Page 12 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Д. Локк. БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЕКІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
жазалайды. Осының нәтижесінде саяси қоғаммен кімнің бірге, кімнің бөлек екендігін
ажырату оңай. Тұтас бір қоғам болып бірігіп, белгіленген ортақ заңы мен жүгінуге
болатын әрі олардың арасындағы дауларды шешу және қылмыскерлерді жазалау билігі
жүктелген қазылық мекемесі бар адамдар азаматтық қоғамда болып шығады; бірақ,
мұндай ортақ қазылық орны (мен – жер бетінде деймін) жоқ адамдар әлі де жаратылыстық
ахуал, басқа ешкім болмағандықтан әркім қазы да, жендет те өзі болатын жағдай, мұның
өзі, мен көрсетіп кеткендей, мүлдем жаратылыстық ахуал.
88. Осылайша, мемлекет осы қоғамның мүшелері жасаған әртүрлі заң бұзушылық үшін
қандай жаза берілуі керектігін белгілеу және ол жазаға қандай заң бұзушылықтар
жатқандығын белгілеу билігін алады (заң шығару билігі дегеніміз осы), сондай-ақ ол өз
мүшелерінің кез-келгеніне бұл қоғамға кірмейтіндердің кез-келгенінің келтірген нұсқасы
үшін жазалау билігіне ие болады (бұл соғыс және бейбітшілік мәселелерін шешу билігі),
және мұның барлығы қоғамның барлық мүшелерінің меншігін мүмкіндігінше сақтап қалу
үшін жасалады. Бірақ азаматтық қоғамға кіріп, қандай да бір мемлекеттің мүшесі болған
әрбір адам осы қадамы арқылы өзінің табиғат заңына қарсы қылмыстарды жазалау және
өзінің жеке қазылығын жүзеге асыру билігінен бас тартқанымен, солай бола тұрса да, ол
сотқа жүгінетін барлық жағдайларда қылмыстар үшін соттау құқығын заң шығарушы
өкіметке берумен бірге, ол мемлекетке өзін шақырған жағдайларда мемлекеттің үкімдерін
орындау үшін өзінің күшін пайдалану құқығын береді: өйткені бұл үкімдер оның төл
үкімдері болып табылады, өйткені оларды оның өзі не оның өкілдері шығарды ғой. Осы
жерде біз азаматтық қоғамның бастапқы заң шығару және басқарушы өкіметін көреміз, ол
өкімет тұрақты заңдардың негізінде мемлекет ішінде жасалған кезде қылмыстар қай
шамада жазалануы керектігін айқындауға, сондай-ақ әрбір жекелеген істе сол істің мән-
жайы негізінде қабылданатын шешімдердің көмегімен сырттан келтірілген нұқсан қандай
шамада өтелуі керектігін айқындауға және осынау екі жағдайда да, егер қажет болса,
қоғамның барлық мүшелерінің күшін пайдалануға тиіс.
89. Демек, адамдардың қандай да бір саны, бір қоғамға бірігіп, олардың әрқайсысы
табиғат заңымен өзіне тиесілі болатын атқарушы биліктен бас тартып, оны қоғамға берген
кезде, тек сонда ғана саяси, яки азаматтық қоғам тіршілік етеді. Және бұл жаратылыстық
ахуалдағы адамдардың қандай да бір саны бір жоғарғы үкіметтің билігіндегі бір халықты,
бір саяси денені құрау үшін қоғамға кіргенде, немесе оларға әлдекімдер қосылып,
бұрыннан бар мемлекетке қабылданғанда болады. Осынысымен ол қоғамға яки, оның заң
шығарушы өкіметіне өзі үшін қоғам игілігі талап ететін заңдар жасауға өкілеттік береді;
ол осы заңдардың (өзінің төл талаптарындай) орындалуына септесуге тиіс. Және бұл
адамдарды жаратылыстық ахуал мемлекетке көшіреді, өйткені жер бетінде барлық
дауларды шешетін және мемлекеттің кез-келген мүшесіне келтірілген барлық нұқсанның
есесін қайтаратын билігі бар қазы пайда болады; бұл қазы – заң шығарушы өкімет яки ол
тағайындаған мансап иесі. Ал адамдар өзара байланысты болса да, өздері жүгіне алатын,
шешім қабылдайтын өкіметі жоқ қандай да бір саны болғанымен, олар әлі де
жаратылыстық ахуалда болады.
90. Кейбіреулер басқарудың дүниедегі бірден-бір пошымы деп санайтын абсолютті
монархияның іс жүзінде азаматтық қоғаммен сыйыспайтыны осыдан-ақ анық көрінеді,
демек, ол, жалпы азаматтық басқару пошымы бола алмайды. өйткені азаматтың қоғамның
мақсаты әрбір адам өзінің жеке ісіне қазы болатындықтан қалайда туындайтын
жаратылыстық ахуалдың қолайсыздықтарынан арылып, есесін қайтару ғой. Бұған
өкіметтің белгілі бір органын белгілеу жолымен қол жетеді, оған осы қоғамның өрбір
мүшесі қандай да бір нұқсанға ұшырағанда немесе кез-келген дау туындағанда жүгіне