Page 15 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.тойбни. ТАРИХТЫ ҰҒЫНУ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
мүмкіндігіне ие болудың сәті түссе де, ол бұған әрқашан өзіне-өзі кереғар жетеді.
Әмбебап мемлекеттің жасаушылары мен қожайындарының қайткенде де орнын бермеуге
жанталасқан ниетінің бері салғанда бір лайықты түсінігі бар. Олардың жасампаздық
жетістіктері қандай төмен деңгейде тұрмасын, бұл бәрібір өз заманының ең жоғары
деңгейі. Жергілікті мемлекеттер қанды судай ағызып, бірін-бірі жалмап жатқан кезде,
қатігездік пен төзбеушілік қоғамдық ізгілікке айналған кезде, соғыстарды тоқтату үшін
және қантөгісті кооперациямен алмастыру үшін әмбебап мемлекеттер пайда болады. Және
егер әмбебап мемлекеттер мәңгілік өзіндік мақсат емес, ең бақытты үлесі - басқалардың
пайдасына жасалатын эвтанасия болатын жай ғана қас қағымдық туынды болса, бұл
адамзат иелерінің иерархиясында мемлекет едәуір төмен орында тұрғанын көздейді.
Егер әмбебап мемлекет тұтас бір қызметтердің иерархиясы ретінде жұмыс істесе, онда
осынау қызметтердің жұмысын қамтамасыз ететін мансап иелері кімдер? Олар әртүрлі
қайнар көздерден, және де өлетін қоғамның ішкі немесе сыртқы пролетариатының
қатарларынан ғана емес, бөтен өркеният өкілдерінен де шақырылады. Мұның үстіне, ішкі
пролетариат қызметтерінде әмбебап мемлекет ұдайы ең жоғарғы дінмен - ішкі
пролетариаттың туындысымен жанасып отырады.
Әмбебап мемлекеттердің кондуктивтілігі. Егер күндердің күнінде әмбебап мемлекеттің
аясында жасампаздықтың ұшқыны жарқ етсе, онда оның тұрақты жалынға айналуға
барлық мүмкіншілігі бар, ал бұл бұлғақ заманда еш мүмкін емес нәрсе. Әмбебап
мемлекеттің орнатылуы өркенияттың титықтаудан ыдырауға дейінгі өміріне тән
Құлдырау және Жандану шеңберлерінің дәйектілігіндегі жанданудың екінші тактысының
басы. және де екінші жандану әдетте ең күштісі. Алайда бұл қызмет, өзінің құндылығына
қарамастан, теріс сипатты. Әмбебап мемлекет жағдайында пайда болатын қоғамдық
ахуалдың қай қыры жаңа жасампаздықтың пайда болуына септеседі? Бәлкім, бұған
құрылысқа тартылу арқылы өзінен-өзі жеңіліс табатын архаизм тенденциясы біршама
дәрежеде қолайлы болар.
Әмбебап мемлекет әу бастан құрылысқа тартылады, өйткені сол арқылы ол өзін-өзі
сақтауды қамтамасыз етеді. Бірақ жасампаздыққа серпін негізгі түрткі болғанымен, ол бұл
жағдайда да басым бола алмайды. Әмбебап мемлекеттің орнатылуы бауырластар
қырғынын тоқтатып, бейбітшілік әкеледі. Алайда әмбебап мемлекет орнатылғаннан кейін
қол жеткенді нығайту шараларын қолдану қажет. Рас, әмбебап мемлекеттің таң
шапағында оның қауіпсіздігі көпшілік жағдайда қамтамасыз етілген болады. Дегенмен,
ортағасырлық муниципиялық космостың нашар дамыған әмбебап мемлекет болып
табылатын Неполеонның империясы өзі орнына келген мемлекеттердің ізін жою үшін көп
күш салды. Инктердің андтық әмбебап мемлекетінің жасаушылары мен қожайындары
жаулап алынған халықтардың мекемелерін қиратпай, қайта жаңғыртып, жүйеледі, ал
империялық Рим үкіметі барлық жеке ассоциациялардан арылғысы келді және тіпті
достар қоғамы мен жерлеу клубы сияқты қоғамдарға күдікпен қарады. Алайда әмбебап
мемлекеттердің өзінің тұтастығына алаңдаушылығының соншалық шетін көріністері тым
сирек, және бұл әмбебап мемлекеттердің саясатында өзін-өзі сақтау сарыны негізгі сарын
еместігіне мегзейді.
Қарекетке итермелейтін басқа бір сарын, өзін-өзі сақтаумен салыстырғанда жеткілікті
қуатты көрінетін сарын - әмбебап мемлекетті емес, оның аясына біріктірілген қоғамды
консервациялау қажеттілігі. Басқаша айтқанда, әмбебап мемлекет бұлғақ заманның
бауырластар қантөгісі кезеңін бастан өткергеннен кейін аман қалған нәрсенің бәрін
сақтаудың қамын жейді. Өсу кезеңінен мұраға қалған мекемелердің көпшілігі не толық
қиратылған не бұлғақ заманның сұмдық әлеуметтік тәжірибесінің салдарынан бүлдірілген.