Page 11 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Д. Локк. БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЕКІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
85. Қожайын және малай – бұл атаулар тарихтың өзі сияқты көне, бірақ олар мүлде
кереғар жағдайлардағы адамдар жөнінде; мысалы, еркін адам басқа адамды малай етіп, ол
адам алатын ақысы үшін біршама уақыт бойы өзі міндеттеген қызметтерді атқаруды
мойнына алады; және, әдетте бұл да қожайынының отбасына кіріп, онда орнатылған
тәртіпке бағынуымен байланысты болса да, дегенмен, бұл қожайынға оның үстінен
уақытша, олардың арасында жасалған шарттағыдан аспайтын билік жүргізуге ғана
мүмкіндік береді.бірақ малайлардың басқа, біз құлдар деген ерекше атаумен атайтын түрі
де болады: бұл әділетті соғыста қолға түскен тұтқындар, және жаратылыстық құқық
бойынша олар өз қожайындарына абсолютті бағынышты және олардың деспоттық
билігінде болады. Бүл адамдар, мен айтып өткенімдей, өз өміріне құқығынан, сонымен
бірге өзінің бостандығынан да, мүлкінен да айрылған жандар; құлдық ахуалында олардың
ешқандай да меншігі бола алмайды; демек, бүл ахуалда оларды басты мақсаты меншікті
сақтау болып табылатын азаматтық қоғамның қандай да бір бөлігі деп санауға болмайды.
86. Енді біз үй ішілік басқарумен отбасында біріккен барлық бағыныштыларымен,
туыстарымен – әйелімен, балаларымен, қызметкерлерімен және құлдарымен бірге алып
отағасын қарастырамыз; мұның барлығы, өзінің тәртібімен, міндеттерімен және санымен
шағын мемлекетке қанша ұқсағанымен, құрылымы, билігі және мақсаты жағынан одан
әлдеқайда алыс жатыр; немесе, егер мұны монархия ретінде, ал отағасын – абсолютті
монарх ретінде қарастыратын болсақ, мұндай абсолютті монархияның билігі өте тұрақсыз
және қысқа мерзімді болады, өйткені жоғарыда баяндалғаннан айқын көрінетіндей,
отағасының осы отбасын құрайтын бірнеше адамға билігі уақыт бойынша да, мөлшері
бойынша да әбден белгілі және түрліше шектелген болады; егер құлдарды санамасақ (ал
отбасы онда құлдардың бар-жоғына қарамастан бірдей деңгейде отбасы болып табылады
және оның отағасы ретіндегі билігі де соншалық деңгейде үлкен болады), отбасы
мүшелерінің ешқайсысының өмірі мен өліміне оның заңдық билігі жоқ және жалпы
отбасында отанасының да ие болмайтын ешқандай билігі жоқ. Және де осы отбасына
кіретін әрбір жеке адамға әбден шектеулі билігі бар адамның бүкіл отбасына абсолютті
билігі болуы мүмкін емес екендігі күмәнсіз. Бірақ отбасының немесе адамдардың осыған
ұқсас қоғамының саяси қоғамнан қаншалықты айырмашылығы бар екендігін біз саяси
қоғамның өзі неден тұратынын қарастырған кезде жақсырақ көре аламыз.
87. Жоғарыда дәлелдеп көрсеткеніміздей, адам кез-келген басқа адам немесе дүниедегі
кез-келген басқа адамдар сияқты толық бостандыққа және жаратылыстық заңның барлық
құқықтары мен артықшылықтарын шексіз пайдалануға құқықты болып туады, және ол
жаратылысынан өз меншігін, яғни, өмірін, бостандығы мен мал-мүлкін зақымданудан
және басқа адамдар тарапынан басып алудан қорғауға ғана емес, сондай-ақ осы заңды
бұзғаны үшін, оның сенімі бойынша, бұл қылмысты қалай жазалау керек болса солайша,
тіпті тepiс қылықтың пасықтығы сөйтуді талап еткен кезде өлімге кесіп, басқаларды
соттап, жазалау билігіне ие. Бірақ бірде-бір саяси қоғам меншікті қорғау және осы
мақсатта осы қоғамның барлық мүшелерінің қылмыстарын жазалау құқығына өзі ие
болмай құрыла да, тіршілік ете де алмайтындықтан, саяси қоғам, оның мүшелерінің
әрқайсысы бұл жаратылыстық биліктен, осы қоғам орнатқан заңның қорғауына жүгінуге
кедергі келтірмейтін барлық жағдайларда бас тартып, қоғамның қолына берген жерде, тек
сонда ғана болады. Осылайша, әрбір жекелеген мүшенің жеке соты жойылып, қоғам қара
қылды қақ жаратын және барлық тараптар үшін бірдей тұрақты ережелер енгізіп, төбе
биге айналады жөне қоғамнан осы ережелерді жүзеге асыру өкілеттігін алған адамдардың
көмегімен осы қоғамның кез-келген мүшелерінің арасында барлық құқықтық мәселеге
қатысты туындауы мүмкін барлық келіспеушіліктерді шешеді, сондай-ақ қоғамның кез-
келген мүшесі қоғамға қатысты жасаған қылмыстарды заңмен белгіленген жазалармен