Page 21 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.тойбни. ТАРИХТЫ ҰҒЫНУ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Диоклетиан (284-305) Рим империясын қайта ұйымдастыруды қолға алған сәтте бұған
дейінгі екі ұрпақтың сұмдық тәжірибесі азаматтық провинциялық үкімет пен жергілікті
әскери басшылықты, тіпті жергілікті әскербасылар заңды түрде жоғарғы командованиеге
бағынса да, қосудың қауіптілігін дәлелдеп берді. Диоклетиан заманында Август жүйесінің
мәнін құрайтын әскери және азаматтық провинциялар арасындағы айырмашылықты
сақтау іс жүзінде мүмкін емес еді, өйткені бұл кезеңде империяның шекаралық қорғанысы
бұзылған - тын. Егер жаңа соғыс ахуалында империяны қорғау мүмкін болса, онда мұны
тек империяның кез-келген бөлігінде әрекет етуге қабілетті ұтқыр күштер ғана істей
алатын. Бұл пайымдаулар Диоклетианды және оның ізбасарларын іс-қимылдардың
бастапқы жоспарын түбегейлі өзгертуге мәжбүр етті. Олар ең жоғары әскер
басшыларының санын мейлінше қысқартып, олардың әрқайсысына қамқорлыққа алуға
ұлан-ғайыр аумақты тапсырды. Алайда олардың құзыреті тек әскери істер мен мәселелер
аясында ғана шектеулі еді. Таза бейбіт мәселелерді шешу үшін азаматтық әкімшілік
құрылды. Биліктің мұндай бөлінуі батыста б.д. V ғ. Дейін, шығыста және орталықта - VII
ғ. дейін сақталып келді.
ACTAHAЛAP
Астаналар көші-қонын реттейтін заңдар. Әмбебап мемлекеттердің орталық үкіметтеріне
уақыт өте келе өздері тұратын орынды өзгертудің белгілі бір тенденциясы тән. Бұл
әмбебап мемлекеттердің негізін қалаушылардың сарындары мен ниеттері қандай
болмасын, олардың еңбектерінің шынайы мақсаты патшалық та, билік пен даңқ та емес,
бодандарының әл-ауқаты екендігін білдіретін ең айқын көрсеткіштердің бірі.
Империяның негізін қалаушылар әдетте өздері үшін барынша оңтайлы аумақты
жайластырудан бастайды. Астана не бәсекелестерді жеңу арқылы жергілікті мемлекеттен
әмбебап мемлекетке айналған өз отанында, не жаулап алушыларға ең ыңғайлы болып
көрінген жуырда бағындырылған аумақтың шетіндегі бір жерде орын тебеді. Алайда
уақыт өте келе империялық әкімшіліктің тәжірибесі немесе оқиғалар ықпалы империяның
негізін қалаушыларға, я болмаса олардың империяны жаулап алғаннан кейін оны қайта
құратын ізбасарларына, қалыптасқан жағдайда империяның астанасын бұрынғыдан да
ыңғайлы жерге көшіруіне түрткі болады. Осынау жаңа экумендік дүниетаным, әлбетте,
жаңа жағдайларға бейімделген жаңа шешімдер легін дүниеге келтіреді. Егер бірінші
пайымдау ыңғайлылық ұғымына негізделсе, астананы жаңа орынға көшіру әдетте
коммуникациялардың ең тиімді нұсқаларын таңдауға байланысты. Бұл тұрғыдан келгенде
империяның орталығы оңтайлылау деп саналады. Екінші жағынан, егер күн талабы
варварлардан немесе шетелдік агрессорлардан қорғану болса, онда астана империяның
қысым айрықша сезілетін шекарасына қарай жылжытылады.
Жатжұрттықтар немесе варварлар негізін қалаған әмбебап мемлекеттерде империя
астанасы империяның шет жағында орналасады. Уақыт өте келе ол орталыққа қарай
жылжытылады. Ал империяны құрушылар шекаралық облыстардың тұрғындары
болғанда, кей-кейде осыған ұқсас тенденция байқалады, бірақ мұндай жағдайда кейде
астана өзінің алғашқы орнына қайтып келетіндей қарсы қозғалыс болады. Император -
маркграф өзінің туған ұясымен байланысын үзбестен варварлардан қорғануға мәжбүр
болуы мүмкін. Егер оған, өзінің барлық жаңа бодандарының ресурстарын жұмылдыра
отырып, варварларды тойтарудың сәті түссе, оның астанасы империя иеліктерінің
кеңеюінің арқасында амалсыз империя аумағының терең түкпірінде қалады. Метрополия