Page 3 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.тойбни. ТАРИХТЫ ҰҒЫНУ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
феномендерді жай ғана бір өркенияттың ірім - шіруінің жанама өнімдері ретінде зерттеу
бұл орайда өркенияттың өзі - арнайы негіздеуді талап етпейтін тарихи зерттеудің бірден-
бір мақсаты деп топшылау орынды ма? Енді, біз әмбебап мемлекеттер, шіркеулер мен
қаһармандық ғасырлары бірден-бір ғана өркенияттың дамуының тарихи кезеңнің ішінде
түсініле алмайтынын аңғарған кезімізде, оларды төл сипаттамаларымыздың ортақ маңызы
бар немесе бері салғанда жеткілікті деп ойлап, солармен шектеп зерттемеуге тиіспіз.
Сонымен, біз қандай да бір алдын ала ескертулерсіз әмбебап мемлекеттердің мақсаттарын
талдап, бұл орайда әмбебап мемлекеттің мақсаты өзі үшін қойылған мақсат па немесе бұл
басқалармен жарыста жеңіске жетудің құралы ма деген бірінші сұрақты қоямыз.
Мәселеге бұған дейін өзіміз қарастырған әмбебап мемлекеттердің кейбір қырларын еске
түсіру арқылы келген бәріне абзал. Біріншіден, әмбебап мемлекет өркенияттың
тұралауына дейін емес, содан кейін пайда болады. Бұл қоғамның жайма шуақ жазы емес,
оның қатын шуақ жазы - күздің жайсаң лебі мен қыстың қызылшұнақ аязы алдындағы
жылымықтың соңғы лебі. Екіншіден, әмбебап мемлекет - басым азшылықтардың, яғни,
бір кезде қарымды жасампаздық қуаты болып, бірақ кейін оны жоғалтып алған әлеуметтік
топтардың жемісі.
Бұдан басқа, әмбебап мемлекеттердің тағы бір керемет белгісі бар - олар ыдырау
ырғағында жандану сәтіне дөп келеді. Нақ осы белгі ұрпақтардың - әмбебап мемлекеттің
ойдағыдай орнауының куәлерінің қиялын оятып, ризашылығын тудырады.
Мұның бәрі әмбебап мемлекеттің бір қарағанда екіұшты болып көрінетін ортақ
картинасын жасайды. Әмбебап мемлекеттер - әлеуметтік ыдыраудың нышаны; алайда бұл
бір мезгілде, оны бақылауға алу, құрдымға кетуіне жол бермеу әрекеті.
Бір кезде пайда болып, өз тіршілігі үшін күресетін әмбебап мемлекеттердің табандылығы,
мәреге жеткен тұста ерекше әсер етеді. Әмбебап мемлекеттердің сан алуан ақтық сәттерін
талдауды мынадай схемаға саюға болады:
Әмбебап мемлекеттің орнатылуы алдында бөтен қоғамның басып кіруі орын алады;
мұндай жағдайда ыдырау үстіндегі қоғамның әлеуметтік денесінде туындаған және ғайып
болудан бұрын әмбебап мемлекет фазасы арқылы өтуге итермелейтін серпін жат жерлік
агрессорды жойып, оның институттары мен мекемелерін пайдалану үшін жеткілікті
болады.
Жергілікті әмбебап мемлекет оны тудырған серпіннің күші аяқталмай жатып бөгде
өркенияттың басып кіруімен төңкеріп тасталады. Ыдырау үстіндегі басып алынған
мемлекеттің әлеуметтік денесіндегі серпін әмбебап мемлекет фазасын аяқтау үшін
жеткілікті күшті болып шығады. Кей - кейде тіпті агрессорды тоқтатып, қиратылған өз
институттарының орнына соның институттарын пайдаланудың сәті түседі, мұның өзі
басып алынған қоғамның басқыншыны қуып шығару үшін және төл әмбебап мемлекетінің
билігін орнату үшін бойындағы күшті сезінгенге дейін әлі де бірнеше ғасырға өз тірлігін
ұзартуға мүмкіндік береді. Анд және вавилон қоғамдарының тағдыры осыған ұқсас
болды. Анд қоғамы батыс қоғамының испандық өкілдерінің институттарын, ал вавилон
қоғамы - сириялық қоғамның ахеменидтік өкілдерінің және эллиндік қоғамның
селевкидтік өкілдерінің институттарын пайдаланды. Сириялық және индтік қоғамдар өз
тіршілігінің мерзімін өздерінің алғашқы әмбебап мемлекеттерін қайта қалпына келтіру
арқылы ұзартты.