барлығы жөнінде де жаратылыстық
ахуалда болады. Өйткені, не ортақ ережесі жоқ, не жер бетінде өздерінің қайсысынікі
дұрыс екендігін шешу үшін олар жүгінетін ортақ қазысы жоқ қандай да бір екі адам
болған барлық жағдайда, олар әлі де жаратылыстық ахуалда болады
2
және абсолютті
билеушінің боданы, дәлірек айтсақ, құлы деген масқара айырмашылықпен мұның барлық
қолайсыздықтарын көреді: кәдуілгі жаратылыстық ахуалда ол өзінің құқығына өзі төрелік
жасап, шамасы жеткенше оны қолдап отыруға ерікті; ал қазір оның меншігі монархтың
еркі мен ойына келгенінің уысында болып отырған кезде, оған қоғамда тұратындар секілді
біреуге жүгінбек түгілі, парасатты тіршілік иелерінен бір саты темен тұрғандай, өзінің
құқығы туралы сөз айту немесе оны қорғау бостандығынан айрылған; осылайша, ол
ештеңемен шектелмеген жаратылыстық ахуалда бола тұрып, мұның үстіне
жарамсақтықтан азғындаған әрі билік берілген адам тарапынан жасалатын барлық
қасіреттер мен қолайсыздықтардан арыла алмайды.
92. Ал абсолютті билік адамдардың қанын тазартып, адам бітімінің пасықтығын түзетеді
деп ойлайтын адамға, бәрі де керісінше екендігіне көз жеткізу үшін, біздің немесе кез-
келген басқа дәуірдің тарихын оқып шығу жеткілікті. Америка ормандарында дөрекі де
әділетсіз болған біреу таққа отырғанда жақсара қоймас, ондай жерде, тегінде, оның өзінің
бодандарына істегенінің бәрін ақтау үшін ғылым мен қатыстырылар, ал семсер бұған
күмән келтіргендердің барлығының аузын бірден жабады. Абсолютті монархияны қорғау
неге апарып соқтыратынын, мұндай қорғау тақсырлардан атамекендердің қандай
аталарын жасайтынын және басқарудың осы түрі шыңына шыққанда азаматтық қоғамды
1
"Бүкіл қоғамның қоғамдық билігі осы коғамға кіретін кез-келген адамнан жоғары; бұл биліктің негізгі
мақсаты өзіне бағынатындардың барлығына заң беру, және біз, егер қажетті кезде парасат заңы яки құдай
заңы басқаша екендігі анық көрінетін себеп болмаса, мұндай жағдайларда гол заңдарға бағынуға тиіспіз"
(Гукер. Шіркеу саясаты, І-кітап, 16-бөлім)
2
"Мұндай өзара шағымдардың, балағаттар мен реніштің барлығын жою үшін", яғни, жаратылыстық ахуалда
адамдарға тән нәрселерді жою үшін "басқару және шешім шығару билігін бергендер қалғандарына
тыныштық, жайбарақаттық пен бақытты ахуалды қамтамасыз ету үшін өздерінің ішінде қоғамдық
басқаруды орнату және соған бағыну арқылы келісім мен келісуге қол жеткізуден басқа өзге тәсіл болған
жоқ. Адамдарға күш қолданылып, оларға нұқсан келтірілген жағдайларда олар өздері өздерін қорғаушы
бола алатындығы қашаннан белгілі болатын; олар адам¬дар өздерінің пайдасына қанша ұмтылғанмен де,
егер бұл басқаларға нұқсан келтіретін болса, онда бұған еш төзуге болмайтынын, және барлық адамдар
қолынан келгенінше бұған қарсы тұруы керектігін білетін. Ақыр аяғында, олар ақыл-ойы түзу бірде-бір адам
жеке өзінің құқығын айқындауға бармайтынын және жеке өзінің шешіміне сәйкес бүл құқықты
қорғамайтынын білетін, өйткені әрбір адам өзіне де, сондай-ақ өзі сүйетін адамдарға катысты әділ бола
алмайды; сондықтан егер адамдар барлығын да өздері орталарынан бөліп шығарған және оның келісімінсіз
бір адамның басқаның қожайыны немесе қазысы болуға бел бууына негіз болуы мүмкін емес адам
айқындауына ортақ келісімін бермесе, даулар мен жағымсыз жайлар ұдайы бола береді". (Гукер. Шіркеу
саясаты, І-кітап, 10- бөлім)