Page 16 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.тойбни. ТАРИХТЫ ҰҒЫНУ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Қоғамның аман қалған элементтерін әмбебап мемлекеттің жүйесіне енгізудің өзі не ғайып
болғанды қалпына келтіруге, не қалғанды қираудан сақтауға көмектесе алмайды. Ұдайы
кеңейе беретін әлеуметтік вакуумның нақты қаупі әмбебап мемлекеттің үкіметін бастапқы
ниеттеріне кереғар қимылдауға мәжбүр етеді. Күзету мекемелерін конструкциялау -
әмбебап мемлекеттің іргелі міндеті, өйткені бұл - қоғамның өзін консервациялаудың
бірден-бір құралы.
Б.д.д. 31 ж. Акциялар түбегіндегі шайқастан кейінгі Рим империясының әкімшілік
тарихындағы кезең мұның классикалық айғағы бола алады. Римнің империялық
басқаруының басты әдісі тікелей емес басқару принципі болды. Эллиндік әмбебап
мемлекетті Римнің негізін қалаушылар эллиндік мәдениет әлі саясатпен ұшыраса
қоймаған аудандардағы автономды облыстар белдеуі бар өздерін - өзі басқаратын қала -
мемлекеттер ассоциациясы ретінде түсінетін. Рим әкімшілігінің күш-жігері негізінен өзін-
өзі басқаратын жергілікті органдарды үйлестіруге саятын; империялық үкімет жергілікті
үкіметтердің бір-бірімен жанжалдаспауын қадағалауға тиіс - тін, мұның үстіне ол оларды
сыртқы варварлардың шабуылынан қорғады. Азын-аулақ гарнизондық әскерлерді ғана
пайдаланатын Рим үкіметінің қызметі осымен шектелетін. Бұл саясаттың негізі ешқашан
әдейі өзгертілген емес, алайда көбіне мәжбүрліктен және біртіндеп енгізілген, бірақ
салдарлары ұзаққа созылған жаңалықтардың нәтижесінде әкімшілік құрылымы біртіндеп
өзгеріске ұшырады.
Марк Аврелий басқаруының аяқталар тұсында бағынышты князсымақтардың соңғы
иеліктері провинцияларға айналдырылды. Мұның үстіне бұл провинциялардың өздері
тікелей әкімшілік жүргізу объектілеріне айналып, бұрынғы өзін - өзі басқаратын қала-
мемлекеттер статусынан айрылды. Алайда орталықтандыру процестері империяның
барлық жауапкершілікті өз мойнына алуға ұмтылысымен тікелей байланысты болған жоқ;
бұл негізінен жергілікті басқару органдарының біртіндеп азғындауы себебінен орын алды,
мұның өзі орталық үкіметті басқару процесіне араласуға мәжбүр етті. Август заманында
Ұлы Ирод сияқты жергілікті патшаларадың аппараты әрі аяусыз, әрі пәрменді болды.
Жергілікті үкіметтер ішкі міндеттері де, пираттардан қорғану міндеттерім де ойдағыдай
шешіп отырды. Қала-мемлекеттер, олардың саяси статусы қандай болса да, қорғану және
жергілікті өзін - өзі басқару беделін сақтап отыру үшін өз бойынан ішкі күштерді де,
жеткілікті материалдық ресурстарды да таба білді. Бұдан кейінгі екі ғасыр ішінде адам
ресурстары біртіндеп азая берді, мұның өзі мынаған алып келді: империялық үкімет
жергілікті билеп-төстеушілерді өзінің уәлилерімен алмастыруға мәжбүр болды, олар
сайланбайтын, оларды орталық билік тағайындайтын және олар провинциялардың
губернаторлары арқылы императордың алдында есеп беріп отыруға тиіс болды.
Өз тарихының ақырына қарай Рим империясының әкімшілігі иерархиялық тұрғыдан
ұйымдастырылған бюрократиялық аппарат болды, ал жергілікті магистраттар мен
қалалық кеңестер дер кезінде салық жинауды қамтамасыз ететін құралдарға айналды.
Айта кету керек, бұл өзгерістерді орталық билік жергілікті биліктен артық ынтамен
енгізбейтін, ал олар ол өзгерістерді амалсыз қабылдайтын. Бұлардың екеуі де олардың
ырқынан әлдеқайда қуатты күштің құрбаны еді. Қажеттікке бағына отырып, әмбебап
мемлекеттің үкіметі іс жүзінде өзінің әу бастағы мақсаттарына жете алмайды. Ол еш
ынтасыз құратын жаңа мекемелердің болжана алмайтын зардаптары болады. Мұндай
құрылыстың салдарлары әрқашан революциялық сипатқа ие болады. Алдыңғы
зерттеуімізде біз іріп - шіру дәуіріне сезінудің екі түрі: барлығының араласып кетуі мен
бірлік сезімі тән екендігін көрсеттік; субъективтік тұрғыдан келгенде осынау екі
психологиялық тенденция бір - біріне кереғар болғанымен, объективтік тұрғыдан олар