95
естуіме болар еді ғой. Міне менің өз сұлулығым жөнінде қандай әсіре пікірде болғаным.
Осындай ойлармен мен бірде жанымдағы серігімді, бұған дейін мен онсыз Сократпен
кездескен емес едім, жібердім де, Сократпен көзбе-көз қалдым, — мен сіздерге, болғаны
болсын, барлық шындықты жайып-ақ салайын, сондықтан ұқыпты болыңыздар, ал сен,
Сократ, егер өтірік айтсам, жөндерсің мені.
Сонымен, достар, біз екеуміз оңаша қалдық та, мен алдын-ала қуанып, ол енді-енді
менімен ғашықтар оңашада өз сүйіктілерімен қалай сөйлессе, солай сөйлеседі ғой деп
тостым. Бірақ ондай ештеңе бола қойған жоқ: менімен күні бойы кәдуілгідей әңгімелесті
де, ол кетіп қалды. Бұдан кейін мен оны бірге гимнастикалық жаттығулар жасауға
шақырдым, бірге жаттығып жүріп, мұнда өз көздегеніме жетемін бе деген үмітпен.
Жаттығу үстінде ол қасымызда ешкім болмаған кездері де менімен жиі күресетін. Не
сонда? Сонымен бәрі тынды. Бұл жолда да ештеңеге қолым жетпеген соң, мен оған
тікелей шабуылға көшіп, бастағанымнан қайтпай, түптің-түбінде мұндағы гәптің неде
екенін білуге бел байладым. Сонда мен оны бірге кешкі тамақ ішуге шақырғаным бар, —
дәл бір сүйіктісіне тұзақ құрған ғашықтайын. Тіпті осы өтінішімді де ол бірден
орындамай, бірақ түптің-түбінде менің шақыруымды қабыл алған болатын. Ол бірінші рет
келгенде тамақтан кейін ол қайтпақ болған соң, мен ұялғанымнан сол жолы оны жібердім.
Екінші рет шақырғанымда тамақтан кейін онымен түннің бір уағына дейін оны-мұны
айтысып, енді ол қайтпақ болып жиналғанда, уақыттың кештігіне сілтеп, мен оны қалуға
көндірдім. Ол менімен көршілес төсекке, тағамдасқанда да сонда жайғасқан болатын, жата
кетті, бұл бөлмеде бізден басқа ешкім де ұйықтамап еді...
Менің бұған дейін хабарлағанымды кімге де болсын батыл айтуға болады, ал міне ар
жағын сіздер менен естімеген болар едіңіздер, егер де, біріншіден, шарапта шындық
болмаса демекші, және де бүл тек балалармен ғана емес, оларсыз да, ал екіншіден, егер де
Сократтың, оған мақтау сөз айтуға кіріскен екенмін әйтеуір, кереметтей қылығын айтпау
маған әділсіздік болып көрінбесе. Оған қоса мен қазір өзімді жылан шағып алған адамдай
сезінемін. Кімде кіммен мұндай бола қалса, ол өзінің сезімдері жөнінде тек мұны басынан
кешкендерге ғана айтады дейді, өйткені тек солар ғана ол ауырғанынан не істеп, не қойса
да оны түсінуге және кешіруге қабілетті болады екен. Ал мен өзімді кімнен де болсын
қаттырақ шағылғандай сезінемін, және де ең сезімтал жерімнен — жүрегімнен, жанымнан
— қалай десеңіздер де орынды, жас әрі жеткілікті түрде дарынды жандарға жыланнан да
қаттырақ қадалатын және де не болса соның бәрін істеуге және айтуға мәжбүрлейтін
философиялық сөздермен шағылып, жараланғандаймыз. Екінші жағынан, менің алдымда
қазір, Сократтың өзін айтпағанда, Федр, Агафон, Эриксимах, Павсаний, Аристодем,
Аристофан сияқты адамдар және тағы басқалар отырсыздар: сіздер бәріңіз де
философиялық құлшынысқа әбден берілген адамсыздар, ал сондықтан бәріңіз де
тыңдаңыздар! Менің сонда не істегенімді, ал мен қазір сол туралы айтпақпын, сіздер
маған кешірерсіздер ғой деп сенемін. Ал қызметшілер мен басқа да түк сезбейтін
надандарға келетін болсақ, олар өз құлақтарын үлкен қақпақтармен жауып тастасын.
Сонымен, шам сөніп, қызметшілер шығып кеткен кезде, мен енді қулыққа баспай, оған өз
пиғылдарымды еш бұқпасыз айтуға шештім.
Сократ, сен ұйықтап жатырсың ба? — деп сұрадым мен, оны сәл жұлқылап.
Жоқ әлі, — деді ол.
Менің ойым неде екенін сен білесің бе?
Неде? — деп сұрады ол.
Менің байқауымша, — дедім мен, — сен маған лайықты деген жалғыз
табынушысың, және де, меніңше, бұл туралы менімен сөйлесуге батылың бармайтын
сияқты. Ал маған салсаңыз, менің түсінгенімше, сенің мұныңнан бас тартуым барып