Page 90 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

90
түсінеді. Осыны ұғынып ол барлық әдемі денелерді сүйетін болады, ал сол жалғызға,
мұндай әсіре махаббат түкке тұрғысыз әрі ұсақ деп санап, суынып қалады. Бұдан кейін ол
жан сұлулығын тән сұлулығына қарағанда жоғарырақ бағалайтын болады, сөйтіп егер
оған, соншалықты өзі гүлдей жайнап тұрмағанымен жаны жақсы адам кездесе қалатын
болса, ол әбден риза болып, оны сүйіп, өз қамқорлығына алады, сөйтіп өсімтал
жасөспірімдерге жарасты пікірлерді туғызуға тырысып, сол арқылы еріксізден еріксіз
әдет-ғүрыптар мен салт-дәстүрлер сұлулығын танитын болады және, барлық бұл сұлулық
өзара туыстас екенін көріп, дене сұлулығын әлдебір түкке тұрғысыз деп санайтын болады.
Әдет-ғүрыптардан бұлардың да сұлулығын көру үшін ол ғылымдарға көшуі тиіс және
сұлулыққа, енді оның көп бейнелілігіне ұмтыла отырып, бұдан былай әлдебіреудің
тартымдылығының, әлдебір балақайдың, адамның немесе мінез-құлықтың сұлулығына
тұтқындалған іске алғысыз әрі аянышты құлы болмауы тиіс, қайта түптің-түбінде осында
күш алып әрі әбден жетіліп барып, әдемілікке қатынасты бірден-бір білімге көзін
жеткізгенше, сұлулықтың телегей-теңізіне бұрылуы тиіс, және де оны даналыққа деген
мойымас ынтамен аңдай отырып, кереметтей сөздер мен ойларды молынан тудыруы тиіс,
және міне қандай әдемілікке... Енді, — деді Диотима, — мені мейлінше зейін сала
тыңдауға тырыс.
Махаббат жолына түсуге үйренуші кімде-кім әдемілікті дұрыс тәртіппен аңдайтын болса,
бұл жолдың ақырына дейін жеткен ол кенеттен табиғаты бойынша таңқаларлық әдемі
әлденені, бұған дейінгі барлық еңбегі не үшін жұмсалса, Сократ, соның өзін көреді, —
біріншіден, мәңгі, яғни тууды да, өлуді де, өсуді де, өшуді де білмейтін әлденені, ал
екіншіден, бірде әдемі, ал бірде сұрықсыз болатынды емес, әлде қашан, әлде қайда, әлде
біреу үшін және әлде немен салыстырғанда әдемі, ал басқа уақытта, басқа жерде, басқа
үшін және басқамен салыстырғанда сұрықсыз болатын әлденені емес. Бұл әдемілік оның
алдына әлдебір бет, қол не басқа бір дене мүшесі түрінде емес, әлдебір сөз немесе білім
түрінде емес, әлдебір басқа, жануар ма, Жер ме, аспан ба не тағы бірдеңе ме, әлдене де
емес, қайта өзді-өзі болып, әрқашан өз-өзідегі бірегей қалпында шыға келеді; әдеміліктің
барлық басқа түр-түрілерінің бұған деген қатынастығы былай: олар пайда болады және
өледі, ал ол көбеймейді де, азаймайды да және ешқандай да әсерлерді бойына
дарытпайды. Жасөспірімдерге деген дұрыс махаббаты арқасында әдеміліктің жекелеген
түр-түрілерінің үстінен шығып, әдеміліктің өзін тани бастаған кісі, сол, бәлки, мақсатқа
әбден жақын таяйды.
Махаббатта,— өзің немесе әлдекімнің басшылығымен,— міне қандай жолмен жүру керек:
әдеміліктің кейбір көріністерінен бастап, ылғи сында, әдеміліктің тап өзіне бола сатылап
көтерілу керек — бір әдемі денеден екеуіне, екеуден — баршасына, ал одан кейін әдемі
денелерден әдемі әдет-ғұрыптарға, ал әдемі ғұрыптардан әдемі ілімдерге, бұл ілімдерден
әдеміліктің өзі туралы ілімге көтерілгенге дейін, сөйтіп түптің-түбінде, әдемілік
дегеніміздің не екенін танып білгенге дейін. Тек әдеміліктің өзді-өзін аңдап қана,
қымбатты Сократ, — деп жалғастырды мантинеяндық әйел,— өмір сүре алады оны көріп
қалған адам. Оны көрген соң сен оны алтындалған киіммен де, сұлу ер балалар мен
жасөспірімдермен де салыстырмас едің; ал оларды көргенде көптеген басқалар сияқты сен
де кенет шаттыққа бөленесің ғой, және де өз сүйіктілерін аймалап, олардан алыстап
кетпейтін солар сияқты, егер де бұл қаншама да мүмкін болса, жемеуге және ішпеуге де,
ал тек жатпай-тұрмай соларға қарап және солармен болуға сен де келісер едің ғой. Егер де
әлдекімге,— деп сұрады ол,— әдеміліктің тап өзін мөп-мөлдір, таза, еш қоспасыз
қалпында, адам тәнінен, бояулардан және әрқилы басқа өткінші сандырақтардан құлан
таза күйінде көруге жазса, егер де осы құдайлық әдемілікті оның бар бірегейлігіне көруге
болса, онда не болар еді? Шынында да, — деді ол, — оған қадалып көзін тіккен, оны
нақтылы түрде андап, одан айрылыспайтын адам, аянышты ғұмыр кешеді деп ойлайсың
ба сен? Оның елесті емес ақиқатты танитындығы себебінен әдемілікті әдемілік ретінде