Page 10 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.тойбни. ТАРИХТЫ ҰҒЫНУ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
мәнжүр әскербасыларына қытай әкімшілігінің құпияларын айтып отыратын мандариндер,
ал Османдық Портада - бұл дипломатия саласында жұмыс істеуге рұқсат берілген,
османдық басқарудың ажырамас бөлігі болған фанариоттар. Ескі үлгідегі рәсімдер мен
әдет-ғүрыптар түріндегі институциялық жұрнақтар сақталғанымен, османдарда Шығыс
Рим империясының мұрасы "Қайсар-и-Рум", ал Сун және Тан империяларының мұрасы -
моңғолдық "Аспан Ұлы" болғанын байқау қиын емес.
Осы заманғы гректердің "ұлы идеясы". Жеңімпаз османдарға бұйырған мұра жеңілген
гректерге маза бермей қойды. 1071 жылы Шығыс Рим империясына 977-1019 ж.ж. ұлы
византия-болғар соғысындағы өзін-өзі мерт ететін саясаттың салдарынан аяусыз соққы
тисе де және император Алексей Комнин (1081-1118) енгізген жандану уақытша ғана
демалыс әкелсе де, византиялық саяси вирус грек халқының өмірінде, оның сезімдері мен
көңіл күйінде із қалдырды. 1204 жылы батыстың әскери арандатушылары Төртінші крест
жорығын
желеу
етіп
Константинопольді
талан-таражға
салғанда,
олар
Константинопольдік құлаған император тағының жаулап алынған халықтың арасындағы
беделінің жоғары екендігіне көздері жеткеннен кейін сол таққа өздерінің адамын -
"латындық императорды" отырғызу туралы шешімге келді; ондағысы - қаланың өзінің
және императорлық мәртебенің сиқырлы күші көнбістікке үйренген бодандарға тиісті
ықпал етеді деп үміттенді.
Бірақ осы сияқты елігу Солтүстік-Батыс Анатолиядағы Никеядағы грек ізбасар
мемлекетіне де күшті ықпал етті. Ол әуелі басқыншыларға ойдағыдай тойтарыс берді, ал
содан кейін Дарданелге бекініп, Балкан түбегіндегі бұрынғы империялық аумақтардың
біртіндеп басын қосып, османдардың алдын орап кетті. Никеяның шебер билеушілері
Константинопольдегі билікті басып алу және онда империялық стиль мен мәртебе
тағайындау идеясынан арыла алмады. 1261 жылы Михаил Палеолог ең жақсы
анатолиялық жерлерден айрылу құнымен аз ғана уақытқа сол амбицияларды
қанағаттандыра алды, бірақ мемлекет нақ сол жерлерден күш алып отыратын. Бұл айрылу
орасан зор империяны әлсіздікке кесті. Алайда тіпті Рим империясының осынау солғын
көлеңкесінің екі жүз жылдық жанталасы гректердің күні санаулы мемлекетке тамсана
беруіне ем бола алмады. Жылдан жылға, ғасырдан ғасырға, осы уақытқа дейін баянсыз
арман еліктіріп келеді. Бұл жарты мыңдай жыл бойы созылуда (1453- 1923).
Константинополь гректері осман басқаруы тұсында да бір ғажайып күш, мүмкін
Құдайдың араласуы, Шығыс Рим империясын қайта дүниеге келтіреді деп үміттенуін
қоймады. Бұл күтудің күштілігі мен жансебілдігі соншалықты, оны грек ауыз әдебиетінен
қазір де байқауға болады.
Мәселен, халық әндерінің бірінде былай делінеді: түріктер Қаланы қоршап жатқанда
монах табаға жеті балық қуырып жатыпты-мыс. Ол балықтарды бір жағынан қуырып
болады да, екінші жағына аудара бастайды, сол кезде біреу келіп Қаланы түріктердің
басып алғанын жеткізеді. "Түріктер ешқашан Қалаға ене алмайды, - деп саңқ етеді монах.
- Мен мұныңа қуырылған балықтардың қайта тірілгенін көрсем ғана сенемін". Монах
сөзін аяқтап үлгермей-ақ балықтар табадан шоршып түсіп, жылғаға қойып кетеді. Олар
күні бүгінге дейін сонда жүзіп жүреді-міс, оларды жартылай қуырылған, бірақ әлі тірі
күйінде табуға болады екен. Қаланы азат ететін сәт туғанша солай болмақ. Сол кезде
басқа монах келіп, балықтарды қуырып болады дейді.
Бұл ертегінің түріктік нұсқасы бойынша әуелде жеті балық болса, қазір бесеуі ғана
қалыпты.