98
Несторды және Антенорды, басқалары да табылуы мүмкін, салыстыруға болады; және де
басқалардың бәрін де дәл осы сияқты біреулермен салыстыруға болады. Ал Сократтың
өзінің жүріс-тұрысында да, сөздерінде де айырмашылығы соншама, бұрынғылардың да
қазір өмір сүрушілердің де арасында оған сәл де болса ұқсас адамды таппайсың. Оны —
оның өзін де, сөздерін де, — менің солай істейтінім сияқты, адамдармен емес,
силендермен және сықақгерлермен салыстыруға болады.
Айтпақшы, басында оның сөздері де бәрінен де бұрын сыры бірте-бірте ашылатын
силендерге ұқсас екендігін ескертпеппін. Шынында да, егер Сократты тыңдай қалсаң,
алғашқы сәтте оның сөз саптауы күлкілі болып көрінеді: оның қолданатын сөздері мен сөз
тіркестері сондай бір арсыз сықақшының терісін еске салатын болады. Оның тілінің
ұшында ылғи сында әлдебір жүк есектері, ұсталар, етікшілер және бояушылар тұрады,
және де ол әрқашан бір ғана сөздермен жалғыз ғана бір нәрсені айтатындай болып
көрінеді, сондықтан да кез-келген тәжірибесіз және жеңілтектеу адам оның сөздерін
күлкіге көтеруге даяр тұрады. Бірақ егер де олардың мәнін ашып, астарына үңілетін
болсаң, онда алдымен тек солар ғана мазмұнды екенін, ал сонан соң бұл сөздердің
құдіреттілігін, олардың астарында рақымшылықтың көптеген кескіндемелері жатқанын
және көптеген, дәлірек айтқанда, жоғары бекзаттыққа жетемін деген кісі айналысатын
барлық мәселелерге қатынасы бар екенін көресің.
Міне, достар, Сократты мақтап және, екінші жағынан, оны даттап, себебі сөз арасында
сіздерге оның мені ренжіткені туралы да әңгімелеп бердім, менің айтарым осы. Ол, расын
айту керек, тек менімен ғана емес, сонымен бірге Хармидпен де, Главконның ұлы,
Эвтидеммен де, Диколдың ұлы, көптеген басқалармен де дәл солай еткен: оларды
алдаусыратып, ол алдымен өзін олардың бас ұрары ретінде ұстайды, ал содан соң бас
ұрардан гөрі өзі махаббат көзіне айналады. Саған да, Агафон, оның қармағына түсіп
қалып жүрме деп, ал біздің тәжірибемізден хабардар болған соң да, "Жас баланы үйреткен
ащы тәжірибе" деген мәтелдің үдесінен шығып кетпес үшін, сақ бол деп кеңес беремін.
Соңғы сахналық көрініс
Алкивиад аяқтағанда бәрі де оның ашықтан-ашық мойынсұна сөйлегеніне орай күлісіп
алды, себебі ол әлі де Сократқа ғашық сияқты болып көрінген еді. Ал Сократ былай деді:
Байқаймын, Алкивиад, сен мүлде мас емессің. Әйтпесе осының бәрін не үшін
айтқаныңды күркелеу үшін, және, бұл туралы соңында байқамағансып қана еске салып
кеттің ғой, мен басқа ешкімді де емес сені ғана сүюге тиіспін, ал Агафонды тек сен
ғана, басқа ешкім де емес, сүюге тиіссің деп есептеп, барлық өз сөзіңді мені мен
Агафон арамызға от салуға бола айтпағандай болып, осыншама олай да былай қулыққа
салып айналшақтамас едің ғой. Бірақ сенің бұл қулығың іске аспай қалды, сенің сықақ-
силендік драмаңның мағынасы айдан да анық. Оның көздегеніне қолын жеткіздірмей
бақ, қымбатты Агафон, байқа, біз екеумізді ешкім де араздастырмасын.
Әлбетте, сенікі жон, Сократ, — деді Агафон. — Сірә, ол сені мен менің ортамызға
жайғасқанда - ақ екеумізді бір-бірімізден айыруды көздеген ғой. Мен ендеше оның
ызасына саған қарай өтіп, қасыңа жайғасайын.
Әрине, менен төменірек, міне мында жайғассын, — деді Сократ.
О Зевс! — деді Алкивиад лепіре. — Ол тағы да маған деген өз қатынасын көрсетті!
Әманда мені мұқатуды өзінің парызы санайды. Бірақ онда Агафон екеуміздің арамызға
жайғассын, елден ерек сен бір адам!
Жоқ, олай болмайды, — деді Сократ. — Сен мақтау сөзіңді маған арнап айттың
ғой, ал мен өз кезегімде оң жақтағы көршімді мақтауға тиіспін. Егер де Агафон сенен
төменірек жайғасса, онда ол мені екінші рет мақтауға тиіс болады, менің оған деген