Page 9 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.тойбни. ТАРИХТЫ ҰҒЫНУ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
бұған дейінгі тарихты ескере келгенде, мүлде жөн болмайтындықтан, бұл болжам іске
асқанның өзінде де, маңыздысы халифаттың ақырында тозып бітуінде емес, оның екі жүз
жылдай уақытта егемендікке ие болуы. Және де оның әлуетінің зорлығы соншалықты, ол
тек ғасырларды ғана артқа тастаған жоқ, екі рет құрдымнан қайта тірілді.
Қасиетті Рим империясы. Каир мен Стамбұлда эвокацияланған халифат өмірі
бұралаңының Батыста Қасиетті Рим империясы түрінде қайта шала тірілген Рим
империясы өмірінің салдарларымен ұқсастығы бар. БІ Лев папа мен Ұлы Карл 800 жылы
Рождествода құрдымнан қайта тірілткілері келген Рим державасы бұдан кейін Батыста
төрт жүз жылдан артық өмір сүрді. Иығына аса ауыр римдік мантияны жамылған
Австразиялық держава бар-жоғы 127 жыл ғана тиімді болды (ең ықыласты деген есептің
өзінде).
Қасиетті Рим империясы бойына тек австразиялық арманды ғана сіңірген жоқ ол бұдан
кейін, Ұлы Карлдың өлген сәтінен бастап әбден берекесі кеткен жағдайда, тағы да мың
жыл жасады. Сөйтіп, Рим империясы Батыстың тарихына 395 жылы I Феодосийдің
өлімінен 1806 жылға дейін тұрған көлеңке түсірді. Бір жарым мыңжылдық Адамзаттың,
Жердің және Жұлдыздардың ғұмырымен салыстырғанда уақыт шкаласында, әрине, өте
қысқа мерзім. Алайда осы мерзім бүкіл адамзат өркенияттарының алты мың жылдық
шкаласындағы ең ұзақ-көне египет тарихына тең деуге болады.
Аббасидтер халифаты сияқты Қасиетті Рим империясы тіпті өзінің сөнер шағында да
біршама тартымдылығы мен мәнін сақтады.
1806 жылы Қасиетті Рим империясы өзін-өзі жойғаннан кейін бір жарым ғасыр өткен 1952
жылы Ватиканның егемен билеушісіне "Қасиетті Рим империясының графы" деген
мәртебе берілді де, бұл оған папалық пен империяның арасындағы кескілескен және
ғасырлық күрестен кейін қолында қалған соңғы бір тұтам жерге толық иелік берілгендігін
қуаттағандай болды.
"Елестер елесінің" османдар мен моғолдарға баруы.
Қасиетті Рим империясына тиімді басқарудың қысқалығы үшін, ал Каир халифатына -
мұндайдың мүлде болмағандығы үшін берілген баға олардың бұлыңғыр финалдарының
таңғаларлық ұзақтығы болса, православиелік христиандық Шығыс Рим империясы және
Қиыр Шығыстағы Сун мен Тан империялары өздерінің толыққанды һәм ұзақ
ғұмырларының құнын тез әрі ауыртпалықты жан тапсырумен өтеді. Құлаудың өте
шапшаң және біржолата болғандығы соншалықты, тозған өркенияттар өздерінің дербес
әмбебап мемлекеттерін құруға дәрменсіз болып шықты, сондықтан православиелік
христиандар империялық билікті османдардың, ал қытайлықтар - моңғолдардың қолынан
алды.
Жаулап алушылар өздері бағындырған қоғамдарды абыройдан айырылған билеуші
азшылықтың көмегіне сүйенбей - ақ өз үлгілеріне сәйкес қайта құрды. Моңғолдар
Қытайдағы билігін өз иеліктерінің батыс шетіндегі мұсылмандардың, сондай-ақ арасында
ең танымал Марко Поло болған батыс христиандарының көмегімен орнықтырды.
Османдар православиелік балалармен бірге әу баста платондық білім жүйесінің көмегімен
"натурасыздандырған" батыс христиандық опасыздарды тартты. Осынау екі әмбебап
мемлекеттің үкіметтерінде жойылған қансорғыш мемлекеттердің бірқатар институциялық
қалдықтары бар екендігінің, сондай-ақ басым азшылықтың өздерінің жойылған
орындарын қайтарып алуға ұмтылысының маңызы зор. Қытайда бұл - моңғол және