Қазақстанның ашық кітапханасы
2° Иррационал факторлар. Бұл арада дәстүр мен тәрбие негізгі рөл ойнайтын секілді.
Өкіметке салт солай болған соң бағынады. Жетекшілерді олар әрқашан болғандықтан
қабылдайды және олардың беделі нақ су, от, жаңбыр немесе бұршақ сияқты ешқандай
талқылауға жатпайтын әpi табиғи феномен ретінде көрінеді. (N.B.: "табиғи" cөзі бұл арада
әлеуметтанушылық емес, әдеттегі мағынасында қолданылып отыр). Жетекшісіз өмір
сүруге болады деген ой көпшiлiктiң басына да келмейді, өйткені, бұл ойға жетелейтін
бірдe-бір нақты нәрсе жоқ (ал мұндай ой зәуде басына келе қалғандар оны қисынсыздық,
сандырақ, іске аспайтын арман деп санайды). Әлеуметтік болмыс - адамдар төте де
тікелей танитын күйінде - басшылық жасау, бедел, билік жүргізу идеясын қамтиды.
Мойынсұнудың осынау сезімін тәрбие айтарлықтай күшейте түседі Кiп-кішкентай тipi
жанды сәби шағынан бастап әке-шеше ырқына көнуге, олардың нұсқауларын екі етпеуге
баулиды: балалар мен әке-шешелер қоғамында бұлардың бipiншiлepi басқарылады да,
екіншiлepi басқарады. Содан кeйiн мұғалімдері, тәрбиешілері, директорлары бар
мектептер өздерінің рұқсат ету және мәжбүрлеу амалдарымен билік және мойынсұну
cезімiн мықтап ciңipyгe кіріседі. Инсанияттық және діни тәрбие (сондай-ақ тарихты
оқыту) бұл жалпы білімді толықтыра түседі. Баланың есейіп, айналасындағы қоғамды
түciнy шамасына қарай, оның көз алдында ойналып жатқан, орныққан, бәрін де қамтитын
өкімет спектaклi әке-шеше мен мұғалімдер берген эстафетаны iлiп әкетeдi. Қаршадайынан
тыңдауға машықтанған сәби, оның барлық жерде бар екендігін көреді. Дербестікке
бозбалалық ұмтылыс оны тек өзiнiң бұрынғы жeтeкшiлepiмeн (мұғалімдерімен, әке-
шешесімен) теңдігін орнықтыруға ғана жеткiзeдi: мұның өзі енді ол делдалдарсыз-ақ,
солар бағынған жетекшілерге мойынсұнады деген сөз.
[...] Ортақ әлеуметтік қысым билеушілердің материалдық мәжбүрленуінен нәр алып,
күшейе түседі. Өкімет, кeйбірeyлер тым аңғырт ойлайтындай таза күш феномені емес:
оны көптеген басқа құрамдас бөлiктep қалыптастырады. Кейде тiптi, бұл арада күш
салыстырмалы түрде екінші дәрежелі рөл атқаратын секілді көрінеді: билік бойсұнуға қол
жеткізу үшін күш қолдануға мәжбүр болса, бұл оның ipгeciнiң шайқала бастағаны деген
сөз; диктатура, алда көретініміздей, - өкіметтің сырқаты, ол әдетте өзін қолдап отыратын
наным-сенімдердің әлсіреуінен асқынады.
Соған қарамастан күш, бұл салада, сөз жоқ, маңызды рөл атқарады. Мемлекет тек
мылтықты адамға сүйеніп қана қоймайды, онсыз мемлекет жоқ. Осынау күш
феномендерінің iшiнeн қоғамның тұрпатына қарай өзгеріп отыратын бірнеше элементті
бөлiп көрсету қажет.
а) Тәндік мәжбүрлеу. Таза түрінде қара күш басымдығынан көрінеді. Балалардың немесе
бұзақылардың табынының басында бұлшық eтi бұлтылдаған бірey тұрғанда, билік
жүргізудің ең қарапайым фeнoмeнi бой көрсетеді. Осындай қарабайыр күш әкенің балаға,
күйеуінің әйеліне, мұғалімнің оқушыға билігінен де байқалады.
Алайда неғұрлым күрделі және неғұрлым өркениятты қоғамда физикалық күш
материалсызданады және интеллектуалданады: бір жағынан, ептілік пен ақыл, екінші
жағынан - техника мен ұйым іске қосылады. Осы заманғы мемлекеттер шеңберінде,
мысалы, физикалық мәжбүрлеу қылмыстық процедуралар мен полициялық акциялардың
неғұрлым нәзік пошымына ие болды, бұл орайда терең өзгерістерге ұшырай қойған жоқ:
басқарушылар мен басқарылушылар арсындағы жанжалда соңғы cөздi бірiншілep айтады,
өйткені олар екіншілерді өз ырқына күшпен мәжбүрлеп көндіре алады. Барлық
мемлекеттердің қылмыстық кодекстері мен полициялық практикасында бар абақтылар,
азаптаулар (азаптаудың жеңіл пошымы ретінде "қол жұмсау"), физикалық мәжбүрлеу