Page 24 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.тойбни. ТАРИХТЫ ҰҒЫНУ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Хайбер шатқалы және Гиндукуштың басты жотасы сияқты қиын кедергілерден өтуге тиіс
болатын.
Ганг пен Джамна бассейндерінен Оке пен Яксарт бассейндеріне дейінгі жерлерді
біріктіріп, "Гиндукушты жойғысы" келген астана үшін бұл табиғи көршілік еді.
Географиялық қоршауға қарсы тұрған грек қолбасшысы Деметрийдің табыстары, оның
бүкіл өжеттігіне қарамастан, қас қағым сәттік баянсыз болып шықты. Грек-бактрия
мемлекеті Маурьилер империясын жеңіп үлгермей жатып, оның өзі көшпенділердің басып
кіруінің нәтижесінде басталған бауырластар қырғынына тап болды. Алайда, екі жүз
жылдан артық уақыт ішіндегі шым-шытырық өзгерістерден кейін грек императоры
Деметрийдің өткінші табысын б.д. I ғасырында кушан империясының негізін қалаған I
Кадфиз қайталаған кезде, Үндістанның солтүстік-батысын Орталық Азиямен
байланыстыратын осынау қайта құрылған саяси түзілімнің астанасы бастапқыда Деметрий
таңдап алған жерден алыс болмай шықты. Кушан патшалығының астанасы Пешаварда,
Инд және Хайбер шатқалының арасындағы ұлы солтүстік - батыс жолының бойында
болып шықты.
Маурьилер империясын Гупттар қайта қалпына келтіргеннен кейін, тарих қайталанды.
Өздерінен бұрынғылар сияқты Гупттар да инд әлемін Паталипутрадан басқарды, бірақ өз
кезегінде Гупттар империясы да кеңейе бастағанда инд әмбебап мемлекеті
императорларының соңғысы өз резиденциясын Паталипутрадан Джамнаның бастау алар
тұсындағы, қазіргі Дели орналасқан жерден жоғарылау жағалауға ауыстырды.
Пайда кімдікі? Әмбебап мемлекеттер астаналарының тарихын қысқаша баяндап болып,
астаналардың негізін қалап, орындарын ауыстырғанда, " пайда кімдікі?" деген сұраққа
жауап беруге тырысып көрейік. Адамзат тарихының әртүрлі замандарында астаналар
түрлі мақсаттарға - зорлық-зомбылық мақсаттарына да, бейбіт - мақсаттарға да қызмет
етті. Марварлар олардың ту-талақайын шығарып, талап алу үшін аш қасқырша бас салып
отырды. Жаулаушылар, жат жұрттық мәдениет иелері, оларды бүкіл империяны
бағындыру үшін басып алып отырды. Ыдырап бара жатқан империялардың
жаңғыртушылары төл билігінің беделін көтеру үшін ежелгі қалалардың баяғы беделін
көтеруге тырысты. Жаумаушылар зорлықпен енгізетін немесе жергілікті билік
басындағылар ерікті түрде өздері кіргізетін жат мәдениеттер астаналарды өз ықпалын
таратуға қажет аралық станциялар ретінде пайдаланды. Жоғары діндер оларды өздерінің
батыл миссионерлік істері үшін толығымен ыңғайлы деп тапты.
Әмбебап мемлекеттің астанасы рухани тұқым себу үшін құнарлы топырақ береді, өйткені
экумендік қызмет атқаратын қала үлкен әлемнің кішірейтілген көшірмесі болып
табылады. Оның тар махаллалары барлық ұлттар мен таптарды, барлық тілдер мен
олардың өзгешеліктерін, түрлі - түрлі діни көзқарастардың мұрагерлерін сыйдырады, ал
қақпалары үлкен әлемнің алыс шартараптарына бастайтын жақтарға ашық болды. Ондағы
миссионерді ығы-жығы құжыралардың тұрғындары да, император сарайының мүшелері
де ести алады. Ал егер оған өз рухының арқасында императордың жүрегіне жол табудың
сәті түссе, ол империялық биліктің қуатты әкімшілік машинасының шіркеудің игілігіне
жұмыс істей бастағанын көруге үміттене алады.
Империялардың астаналары сондай-ақ шетел мәдениетін беру пункттері де болып
табылады. Мұндай рөлді Габсбургтердің Дунайлық монархиясында Вена, петрлік Ресейде
Санкт - Петербург, Селевкидтер империясында бронттағы Антиохия мен Тигрдегі
Селевкия, Британ империясында Калькутта, испандық Жаңа Испания вице-корольдігінде
Мехико және испандық Перу вице-корольдігінде Лима ойнады.