Қазақстанның ашық кітапханасы
ұқсас нәтижеге алып келеді. Империя құрылысшылары ниеттерінің консерватизміне
қарамастан, олардың өзгеше қыры - қабылдампаздық. Нақ осы кем бағаланатын белгі
бұлғақ заманының кескілескен шайқасында олардың жеңіске жету себептерінің бірі екен.
Бұл белгі дәуірдің үстем самалына айналады.
Бір әмбебебап мемлекеттерді шетелдік жаулап алушылар құрса, басқа біреулері өздерінің
ішінде белгілі бір сан алуандық - тіпті бір әлеуметтік дүниенің шекаралық тұрғындары
мен ішкі аудандарының тұрғындары арасында елеусіз жіктелу болған қоғамдардың жемісі
ретінде дүниеге келеді. Әмбебап мемлекеттердің құрылымында ерекшеліктен гөрі ереже
іспеттес мәдени айырмашылықтардың болуы кез-келген әмбебап мемлекеттің етене
белгісі - әлеуметтік кондуктивтілік деңгейін көтереді.
Мәселен, вавилондық әмбебап мемлекет болып табылады жаңа вавилондық империяда
оның мәдени тазалығы жойылды, сол арқылы вавилон өркениятының өзінің сөзсіз
күйрейтіні даярланды. Навуходоносор патшалығының әуелі Дхеменидтердің варварлы
сириялық империясына, содан кейін Селевкидтердің эллиндік империясына қосып алыну
шамасына қарай вавилон мәдениетінің өзгешелік белгілері барған сайын солғындай берді.
Осынау мысал әмбебап мемлекеттің мәдени композициясына сан алуандылықтың жоғары
дәрежесі тән екендігін, ал әмбебап мемлекеттің кондуктивтілігінің салдарларының бірі -
бұлғақ заманда басталған мәдени араластық процесінің зорлық-зомбылығы мен дөрекілігі
кем жолмен іске асатын жалғасы болып табылатынын көрсетеді. Қатыгез заманның
босқындары, аласталғандары, кірмелері, құлдары және басқа құрбандары әмбебап
мемлекеттің неғұрлым адамгершіл режимінде саудагерлермен, кәсіби әскерилермен,
мүсәпір философтармен, миссионерлермен, яғни, әдетте, зорлық жасауға бармай-ақ
мәдениетті тарататындардың бәрімен алмастырылады.
Бейбітшілік психологиясы. Әмбебап мемлекетті оның негізін қалаушылар орнатады және
оны бодандар бұлғақ заманнан бірден-бір ем ретінде қабылдайды. Бұл мекеменің қу
бастағы міндеті - баршаға бірдей келісім орнатып, содан соң оны сақтап отыру. Титықтау
сырқатына ұшыраған қоғамда бөлінудің қос сипаты болады. Көлбеу бөліну - бәсекелес
таптардың арасында, тік бөліну - соғысушы мемлекеттер арасында болады. Әмбебап
мемлекет осы процесті тоқтату үшін керек. Империя құрылысшыларының тікелей қасқақ
мақсаты - өзара қырып-жою барысында аман қалған бірден-бір державаның негізінде
әмбебап мемлекет құру. Алайда зорлық - зомбылыққа қарсылық - әлеуметтік өмірдің тек
белгілі бір бөлігін қамтып қана салтанат құра алмайтын ақыл-ой ахуалы және тәртіп
тұрпаты. Едәуір дәрежеде бұл сезім бүкіл қоғамдық қатынастардың өзегі болуы тиіс.
Сондықтан себепті басым азшылық іске асыруға тырысатын келісім принципі басым
азшылық пен ішкі де, сыртқы да пролетариат арасындағы қатынастарға ғана емес, кез
келген басқа өркеният өкілдерімен қатынастарға да таралуы тиіс. Соншалық кең
тұрғыдағы мінсіз де тұрақты бейбітшілік мүмкін болмаған күнде де, уақытша бейбітшілік
әбден мүмкін.
Әмбебап мемлекеттің психологиялық ауанын айқындайтын баршаға ортақ келісім оның
азаматтарына бірдей пайда келтірмейді. Ол басым азшылыққа күшін қалпына келтіруге
біршама мүмкіндік берген күнде де, пролетариаттың күшін айтарлықтай ұлғайтатын
болады. Келісім өздігінен әлі артықшылық емес. "Сынған қоға тұтанған зығыр талшығын
сындыра да, өшіре де алмайды" (Матф. 12, 20). Ұстамдылықтың практикалық салдары
материалдың қасиетіне байланысты. Басым азшылықты тастап шыққан өмір тек
кикілжіңнен босану арқылы ғана қайтарыла алмайды, алайда жаңа ахуал пролетариат
үшін өте жайлы, бұл ахауал оны қаруландырып, күшейте түседі. Демек, әмбебап мемлекет