Page 100 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

100
Біраздан соң Полемарх та жетті, онымен бірге Главконның ағасы Адимант, Никийдің ұлы
Никерат және тағы да біреулер бар, бәлкім, салтанатты шеруден келгендер болар.
Полемарх былай деді:
Меніңше, Сократ, сіздер қалаға қайтуға асығып тұрсыңдар-ау.
Сенің болжамыңда шындық бар,— дедім мен.
Сен біздің қанша екенімізді көріп тұрған жоқсың ба?
Қалайша көрмеске.
Сендерге біздің барлығымызды жеңуге немесе осында қалуға тура келеді.
Бізді қоя беру керек екендігін сендерге ұғындыратын басқа жол жоқ па?
Тіпті тыңдағысы да келмейтіндерді қалай сендіруге болады?
Болмайды, — деді Главкон.
Олай болса, біз сіздерді тыңдамайды деп есептей беріңдер.
Адимант былай деп қосты:
Сіздер кешке қарай құдайдың құрметіне шырақпен ат шабысы болатынын
білмейтін шығарсыздар?
Ат шабысы? — деп сұрадым мен. — Бұл бұрын болмаған жаңалық қой. Ат шабысы
кезінде бір-біріне шырақты беріп отыра ма? Мен сені дұрыс түсіндім бе?
Иә, солай, — деді Полемарх, — оған қосымша түнгі салтанаттар бар, ал олар
көруге тұрарлық. Кешкі тамақтан соң біз мейрамды көруге барамыз, ол жерде көптеген
жастарды көріп, олармен әңгімелесуге болады. Қалыңыздар, ойланбаңыздар. Главкон:
Қалуға тура келетін сияқты, — деді.
Егер сен келіссең, — дедім мен, — біз солай жасайтын шығармыз.
Біз Полемархтың үйіне барып, ол жерде Лисий мен Евтидемнің, оның ағаларының,
сонымен қатар, халкедондық Фрасимахтың, пэанийлық Хармантидтің және
Аристонимнің ұлы Клитофонттың үстінен түстік. Үйде Полемархтың әкесі Кефал да
болды — маған ол өте қартайған сияқты болып көрінді; оны көрмегелі де біраз уақыт
өтіпті ғой. Ол орындықтың үстінде жастықта, үйдің ішкі ауласында енді ғана құрбан
шалу рәсімінен келген соң, басына венок тағып отыр екен. Біз оның қасына жайғастық
— оның айналасында әртүрлі жұмсақ орындықтар бар екен.
Кефал мені көре сала мынадай сөздермен қарсы алды:
Сен, Сократ, біздің Пирейде жиі қонақ болмайсың. Оның бекер. Егер мен
баяғыдағыдай күш-қуатты болсам, саған бұл жерге келіп әуреленудің де қажеті болмас
еді, біз саған өзіміз келер едік; ал енді сен мұнда жиірек келіп тұруың керек: менің
тәніммен байланысты құмарлықтарым барынша бәсеңдеп, азайған сайын әңгімелесуге,
одан алатын ләззаттарым соншалықты көбейгеніне сені сендіремін. Мына
жасөспірімдермен әңгімелесуден қашпа, бізге келіп тұр, біз екеуіміз доспыз, жақын
таныс емеспіз бе?
Дұрыс қой, Кефал,— дедім мен,— маған жасы кемелденген адамдармен әңгімелесу
жаныма жағады. Олар біз енді жүріп өтетін жолды бізден бұрын өтіп кеткен,
сондықтан, меніңше, олардан сол жолдың қандай екенін — тайғақ па, қиын ба немесе
оңай, жеңіл ме, — соны сұрап білу керек. Әсіресе, сенен, ақындардың сөзімен
айтқанда, кәріліктің табалдырығында тұрған уақытта, өмір қиын болып көріне ме,
соны білгім келеді, әлде басқаша айтасың ба?
Саған, Сократ, — деп жауап берді Кефал, — мен, Зевспен ант етемін, шындықты
айтайын. Менің жасымдағы адамдар, көбінесе ертедегі мақалды жақтап, бір ауыздан