Page 94 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

94
тебірендірмейді. Ал сені немесе сенің сөздеріңді басқаның тіпті ең нашар деген
баяндауында тыңдағанымызда, біздер бәріміз — еркектер де, әйелдер де,
жасөспірімдер де — дүр сілкінісіп әрі елігіп қаламыз.
Ал маған келетін болсақ, достар, мен, егер сіздерге мүлде мас болып көрінуге
қорықпағанда, оның сөздерін естігенде қандай сезімдер баурағанын және қазір де әлі
баурайтынын ант ішіп тұрып сіздерге айтып берер едім. Оны тыңдағанда жүрегім жынша
ойнақтайтын корибандтарға қарағанда әлдеқайда күштірек соғады, ал оның сөздерінен
көзімнен жас ағады; басқалардың көбімен де, менің байқағанымдай, дәл солай болады
екен. Периклді және басқа да әйгілі шешендерді тыңдағанымда, мен оларды тәп-тәуір
сөйлейді деп тапқанмын, бірақ дәл бұған ұқсас ештеңені де сезбеген едім, жаным менің
құлдық өміріме налып абыржып - сасқан емес-ті. Ал мынау Марсий мені жиі осындай
күйге түсіретін — мен өмір сүргендей өмір сүруге енді болмайтын сияқты болып
көрінетін маған. Және сен, Сократ, мұны шын емес деп айта алмайсың. Мен қазір де, оны
тыңдай бастасам - ақ болғаны, өзімді-өзім ұстай алмайтынымды және дәл сондай күйге
түсінетінімді өте жақсы білемін. Өзімнің барлық кемшіліктеріме қарамай-ақ менің өзімді-
өзім күйттемейтінімді және афиналықтардың істерімен айналысатынымды ол маған
мойындатпай қоймайды той. Сондықтан мен оны қасақана тыңдамаймын және одан,
сиреңдерден қашқандай, аулақ жүремін, әйтпесе мен қартайғанға дейін одан алыстап кете
алмаймын. Және тек жалғыз оның алдында ғана, менен міне ешкім де күте қоймайтынға
— ұяттық сезіміне батамын. Мен одан ғана ұяламын, өйткені оның берген тәлім-тәрбиесін
қалай да жоққа шығара алмаймын, ал одан алыстап кетсем болғаны көпшілік көрсететін
сый-құрметтен мен бас тарта алмай қаламын. Иә, иә, мен одан қашықтаймын, қашамын, ал
оны көргенде мен ұялып қаламын, себебі мен оның айтқандарымен толық келіскен едім
ғой. Және де кейде ол жарықтан мүлдем тайып кетсе екен деп те тілеймін, екінші
жағынан, бұлай бола қалса, әлдеқайда көбірек қайғыға душар болатынымды мен өте
жақсы білемін де. Бір сөзбен айтқанда, бүл адамға қалай қатынасарымды мен өзім де
білмеймін. Міне өзінің сыбызғысының үнімен бұл сықақгер маған және көптеген
басқаларға қандай эсер тигізетінін осыдан-ақ біліңіздер. Енді мен салыстырғанға оның
қалайша ұқсас екендігін және қандай таңқаларлық күші бар екенін тыңдаңыздар.
Сеніңіздер, сіздердің ешқайсыңыз оны білмейсіздер, ал мен, әйтеуір бастаған екенмін,
оның қандай екенін сіздерге жайып салайын.
Сократтың сұлуларды сүйетінін, әрқашан солармен бірге болуға ұмтылатынын, соларға
таң-тамаша болатынын, сонымен бірге оған ештеңе де белгісіз және ештеңені де
түсінбейтін сияқты болып жүретінін, сіздер көресіздер. Мұнысымен ол силенге ұқсамай
ма? Ұқсайды, және қалай тағы? Ол өзіне осындай түрді әдейілеп қана жамылады,
сондықтан да ол силеннің қуыс мүсініне ұқсайды. Ал егер оны ашсаңыздар, қаншама
пайымдылықты сіздер табар едіңіздер оның ішінен, қымбатты дәмдестер! Иә сіздерге
белгілі болсын, адамның сұлу ма, сұлу емес пе екендігі оған мүлде маңызсыз, жұртшылық
басына көтеретіндей бай ма және әлдебір басқа артықшылықтарға ие ме — мұның оған
қаншалықты дәрежеде немқұрайды екендігін сіздер тіпті елестете де алмайсыздар. Барлық
бүл құндылықтарды ол түкке тұрғысыз деп санайды, біздің өзімізді де түк те емес деп
санап, бірақ мұны айтпағанымен, айтпайды да, ол өмір бойы өтірік өзін-өзі кемсітумен
адамдардың басын қатырып келеді.
Ол шынымен ашылғанда оның ішінде тығулы жатқан мүсіндерді көрген біреу-міреу бар
ма, білмеймін, ал менің бір ретте көргенім бар, сонда маған олардың құдайдай керемет,
алтыннан жасалған, әдемі, таң қаларлықтай болып көрінгендігі сондай, мен көп ұзамай
Сократ не талап етсе соны жасауға бел байладым. Ол менің гүл жарған сұлулығыма
қызығуда ғой деп ойлап, мен мұны бақытыма біткен дарын және өзімнің үлкен сәттілігім
деп санадым: Сократқа көніп барып, сол сұлулығым арқасында оның білетінінің бәрін