Қазақстанның ашық кітапханасы
ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ
Арнольд Джозеф ТОЙНБИ
ТАРИХТЫ ҰҒЫНУ
(1889-1975) - британдық тарихшы, оның "Тарихты ұғыну" (1934-1961 ж.ж.) атты он
томдық көлемді еңбегі, өркенияттың шарықтап дамуын және құлдырауын терең
талдайтындықтан, "қазіргі заманғы ғылымның ұлы жетістіктерінің бірі" ретінде танылған.
Тойнби - Лондонда дүниеге келіп, Оксфордтағы Уинчестер, Валлиоль колледждерінде
білім алды. 1925-1955 ж.ж. ол Корольдік Халықаралық істер институтының директоры
және Лондон университетінде халықаралық тарихты зерттеуші профессор болып қызмет
атқарды.
"Тарихты ұғынуда" талдап әзірленген теория - өркениятта біртұтас бүтін ретінде жүгіну
секілді. Тойнби есімін, Азия ойшылдары көбірек құрметтейтіндей, оның "дәйекті
мемлекет ", "халықаралық пролетариат" сияқты терминдерін басқа авторлар да қолданады.
Төртінші бөлім
ӘМБЕБАП МЕМЛЕКЕТТЕР
Мақсат па, құрал ма?
Осынау кітаптың түпқазығы тарихи зерттеу өрістерін зерттеу болды,ол өрістердің
Кеңістік пен Уақыттың шеңберінде түсініле алатын қасиеті бар секілді. Эмпиристік талдау
жолымен біз өзіміз өркенияттар деп атаған дербес бірліктерді анықтай алдық. Содан кейін
біз Адамзаттың көз жетерлік және құжатталған тарихының материалдарына сүйене
отырып, ұқсастыра алған жиырма бір өркенияттың шығу тегін, өркендеуін, діңкелеуі мен
ыдырауын салыстыра зерттеуге кірістік.
Мойындау керек біз оқтын - оқтын белгілі бір қиындықтарға тап болып отырдық, ал
мұның өзі біз таңдап алған кілт біздің интеллектуалдық ізденістеріміздің жолындағы
барлық есіктерді аша алмайды екен деген ойға жетелейді.
Әу бастан-ақ қоғамдардың әрқилы өкілдерін ұқсастыра отырып, біз кейбір өркенияттар
бір немесе басқа түрге жатқызуға мүмкіндік беретін әдеттегі байланыстардан неғұрлым
берік дәнекерлермен өзара байланысты қоғамды да екенін байқадық. Біз бұл туыстықты
бала мен әке арасындағы қатынас ретінде анықтадық та, біршама талдау жасап, қоғам
өзінің ыдырау процесінде өз денесінен басым азшылық, ішкі және сыртқы пролетариат
сияқты әлеуметтік өнімдерді бөліп шығаратынын аңғардық. Басым азшылық кей-кейде
әмбебап мемлекеттің құрылысшыларын жігерлендіретін философия бере алатыны, ал ішкі
пролетариат әлемдік шіркеуге айналуға тырысатын асқақ дінді туындататыны, сыртқы
пролетариат өзінің артында варварлық әскери отрядтардың трагеедиясынан тоқылған
қаһармандық ғасырларын қалдыратыны анықталды.
Әмбебап мемлекеттер, әлемдік шіркеулер және қаһармандық ғасырлары, осылайша, осы
заманда ғана емес, адамдар тарихының әртүрлі кезеңдерінде де ұшырасып отырады. Олар
өркенияттарға бір немесе басқа өркениятты бір немесе басқа түрге жатқызуға мүмкіндік
беретін қатынастардан неғұрлым тығыз және неғұрлым индивидуалдық қатынастар
таңады. Осыдан келіп мынадай сұрақ туады: мұндай жағдайда осынау тарихи