Page 5 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.тойбни. ТАРИХТЫ ҰҒЫНУ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
олардың дарынсыздығы мемлекеттің түбіне жетіп тынды. Нерон империяның мәңгілігін
айғақтауға тиіс болған ойындар енгізді.
Север мен оның түнеріңкі ізбасарларының заманында императорлардың ресми
мәлімделетін мәңгілігі (осынау заманда, империяның құлдырау заманында тақ иесін
Мәңгілік Мәртебелі деп атау біртіндеп енді) мен олардың шын жағдайының
тұрақсыздығы арасындағы кереғарлық сананы жаншып жібереді. "Мәңгілік" сөзі тек
латынша ғана емес, және де Римнің дәл құлауының алдында, грек тілінде де қанатты сөзге
айналғаны одан да оғаш (мысалы, Римнің орнына ақындар "мәңгілік қала" тіркесін
қолданды). Тіпті Аларих Римді басып алып, талапай жасағаннан кейін де бұл қаланың
мәңгілігі туралы сөздер естіліп қалатын.
Бәлкім, ең оғаш айғақ - әулие Иеронимнің сол кездегі шалғай Иерусалимде жүріп Римнің
құлағаны туралы хабарды естігенде есінен танғаны жөніндегі сөздері болар. Шіркеу
Жасағанның мейіріміне үміт артатындықтан, оны жер бетіндегі істер қызықтырмауы тиіс,
оның үстіне ол бұл істермен өзінің ешқандай үмітін байланыстыра алмайды. Солай бола
тұрса да, хабардың Иеронимді есінен тандырғаны соншалық, oл біраз уақыт діни уағызбен
айналысудан қалды. Иеронимнің сөздері Римге тамсануға, оның тағдырына қатысты ащы
өкінішке және бұл қалаға деген шынайы махаббатқа толы. Шамасы, мұның бәрі нақты
Иероним мен болашақ христиан әулиесінің арасында инсанияттық шыңырау жатқаны
туралы қарапайым ақиқатты бейнелейтін болар.
Рим ммпериясының халқы 410 жылы бастан өткерген дүрбелеңді бір дәрежеде 1258 жылы
Араб халифатын моңғолдар жаулап алғандағы халифат тұрғындарының есеңгіреуімен
салыстыруға болады. Рим әлемі Палестинадан Галлияға дейін, араб әлемі - Ферғанадан
Андалузияға дейін түршігіп кетті.
Аталмыш жағдайдағы психологиялық стресс римдік жағдайдан анағұрлым әсерлі болды,
өйткені Аббасидтердің халифатына шешуші соққы берілген кезеңде оның егемендігі үш я
төрт ғасыр бойы баянсыз болып тұрған-ды.
Аббасидтер өздерінің ұлан-ғайыр жерлерінің көбінде нақты үстемдіктен гөрі номиналды
ғана үстемдік жүргізді. Алайда осы жылдарда халифат халқы орын алған тәртіптің
ажалсыздығына сенімін тек нығайтумен болды. Ең таңданарлығы әмбебап мемлекеттің
санаға терең әсер ететіндігі соншалықты тіпті ішкі де, сыртқы да пролетариат өкілдерінің
арасында халифатты қиратқанда олар ең жоғары дәрежелі күнәһарлық қарекет жасайды
деген пікір қалыптасты.
Құлатылған биліктің ізбасарлары осынау кең таралған және ғасырлар қойнауына кететін
елестің күші туралы ойлай бастайды, өйткені олардың қолдарында бүкіл сау қалған мұра
шоғырланады. Бұл мұраны игеру әрекеті әдетте варвардың келмеске кеткен әмбебап
мемлекет билеушісінің мәртебесін мақтанышпен өзіне иеленуге ұмтылысынан көрініс
береді.
Мәнжүр, Осман және Моғол империяларының салдарлары. Әмбебап мемлекеттердің
мәңгілігіне деген сенім, олардың мұра бөліп берушілер статусын ұстап тұру қабілетіне
сүйенетін сенім оған қандай да бір нақты негіз қалмағаннан кейін де (кейде тіпті олар
нақты өмір сүруін тоқтатқаннан кейін де) сақтала беретінін толып жатқан тарихи
мысалдар арқылы көрсетуге болады.