Page 25 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.тойбни. ТАРИХТЫ ҰҒЫНУ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Бұл қалалардың көпшілігінде жатжұрттық мәдениеттің "радиация көзі" жаңа топыраққа
салынған жаңа тұғыр болды. Мәселен, Ұлы Петр батыс мәдениетін Ресейге жылжытудың
ең пәрменді әдісі жаңа астана салу екендігін түсінді. Сол себепті де ол ескі мәдениеттің
қорғаны болып қала берген Мәскеуден астана ретінде бас тартты.
Мәдениеттің таралу процесіндегі алмасу пункттері ретінде астаналарды пайдаланудағы
жетістіктер осынау факторды империяның негізін қалаушы жатжұрттықтар пайдаланатын
астананың тағы бір ықтимал қызметі деп атауға мүмкіндік береді. Мысалы, Селевкидтер
эллинизмді тек бір орталық арқылы ғана таратқан жоқ. Селевкидтердің даңқы тек бронт
пен Тигр жағаларында ғана емес, ұлан-ғайыр иеліктердің Эвлеядағы Селевкиядан
Ликадағы Лаодикеяға дейінгі басқа да жерлерінде дүниеге келді. Олар барлық жерлерде
өздерінің жомарт қолымен грек қалалары - мемлекеттерінің жұлдызды тозаңын шашты, ал
ол қала-мемлекеттер түзген алқа жер бетінен Селевкидтер әулеті жойылғаннан кейін де
ғасырлар бойы Оңтүстік - Батыс Азияны әшекейлеп тұрды.
Мазмұны
ӘМБЕБАП МЕМЛЕКЕТТЕР 2
ӘМБЕБАП МЕМЛЕКЕТТЕР МАҚСАТ РЕТІНДЕ 4
ӘМБЕБАП МЕМЛЕКЕТТЕР ҚҰРАЛ РЕТІНДЕ 14
ПРОВИНЦИЯЛАР 18
ACTAHAЛAP 21