Қазақстанның ашық кітапханасы
халифаты діни мекеме деп қате түсінуін халифалық билігін қорғау үшін пайдалана білді.
Кейін анық болғанындай, христиандap жағы өз қателіктерін түсініп, тиісті келісімдердің
күшін жоюды талап ете бастады (біреуін қол қойылғаннан кейін жеті жылдан соң,
екіншісін - он бір жылдан соң).
Солай бола тұра, халифат жоғарыдағыдай жаңартылып, «діни» мекемеге айналдырылса
да, XVII ғасырдан бастап аумақтарға саяси бақылаудан сөзсіз айрылып, оларды батыс
христиандыққа бере бастады. Жаугершілік пиғылдағы батыс елдері Осман империясының
саяси әлсіздігін түсінді, алайда ислам күшінің алдында біршама бас ию сақталып қалды.
Ол-ол ма, Осман империясының жалпы әлсіздігіне қарамастан, халифат православиелік-
христиандық мемлекеттердің билігінде қалған бұрынғы осман провинцияларындағы
мұсылман диаспораларынағана моральдық стимул беріп қойған жоқ; оның ықпалы одан
да алыс аудандарда, түрік сұлтанына немесе басқа да бір халифаға ешқашан бағынбаған
аумақтарда да байқалып отырды.
Б Абдул-Хамит сұлтан енгізген жаңалықтардың психология салдарларының құнды
болғаны және осман сыртқы саясатында елеулі рөл атқарғандығы соншалықты, Хамиттің
жеке билеушілік режиміне қарсы либералды оппозиция болып табылған "жаңа
османдардың" өзі осман халифатын жоюдың емес, одан арғы саяси айла-шарғылар үшін
оны сақтаудың жолдарын іздеді. 1876 жылғы осман конституциясында жоғары үкімет
билігі қолындағы адам "халифа" деп, сондай-ақ "сұлтан" немесе "падишах" деп аталды.
Халифат 1877 жылы Абдул-Хамит тұсында мемлекетке берілген соққыны бастан өткерді.
Халифат тіпті сұлтандықтың жойылуын да бастан кешіп, 1922 жылғы 1 қарашада
Анкарадағы Ұлы ұлттық жиылыста дауыс беру арқылы Түркиядағы егемен өкіметке қол
жеткізуге тырысты. Бұл ассамблея қабылдаған заң актысында халифаттың орталығы
Осман сарайында орналасқан және Ұлы түрік ұлттық ассамблеясына сайлау құқығын
халиф белгілейді делінген.
Ғази Мұстафа Кемаль Ататүріктің ізбасарлары саяси беделдің тарихи һәм заңгерлік
эмблемалары болған дәстүрлі атақтардың арасында айырмашылық жүргізуге тырысқанда,
байқамай өздерінің ата-бабалары 1774 жылы орыстардың алдында мұқият ойнап шыққан
әзілді қайталады. Жағдай халифат мекемесінің табиғатын, жиылыстың сырттай бір
қарағанда залалсыз боп көрінетін сипатына қарамастан, бұрыс түсіндіруге байланысты
қайталанды. 1922 жылғы 1 қарашадағы заңнан кейін Түркияны республика етіп және
республика президентін мемлекет басшысы етіп жариялаған
1923 жылғы 29 қазандағы заң шыққанда, жаңа саяси ахуал мен Түркиядағы күштердің
орналасуының халифаттың шариғатқа сәйкес айрықша құзыреттерімен сыйыспайтын
болғандығы соншалықты, мұның өзі режимнің тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін еді.
Жағдай тіпті үнді мұсылмандарын да қатты алаңдатты. Бұның бәрі 1924 жылғы 3
наурызда түрік Ұлы ұлттық жиылысының шешімімен халифатты жоюдың және
император отбасын Түркиядан аластаудың алғышарты болды. Бұл туралы хабар жеті
ғасыр бойы тек шынайы болмыстан бас тарту арқылы ғана қолдау тауып тұрған
аңғалдықпен халифатты құрмет тұтатын Делиге жеткенде, Қызыл Жарты ай қоғамы
мүшелерінің есеңгіреуін Вифлеемдегі әулие Иеронимнің құжырасындағы Римнің
құлағаны туралы христиан ғалымының хабар алған сәттегі трагедиялық көрініспен
салыстыруға болар еді.
Осы тарау жазылып жатқан кезде халифат, шынында да, жойылуға жақын қалғандай еді.
Алайда халифат сияқты өміршең мекемені өлім жазасына кесу жөніндегі үкімге қол қою,