Page 5 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. М. Дюверже. САЯСИ ИНСТИТУТТА

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
қарайды: алайда ал батыс адамының наным-сенімдеріне терең сіңген. Сондықтан оны
жеке қарастыру қажет.
Екінші жағынан, ұлт-мемлекет ұғымы, яғни өкімет барынша жақсы ұйымдастырылған
және барынша толық жүзеге асырылатын әлеуметтік кеңістік ұғымы өз позициясын ұдайы
нығайтып келе жатқан федералистік теория тарапынан өршеленген шабуылға ұшырауда.
Мемлекеттің біршама құнсыздануы біздi билік қолында тұрған өкіметтер туралы мәселе
қойып, мемлекетті басқарып отырғандарды әртүрлі әлeyмeттiк топтарға жетекшілік
ететіндермен салыстыруға міндеттейді.
[...] Аталмыш проблема бұл арада теориялық тұрғыдан емес, фактылар тұрғысынан
қарастырылатынын еске саламыз. Біз өкімет дүние мен адамның бір немесе басқа
тұжырымдамасына логикалық, доктриналық жағынан сай негізделе ме дегенді анықтағалы
отырған жоқпыз. Бiз тек өкіметтің нақты тұғырларын баяндап, талдауға ғана тырысамыз.
Мәселе өкіметке бағыну керек пе немесе жоқ па деп қойылып отырған жоқ. Бiз адамдар
шынында қай шамада бағынады және бұл қандай нақты себептермен болады дегенді
білгіміз келеді.
Осындай түрде қойылған сұраққа жауап беру оңай емес. Саяси ғылымның бұл iргелi
проблемасы мейлінше күрделі мәселелердің бірi: егер ол толық анықталса, саяси ғылым
өзінің басты мақсатына - билік табиғатын тануға қол жеткізген болар еді. Бipақ оған дейін
әлі талай бар. Сондықтан төменде келтірілетін толғамдардың көп бөлiгi біршaмa
жалпылама және жеткілікті гипотезалық сипатта болады.
Баяндауға ыңғайлы болу үшін өкімет тұғырының екі үлкен категориясының арасын
ажыратып алайық: бір категорияға мәжбүрлеуден туындайтын тұғырлар, екіншісіне -
наным-сенімдерге жақын тұғырлар жатады. Алайда бұл топтастырып жіктеу тым
еркіндеу: наным-сенім шындап келгенде мәжбүрлеу элементі ретінде пайдаланылады, ал
мәжбүрлеу наным-сенімге байланыстан тыс, таза түрінде өте сирек қолданылады.
Шындығында мәжбүрлеу мен наным-сенім өкімет тұғыры ретінде бір-бірiмeн тығыз
байланысты. Бiз кез-келген қоғамдық феномен секілді өкімет те адамдар өкімет жөнінде
жасаған идеологиямен, мифтермен, ұжымдық түсініктермен етене байланысты деп
қайталаудан жалықпаймыз.
[...] "Мәжбүрлеу" термині бұл арада жеткілікті деңгейде кең, демек, анықтала қоймаған
мағынада пайдаланылады: ол индивид жөнінде сыртқы ықпал болып табылатын, оған
билеушілерге бағыну бағытында қысым жасайтын фактор атаулыны нобайлайды. Әңгіме
таза материалдық және күшпен (полиция немесе армия) мәжбүрлеу туралы, салттардың
қысымы немесе насихаттың ықпалы болып табылатын психологиялық немесе
психикалық-әлеуметтік мәжбүрлеу туралы бола алады.
Қорыта келіп, мәжбүрлеудің осынау пошымдарының iшiнен жалпы әлеуметтік қысымды,
өкімeт тарапынан жасалатын материалдық қысымды, өкіметті насихаттауды (немесе көз
жеткізудің көмегімен мәжбүрлеу: анестезиямен мәжбүрлеу) бөліп көрсетуге тырысайық.
[...] Біз қандай да бір әлеуметтік топтың басшыларына, жалпы алғанда топ мәжбүрлеуге
итермелейтіндігінің пәрменімен бағынамыз: бедел, өкімет ең алдымен осынау дәйексіз
ұжымдық мәжбүрлеуге негізделеді, оны бастан өткеретіндер оны мәжбүрлеу деп әрқашан
түсіне бермейді; айтпақшы, адамдардың мәжбүрлеуге бойы үйренуіне қарай ол солар үшін
табиғи нәрсе секілді болып кетеді. Конформизм өкіметке бағынудың ipгeлi кездерінің бірi
болып табылады.