Қазақстанның ашық кітапханасы
Мәселен, қиыршығыстық әмбебап мемлекеттің мәнжүр тармағының үкіметі дүние жүзінің
барлық бөліктеріндегі Аспан асты империясы дипломатиялық қатынас орнатқан
егемендер өздерінің дәрежелерін өзі сияқты Пекинде алды деп кәміл сенген.
Осман империясының құлдырау кезеңінде, 1768-1774 ж.ж. орыс - түрік соғысының
сұмдық жеңіліспен аяқталуының және II Махмуд сұлтанның қаза болуының арасындағы
тайғанақ уақытта, тарих сахнасында бірқатар атаққұмар әскербасылар пайда болды; олар
ізбасар мемлекеттер билеушілерінің дәрежелерін иемденуге дайын еді, бірақ тек өз
мүдделерін ғана көздесе де, падишахтың атынан қарекет етті.
Тіпті өзін екі құрлық пен екі теңіздің әміршісі деп есептеуге жақын тұрған империя "ауру
адамға" айналғанда да стереотип өзгерген жоқ. Дунай княздіктерінің моделіне сәйкес
ізбасар мемлекеттер падишахқа бағынды.
Осман және Мәнжүр империяларының, құлдырауға қарамастан, заңдылықтың көзі мен
тірегі болып есептелу құқығына монополиясын сақтаудағы табысы Моғол империясының
дипломатиялық - психологиялық tour de force сияқты соншалықты тамаша болмады;
тимуридтердің моғолдық әулеті державалардың көлеңкесінде қала тұрып, өз рөлін
сақтауды жалғастырды, ал Осман және Мәнжүр империяларының билеушілерінен Ұлы
Моғолдардың соңғысының айырмашылығы - солар сияқты қайғылы мәреге дейін өмір
сүрген жоқ.
Бұл тіркестің авторы, шамасы, орыс патшасы I Николай болу керек, ол оны бірінші рет
1844 ж. лорд Абердинмен әңгімелескенде қолданып, 1853ж. Қырым соғысының
қарсаңында қайталаған еді.
Падишах парсы сөзі, "өз қол астындағылардың иығында тұрған шах", яғни шахтардың
шахы, немесе "патшалардың патшасы" дегенді білдіреді.
Өлген әмбебап мемлекеттердің нышандары. Әмбебап мемлекеттердің мәңгілігіне деген
сенімнің орнықтылығының бұдан да гөрі мықты айғағы - олардың елестерін ұрпақтардың
эвокациялайтын парадоксты тәжірибесі. Аббасидтердің Бағдат халифаты Каирде қайта
тірілді, Рим империясының рухы екі бәсекелес державаға - Батыстағы Қасиетті Рим
империясына және православие христиандығының Шығыс Рим империясына тән болды;
Цзинь және Хань әулеттерінің империясы Қытайдағы қиыршығыстық қоғамның Сун және
Тан империялары түрінде қайта дүниеге келді. Әлі және тірі өркенияттар өзара әке мен
баланың туыстығы сияқты байланысатындықтан, әмбебап мемлекеттердің осы сияқты
елестері Уақыт ішіндегі өркенияттар арасында болатын тарихи түйісудің нақты жемісі
болып табылады.
Аталмыш феноменнің айтылған төрт өкілі эвокуация уақыты бойынша да, тұтастай
алғанда өзінің тарихи тағдыры бойынша да бір-бірінен өзгеше. Мысалы, қиыршығыстық
империялар мен Қасиетті Рим империясы өздері рухын жүзеге асыруға тиіс болатын
әмбебап мемлекеттің шын мәнінде талқандалғанынан төрт жүз жылдан астам уақыт өткен
соң эвокуацияланды. Шығыс Рим империясында Исавриялық Певтің тырысуының
арқасында бір жарым ғасырлық интербол болды, ал Аббасидтердің халифаты Бағдаттағы
халифат құлағаннан кейін үш жарым жылдан аздау уақытта Каирде қайта тірілді.
Халифат елесінің Каир мен Стамбұлда көрініс беруі.