Page 19 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.тойбни. ТАРИХТЫ ҰҒЫНУ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Мысалы, Африкадағы, Македониядағы және Вифиниядағы римдік провинциялар өзінің
пайда болуы үшін, рим мемлекетінің тел бақуаттылығы жөніндегі қамқорлығына
қарыздар. Римдіктер ол жерлерде өз әкімшілігін тіпті де жаңа бодандарының игілігі үшін
орнатқан жоқ, қайта Римнің бітіспес жаулары Карфагеннің, Македонияның және
Каппадокиядағы Понттың - жаңадан бағындырылған үш бәсекелесінің көтерілістеріне жол
бермеу үшін істеді. Рим империясы өзінің қас дұшпандары саяси картаның бетінен
жойылып кеткенше өзін қауіпсізбін деп сезіне алмайтын еді. Екінші жағынан, римдіктер
Египетке тәуелді Пергамда, содан соң Киренаики мен Кипрде тікелей әкімшілік енгізу
жөнінде шақыру алғанда, олардың рим қазынасын толықтыру және салық жинаушылар
мен саудагерлердің кірістерін ұлғайту пиғылын басшылыққа алғанына дау жоқ. Және бұл
сарындар, сөз жоқ, шешуші болғанымен, іс жүзінде олар сол жерлерде қоғамдық қызмет
ұйымдастырды, ол қызмет жергілікті билеп-төстеушілерге масыл болды, бірақ олар одан
өз бетімен құтыла алмайтын еді.
Римнің өзінің тікелей саяси мүддесінен неғұрлым кең себеп Киликияда бастапқы шегінде
Оңтүстік - Шығыс Анатолия таулықтары тұратын аумақты қамтыған римдік провинция
құрудан анық көрінеді. Римдіктерге Атталидтердің мирасы тиген кезде, олар қай жағынан
алғанда да тиімсіз осынау жерлерді өзінің Азиядағы жаңа провинциясының шекарасына
қасақана қоспағанды. Сол арқылы римдік Азияның оңтүстік-шығыс шекарасы мен
Селевкидтер иелігінің солтүстік-батыс шекарасы арасындағы ешкімге тиесілі емес жерде
пираттық үшін қолайлы жағдай жасалды. Теңіз қарақшылары бүкіл Жерорта теңізін тез
игерді. Рим халқының толып жатқан делегацияларының Публий Сервилийге, Марк
Антонийге және Помпейге теңіз қарақшыларын жою жөніндегі өтініші Рим үкіметінің
шынында да пәрменді шаралар қолдануына алып келді, ал мұның өзі осы аудандар үшін
жауапкершілікті өз мойнына алғанмен пара-пар еді. Осындай сарын Римді теңіз
қарақшылары үшін табиғи пана болған Киликия мен Критте тәртіп орнатуға
жігерлендірді. Мәселен, Августың санасында жалпы алғанда эллин әлемінің бақуаты Рим
мемлекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігімен тығыз байланыстырылды.
Осылайша, әмбебап мемлекет провинцияларының басты міндеттері - империялық билікті
сақтау және жергілікті мемлекеттердің күйреуі немесе құлауы арқылы іріп-шіру үстіндегі
қоғамның әлеуметтік ұйытқысында пайда болатын саяси вакуумды толтыру еді. Бұл
міндеттердің маңыздылығы әмбебап мемлекет құрудың әртүрлі кезеңінде әрқилы.
Әмбебап мемлекеттің негізін қалаушылардың қорғаныс шаралары ретінде тікелей
әкімшілік әдістерін әзірлеп, енгізудегі қулашы, дау жоқ, жойылған жергілікті мемлекеттер
тұрғындарының өздерінің бұрынғы қожайындарына қаншалықты берілгендігіне
байланысты. Ал мұның өзі өз кезегінде әмбебап мемлекет өз аясына енгізген қоғамның
тарихына және оны жаулап алу қарқынына байланысты. Өз билігін шешуші бір-ақ
соққымен орнатуға қол жеткізген империя құрушыларға сол билікті ұстап тұру мүмкіндігі
билікке ұзақ күрестің нәтижесінде келгендерге қарағанда анағұрлым аз.
Провинциялардың қаржылық қызметтері. Әрқилы әмбебап мемлекеттердің провинциялық
жүйесіне сыдырта қараудың өзі провинциялардың үш негізгі - қаржылық, заңдық және
әскери - қызметтерінің басын ашады. Қызметтің бұл қырларының маңыздылығы бірдей
емес және тарихи ерекшеліктерге, саясаттағы өзгерістерге және басқа да факторларға
сәйкес құбылып тұрады. Осылай, мысалы, көп нәрсе халықтардың темпераменті мен
дәстүрлеріне байланысты. Аталған қырлардың кейбіреуі мүлде көрініс бермейтін
жағдайлар да белгілі.
Қызметтің ең елеулі және ешқашан жойылып кетпейтін қыры қаржылық қызмет болып
табылады. Тіпті римдік және сасанидтік аумақтарды басып алған қарапайым араб-