99
мақтау сөзімді естімей жатып. Көнесің енді, қарағым, және мен бұл жігітекті
мақтағанда сен оған қызғанба. Ал оның мәртебесіне өте-мөте мақтау сөз айтқым келіп
тұр менің.
Солай, Алкивиад! — деді Агафон дауысын көтере. — Бұл орында қалуға маған
мүлде болмайды, Сократ менің мәртебеме мақтау сөз айтуы үшін мен міндетті түрде
орын ауыстыруға тиіспін.
Әншейінгі жағдай, — деді Алкивиад. — Сократ отырған жерде сұлуға басқаның
көз тастауына жол жоқ. Міне қазір де ол оп-оңай Агафонды өз қасына алудың сенімді
бір уәжін тапты.
Бұдан соң Сократтың қасына барып қисаю үшін Агафон орнынан тұрады. Бірақ кенеттен
есікке көңілді серуеншілердің үлкен бір тобы тақап келіп, оның ашық тұрғанын көрген
соң, — дәл сол кезде әлдебіреу шыққан болуы керек,— үйге сау етіп кіреді де,
думаншылардың арасына сіңісіп кетеді. Сол-ақ екен сұмдық айқай-шу көтеріліп, шарап
суша төгіліп, еш тәртіпсіз ішіс басталады. Аристодемнің айтуы бойынша, Эриксимах,
Федр және біраз басқалары үйді-үйлеріне қайтады, ал оның өзі болса ұйықтап қалып,
түндер ұзарған кез болатын, ұзақ ұйқыға басады.
Таң ата, әтештер шақырып жатқан кезде, ол оянса, кейбіреулері ұйықтап, енді біреулері
үйлеріне тарқап кеткен екен, ал тек Агафон, Аристофан мен Сократ қана әлі ұйықтамай,
үлкен шишадан, оны солдан оңға қарай шеңбер бойынша жылжыта отырып ішіп және де
Сократ олармен әңгімені соғып жатыр екен. Оның барлық айтқандары Аристодемнің
есінде қалмапты, себебі олардың қалай басталғанын естімепті және соған қоса қалғып-
шүлғып отырыпты. Ал әңгіменің тоқ етері, деді ол, бір ғана адамның өзі комедияны да
трагедияны да шығара білуі тиіс екенін және шебер трагикалық ақын соншама комик
ақын да болуы керек екенін мойындауға Сократ екеуін де көндіргенінде екен. Екеуі де
оның айтқандарына соншама бойламай-ақ осыны мойындауға мәжбүр болады: екеуін де
ұйқы басып, алдымен Аристофан, ал одан кейін таң әбден атқан шақта Агафон да ұйқыға
кетеді. Сократ, олар ұйықтап қалған соң, тұрады да кетіп қалады, ал Аристодем болса, өз
әдетінше, оның соңына ереді. Ликейге келген соң, Сократ жуынып, күннің қалған
уақытын әншейіндегідей өткізіп, кешкісін демалуға үйіне аттанады.
МЕМЛЕКЕТ
Сократ, Главкон, Полемарх, Фрасимах, Адимант, Кефал
Бірінші кітап
[Сократ]. Кеше мен Аристонның ұлы Главконмен құдайға сыйыну үшін Пирейге бардым,
сонымен қатар ол жерде мен оның мейрамды қалай өткізетінін көргім келді, өйткені ол
бірінші рет өткізіліп отыр ғой. Меніңше, жергілікті тұрғындардың салтанатты шеруі
тамаша болған сияқты, бірақ фракийліктердің шеруі одан кем түспеді. Біз сыйынып, бәрін
тамашалап, қалаға қайттық.
Біздің үйге қайтып бара жатқанымызды алыстан көріп, Кефалдың ұлы Полемарх, өзінің
малайына бізді қуып жетіп, оны күте тұруымызды сұрауды бұйырды. Малай менің артқы
жағымнан плащымнан тартып:
Полемарх күте тұруларыңызды сұрайды, — деді.
Мен бұрылып, ол қайда деп сұрадым.
Ол әне, осылай қарай келе жатыр, сіздер күте тұрыңдаршы.
Жарайды, біз күтеміз,— деді Главкон.