Page 4 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. М. Дюверже. САЯСИ ИНСТИТУТТА

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
алады, бірақ солар ғана емес. Оның үстіне құқықта ненің тиімді қолданыла алатынын,
ненің ондай eмecтiгiн айыра білу керек. Заң заңгерлік нұсқау, Конституция нақты
нәрсенің көpiнici емес, бірақ нақты нәрсені реттеу әрекеті, ешқашан толық іске аспайтын
әрекет.
Бiз, осылайша "саяси институттар" терминінің дәл мағынасын көpiп отырмыз. [...] Мұның
өзі бұдан былай біз саяси институттарды заңгерлік тұрғыдан талдауды ұстанбай, оны
неғұрлым толық та ауқымды әлеуметтік сипаттағы талдауға, саяси ғылымға тән талдауға
кіргізуге тиіспiз деген сөз; [...] Бұл жаңа бағдар ipгeлi екі салдарды ерте кeлeдi:
a) бірiншi - ол дәстүрлі зерттеулер өpicін кеңейте түсуге жeтeлeйдi: бұдан былай біз құқық
регламенттеген саяси институттарды ғана емес, құқық толық немесе iшiнapa ескермейтін,
құқықтан тыс өмір cүpeтiн институттарды: мысалы, саяси партиялар, қоғамдық пікірді,
насихатты, баспасөзді, "қысым топтарын" және т.б. зерттей аламыз;
ә) екінші - жаңа бағдар дәстүрлi зерттеу өрістің iшiндe көзқарастарды өзгертуге
міндеттейді: тіпті құқық регламенттеген - Конституциямен, немесе оны толықтыратын
заңдармен орнатылған - саяси институттардың өздері eндi заңгepлiк тұрғыдан зерттелуге
тиicтi емес; бұдан былай олардың қай шамада құқыққа сәйкес қызмет ететінін, одан қай
шамада сытылып кететінін анықтауға тырысу керек; олардың заңгерлік мәтіндер беретін
теориялық маңызын талдаумен шектелмей, фактыларға сүйеніп, шынайы маңызын
анықтау қажет.
[...] Аталмыш сәтте аталмыш елде қызмет атқаратын саяси институттар жиынтығы "саяси
режимді құрайды; [...]
"Жалпы теория" деген тіркесті біз философиялық емес, ғылыми мағынада қолданамыз.
Әңгіме алдын ала белгіленген құндылықтар жүйесінде қандай саяси режим ең жақсысы
деген абстрактты толғамдар туралы емес, орын алып отырған саяси режимдерді, олардың
ортақ белгiлepi мен айырмашылықтарын анықтау және соның негізінде, жалпы
қаншалықты мүмкін болса, олардың жасандылықтан соншалық қашық типологиясын
жасау мақсатында салыстырмалы зерттеу туралы болып отыр.
Ықпалды, билікті философиялық немесе метафизикалық көзқарастар тұрғысынан
қарастырмаймыз. Бұл билік теориялық жағынан ақтала ма әлде ақталмай ма, парасат
тұрғысынан бір адамдардың екіншілерін билеп-төстейтіні жөн бе деген сұрақ та
қоймаймыз. Өкіметтің болуы барлық адамзат қоғамдастықтарында, әcipece ұлттық
мемлекеттерде - ұлттарда белгіленген: сол өкімет қандай практикалық құралдармен өзін
сыйлауға, қандай тәсілдермен мойынсұнуға мәжбүр ететінін қарап көреміз. Бұл үшін
билік табиғатын қарастыратын доктриналардың бipiншi дәрежелі маңызы бар: олар
өкіметтің өзін тыңдатуға қол жеткізетін тәсілдерінің бірi (немесе, керісінше, мұндай
тыңдауға кедергі жасайтындардың бірi). Өкімет жай ғана материалдық факт емес,
Дюркгейм айтқандай, "зат", оған идеялар, наным-сенімдер, ұжымдық түсініктер мейлінше
өзек болған. Өкімет туралы адамдардың не ойлайтыны оның ipгeлi негіздерінің бірi болып
табылады.
Сол наным-сенімдер мен ұжымдық түсініктер арасында құқық идеясы осы заманғы,
әcipece этатикалық қоғамдарда ipгeлi рөл атқарады. Осы заманғы адамдар үшін
мемлекеттeгi билік құқықтық пошымда, құқықтық процедураларға сәйкес жүзеге
асырылға тиic: өкімет әлдене құқық тұжырымдамасына сай келуге тиіс. Өкімет пен
құқықтың мұндай байланысына КСРО-да, коммунистік ілімдерде ұдайы күдікпен