Page 93 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

93
ал сөзіңді айтқан жоқсың. Сондықтан, сенің сөз айтқаның, әділ болар еді, айтып болған
соң Сократқа әлдебір аманат тапсырғаның, ал ол сосын оң жақтағы өз көршісіне
тапсырса, және тағысын солай.
Мұның бәрі керемет, — деп жауап қатты Алкивиад, — бірақ мас адам шешендікке
келгенде мас емес адаммен тайталаса алмайды. Ал бұдан әрі, қымбаттым менің,
Сократтың қазір айтқанының бәріне сен сеніп қалдың ба? Сен білмеуші ме едің: ол
мұнда не айтса да, бәрі дәлме-дәл керісінше болмақ. Мен оның көзінше оны емес,
басқа біреуді, құдайды ма адамды ма, мақтасам болды, ол бірден қол жұмсай
бастайды.
Бұдан да үндемегенің артық еді, — деді Сократ.
Жоқ, сен не айтсаң да, — деп қарсы сөйледі Алкивиад,— сен тұрғанда,
Посейдонмен ант ішейін, мен ешкімді де мақтамаймын.
Мейлің,— деді Эриксимах, — онда Сократты мақтап бер.
Сен не, Эриксимах! — деді Алкивиад лепіре сөйлеп. — Шынымен, мен оған бас
салып, сіздердің көздеріңізше кегімді алуға тиіспін бе?
Тыңдашы, — деді Сократ, — осы сенің ойыңда не бар? Сен өз мақтау сөзіңде мені
күлкіге айналдыруға бел байлағаннан саумысың?
Мен шындықты айтпақпын, тек рұқсат етсең болғаны.
Шындықты, — деп жауап берді Сократ, — айтуға мен рұқсат етіп қана қоймаймын,
мен бұйырамын да.
Алкивиадтың сөзі: Сократқа арналған панегирик
Жарайды, екі етпейін, — деді Алкивиад. — Ал сен міне былай істеші. Мен өтірікті
айтуым мұң, егер қаласаң, бірден тоқтатып, менің өтірігімді шығар, — әдейілеп өтірік
айту менің ойымда жоқ. Бірақ егер менің сөзімнің қисыны келмей жатса, ал бұл
жадыма байланысты, таң қалмассың. Сенің оғаш қылықтарыңды бір тәртіп бойынша
тізбелеп шығу оңай емес, және де менің мынау күйімде.
Сократты, достарым менің, салыстырулар арқылы мақтауға тырысамын. Ол, әрине, мен
оны күлкіге ұшыратпақпын деп ойлар, бірақ мен салыстыруларды мүлде де күлкі үшін
емес, ақиқатқа бола қолданбақпын.
Меніңше, ол бәрінен де мүсіншілердің шеберханаларында тұратын, ал суретшілер
қолдарына әлдебір сыбызғыны немесе сырнайды ұстатып кескіндейтін силендерге
көбірек ұқсайды. Егер мұндай силенді ашып қалатын болсаң, онда оның ішінен
құдайлардың мүсіндері табылады. Осылай міне, Сократ, меніңше, сықақшыл Марсийге
ұқсайды. Силендерге сырттай ұқсайтыныңды, Сократ, сенің өзің де, тегі жоққа шығара
қоймассың. Ал оларға басқа жағынан да ұқсас екендігің жөнінде сен тыңдап көр.
Айтшы, сен дөкір адамсың ба, жоқ па? Егер сен растап жауап бермесең, менде
куәгерлер табылады. Одан әрі, сен сырнайшы емес пе едің? Сырнайшысың, және де
Марсийға қарағанда таңырқауға әлдеқайда лайықтырақ сырнайшысың. Ол адамдарды,
қазір де оның әуендерін ойнайтындардың кез келгені сияқты, өз аузының күшімен,
аспаптың көмегіне сүйене отырып, қайран қалдыратын. Олимп ойнаған әуендерді де
мен, турасын айтқанда, оның ұстазы ретіндегі Марсийге жатқызамын. Мінеки, тек
Марсийдің әуендері ғана, оларды жақсы сыбызғышы жігіт немесе жаман сыбызғышы
әйел ойнай ма бәрібір, тыңдаушыларды бірдей баурап алады, және де өздеріне
құдайлылық тән болғандығының арқасында құдайлар мен құпия сырларға
мұқтаждарды дөп басады. Сен Марсийден еш аумайсың, тек қана сол жеткенге еш
аспапсыз сөзбен-ақ жетесің. Мысалы, біз басқа бір шешеннің сөзін тыңдағанда, тіпті
тым жақсы шешенді болсын, бұл, шынын айтқанда, біздің ешқайсымызды да