Page 14 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.тойбни. ТАРИХТЫ ҰҒЫНУ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Кейінірек императорға тіпті болашақты айтып бере алатын көріпкелдік те телінді, ал бұл
қасиет, әбден - ақ қисынды түрде құдайдың сыйы деп жарияланды.
Әмбебап мемлекеттің мәңгілігіне сенімнің орнықтылығының ендігі бір себебі - мекеменің
өзінің әсерлі ғаламаттығы. Бұл ғаламаттық аласапыран заманнан бастау алады және
ыдырауға бет алған қоғамның жандануын бейнелейді, сондықтан да ол адамдардың
жүрегін баурап алады.
Үшінші себеп - әмбебап мемлекеттің тоталитарлық, бәрін қамтитын сипаты. Саяси
тұрғыдан келгенде әмбебап мемлекет - әлеуметтік ыдырау процесінің психологиялық
жемісі болып табылатын бірлік сезімінің ең жоғары көрінісі. Бірлік пен баршаға ортақтық
- барлық әмбебап мемлекеттердің сипатты белгісі.
ӘМБЕБАП МЕМЛЕКЕТТЕР ҚҰРАЛ РЕТІНДЕ
ЭВТАНАСИЯ ҚҰНЫ
Бұл Жалғанда мәңгілікті қорғауға тырысу әрекеті бос әурешілік, өйткені Табиғатқа қарсы
келуге болмайды.
Тифонның тағдыры "кімде-кім өзінің жанын сақтағысы келсе, ол одан айырылатынын"
дәлелдейді; бірақ "өзінің жанын Мен үшін қиған адам оны сақтайды" (Лука 9, 24; Матф.
16,25, и 10,39) деген байлам да нақ сондай ақиқат па? Ертеректегі нұсқасында пәрменділік
альтруистік актыға тікелей тәуелді екені неғұрлым анық айтылған: "Кімде-кім Мен және
Інжіл үшін жанын қиса, ол оны сақтайды" (Марк 8, 35). Бұл тұрғыдан келгенде
ажалсыздыққа құр дәмеден бас тартып, эвтанасияға үміт артатын әмбебап мемлекет сол
арқылы Феникстен де асып түсуге тырысады. Ол тек жан пида етіп қана қоймай, өзінен
тыс тұрған бірдеңе үшін жан пида етуге тиіс. Мұндай ерікті альтруизм - кез-келген
әмбебап мемлекеттің және кез - келген мекеменің өміріндегі кулак естімеген дүние,
өйткені олардың басты және жалпыға ортақ дерті - өз-өзінің мақсатына айналу. Тифон
үкімінің құрбаны болып, осынау бақытты сәтсіздіктің арқасында кейін Феникстің
мейіріміне ұшыраған әмбебап мемлекеттерді тарих біледі. Феникстің марапаты - күл
болып кетіп, қайта тірілу. Мысалы, батыс және православиелік христиандық өркенияттар
Рим империясының; иран және араб өркенияттары - Аббасидтер халифатының; эллин
және сирия өркенияттары - Кносстың; вавилон және хетт (сондай-ақ, мүмкін, инд)
өркенияттары - "төрт тарап империясының"; индуистік өркениет - Гупттар империясының
күлінен қайта өніп шықты. Әу баста бар-жоғы әлеуметтік ыдыраудың тек жанама
нәтижесі сияқты болып табылатын мекеменің жасампаздық рөл атқаруға қабілетті ғана
болып қоймай, ол сол үшін жаратылғаны күмәнді болып көрінеді.
Әмбебап мемлекеттердің тағдыры шынында да парадоксты. Бұл жаратындылар - іри
бастаған қоғамдардағы үстем азшылықтардың еңбегінің соңғы жемістері, ал осынау үстем
азшылықтар өзін-өзі терістеу идеясынан тым қашық, сол өзін-өзі терістеу солардың
еңбегінің жеміс беруінің бірден - бір және міндетті шарты болып табылатыны айдан анық.
Кез-келген билеуші азшылықтың саналы мақсаты өзі етене дәнекерлермен байланысқан
қоғамдағы өз рөлін әрқашан сақтауға саяды. Әмбебап мемлекет өзін-өзі қорғау құралы
болып табылады. Алайда, бұл ниет ешқашан орындалмайды. Әмбебап мемлекет, оның
өмірі қаншалықты ұзақ болса да, қоғамның ғайып болуы алдындағы оның соңғы фазасы
болып табылады, ал ажалсыздық сағымы әмбебап мемлекетті қандай да болсын адамзат
тіршілігінің мақсаты деп қате қабылдаудың салдарынан пайда болады. Егер үстем
азшылыққа өзін-өзі терістеу арқылы жасампаздық актысына қатысудың, жаңа