Page 23 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.тойбни. ТАРИХТЫ ҰҒЫНУ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Геродот өзінің еңбегін аяқтай келе мынаны айтады: Ұлы Кир парсы халқының дүниенің
қожасы деп саналуына үзілді - кесілді қарсы болған, бұл үшін оған өзінің таулы отанын
тастап кету қажет болар еді. Парсы үкіметінің саясаты парсыларға осы жолға түсуге
кедергі болуға бағатталған - бағытталмағанына қарамастан, II Кирдің Ахеменидтер
әулетін орнатуына дейінгі жүз жылдан астам уақытта Ахеменидтер өз астанасын туған
таулы ұясынан оларға бағынған бірінші жазықтық өлкеге ауыстырғаны тарихи шындық.
Эламның астанасы Суз ақыры Ахеменидтердің қолына түскеннен кейін 1453 жылы Осман
империясының астанасын Адрианопольден Константинопольге көшіру сияқты
Ахеменидтер империясының орталығын ауыстыру қажеттілікке айналып, мұны б.д.д. 521
жылы Дарий I қолға алды. Бұрынғы таулық астаналарға қарағанда Суздың географиялық
жағдайы стратегиялық тұрғыдан өте-мөте қолайлы еді. Оның үстіне, бұл аудан сол кездегі
негізгі астықты аймақ, сондай - ақ қолөнер өндірісінің орталығы болатын; алайда Суздың
төңірегінде әскери күшті толықтырып отыратын сенімді көздердің болуы, империяны
тұтас басқару тұрғысынан келгендегі ыңғайсыздықтарға қарамастан, таңдау жасауға
басты себеп еді.
Дарий империясын қайта құрғанда Сузға ұлы солтүстік - шығыс жолын да, ұлы солтүстік-
батыс жолын да жүргізу мүмкін болмай шықты, алайда ахеменидтік басқарудың бұл
табысы tour de force болып қала берді. Ұлан-ғайыр империяның астанасы ретіндегі
Суздың ыңғайсыздығын Ахеменидтер сарайының өздері таңдап алған астанада жыл бойы
тұра алмауы дәлелдейді. Ол бір жылдың ішінде үш рет резиденциядан резиденцияға
көшіп отыруға мәжбүр болды. Императордың барлығы үш резиденциясы бар-тын.
Бұл жердегі маңызды дүние - сарайдың бір жерден екінші жерге ауысып отыруы
парсылардың ұлттық орталығын жойған жоқ. Таққа отырарда ахеменид императорлары
Парсаға көңілі бұратын әрі императорлар сонда жерленетін.
Метрополиялар астаналарының көші-қоны. Егер жат - жұрттықтар да, варварлар да,
шекаралық тайпалар да емес, метрополиялардың билігімен құрылған әмбебап
мемлекеттерді шолып өтсек, онда біз әу баста орталықта негізі қаланған астананың
біртіндеп шетке қарай жылжу тенденциясын байқаймыз.
Рулық иеліктері Магадха мемлекетінде болған әулеттер құрып, кейін қайта
жандандырылған инд әмбебап мемлекеті бұл тенденцияның классикалық мысалы болып
табылады. Маурьилар мен Гупталар өз астанасын әу баста Магадханың жергілікті
астанасы болған Паталипутрада (кейін Патна) сақтады. Гангтың Джамнамен және басқа
екі саласымен қосылатын жерінде ыңғайлы орналасқан Паталипутра бүкіл Ганг
бассейнінің табиғи әкімшілік орталығына айналды. Алайда, бұл жердің айқын
артықшылықтарына, оның үстіне, дәстүрмен һәм беделмен аяланғанына қарамастан,
үкіметтің резиденциясы сайып келгенде солтүстік-батысқа, сырттан елеулі қысым көрген
шекараларға қарай орын ауыстырды.
Маурьилердің әлсіреген империясының ойрандалған аумақтарын б.д.д. III ғ. грек-
бактриялық Деметрий I патша басып алғанда, ол астананы Маурьилер империясының
бұрынғы астанасын Бактриядағы Деметрийдің бұрынғы астанасымен байланыстыратын
стратегиялық маңызды жолдың бойындағы жаңа жерге көшірді. Деметрийдің жаңа
астанасы Маурьнлер империясы құрылғанға дейін жергілікті мемлекеттің астанасы болған
қазіргі Равалпинди қаласына жақын жерде болды. Бұл мемлекет магистральдың ең қиын
тұсына Үндістан жақтан келетін жолды бақылауда ұстады. Бұл жерде саяхатшы Инд өзені,